Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
- Атауы (қаз.)
- Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 08.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2013 AI58885_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006931
- ЭКБ идентификаторы
- 58885
- Редакция идентификаторы
- AI58885_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау критерийлерін бекіту туралы
«Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3) және 4 тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бақылау критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А. Қазыбаев):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бақылау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6267 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау критерийлері
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 8 сәуірдегі
№ 96 бұйрығымен бекітілді
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау критерийлері
1
1. Осы Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бақалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Тауар биржалары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау қадағалау туралы»және Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау үшін, субъектілерді әр-түрлі тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленген.
2 2. Осы Критерийлерде тәуекел деп тауар биржалары қызметінің нәтижесінде биржалық саудаға қатысушыларға мүліктік залал келтіру ықтималдылығы түсіндіріледі.
3 3. Тауарлық биржаның тәуекел дәрежесі бойынша топқа жатқызылуы бастапқы және кейінгі бөлу жолымен жүзеге асырылады.
3 3. Бастапқы кезеңде қазіргі және жаңадан құрылған тауар биржалары жоғары тәуекел тобына қосылады.
4 4. Бұдан әрі жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тауар биржалары осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес алған баллдың жиынтығына байланысты тәуекел дәрежелеріне бөлінеді:
60 балл және одан жоғары – тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.
30-дан - 60 баллға дейін – тәуекелдің орташа дәрежесіне жатады;
0-ден - 30 баллға дейін – тәуекелдің елеусіз дәрежесіне жатады;
5 5. Тексеру нәтижесінде бұзушылық болмаған жағдайда тауар биржасы тәуекелдің аз дәрежесіне ауыстырылады.
0 Тәуекелдерді дәрежесін бақылау критерийлері
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар
биржалары туралы Қазақстан
Республикасындағы заңнаманы
сақтауда тәуекел дәрежесін бақылау
критерийлеріне Қосымша
Нысан
Тәуекелдерді дәрежесін бақылау критерийлері
р/с №
Критерийлер
Баллдар
1.
Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа да түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес)
10
2.
Тауар биржасының кемінде үш мүшелерінің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес)
10
3.
Биржа саудасы ережелерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес)
10
4.
Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес)
20
5.
Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тауар биржасы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес)
20
6.
Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгілеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес)
20
7.
Клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес)
30
8.
Нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламаны қамтамасыз етудің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес)
30
9.
Құпиялылық (жасырын) тәртібін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес)
30
10.
Тауар биржасында биржалық төреліктің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес)
30
11.
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтамауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес)
60
12.
Тауар биржасының қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделеріне пайдалану («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес)
60
13.
Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес)
60