Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан

Бұйрық · № 158 · қабылданған 18.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58902/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 158 ·18.03.2011
31.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 158 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по выдаче разрешения на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
18.03.2011
Көрсетілген редакция
31.01.2012 AI58902_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006893
ЭКБ идентификаторы
58902
Редакция идентификаторы
AI58902_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:50

0 Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру рәсімін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

5 Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 18 наурыздағы
№ 158 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және көліктік бақылау мәселелері бойынша уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - аумақтық орган) Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді реттейді.

2 2. Аумақтық органдардың лауазымды тұлғалары рұқсат беруді жүзеге асыра отырып, Заңды және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.

3 3. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер пайдаланылады:

1 1) аумақтық орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы;

2 2) лауазымды тұлға – Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын қызметкер.

1 1. Рұқсат беру

4 4. Ішкі және аралас (өзен-теңіз) кемелеріне:

1 1)осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесінің өтініші;

Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын нақты пайдалану мерзіміне бюджетке сома төлеуді бір күнтізбелік айға төлем мөлшерінен кем емес енгізгендігін растайтын құжат негізінде рұқсат беріледі.

5 5. Рұқсатты аумақтық орган Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына кеме иесі өтінішін қабылдаған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде береді.

6 6. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген ұсынылатын құжаттар сәйкес келмеген және анықталмаған кезде өтiнiш берушіге өтініш алынған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

7 7. Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану мерзімін көрсете отырып, осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық орган беретін рұқсат құжатымен расталады.

8 8. Рұқсат, оның берілуі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді есепке алу журналында (бұдан әрі - Есепке алу журналы) тіркелуге жататын құжат болып табылады.

9 9. Рұқсат кеме иесіне Есепке алу журналына қол қоюымен беріледі.

20 Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі өтініш

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат
беру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
Көліктік бақылау комитетінің
аумақтық органының басшысы
«__________________»
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi,
басшының тегi, аты, әкесiнiң аты /жеке тұлғаның
тегi, аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы)
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі өтініш
Кеменің атауы мен түрі ______________________________________________
Жоба нөмірі _________________________________________________________
Мемлекеттік кеме тізілімі бойынша кеменің тіркелу нөмірі ____________
жүзу ауданы _________________________________________________________
толық атауы мен кеме иесі (лер)нің мекенжайы ________________________
сыйымдылығы (жалпы, тір.тонна) ______________________________________
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану мерзімі _____________________________________________________________
өтініш берушінің қолы ______________
күні ________________
М.О. (заңды тұлғалар үшін)

21 Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану құқығына РҰҚСАТ РАЗРЕШЕНИЕ на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат
беру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын пайдалану құқығына РҰҚСАТ РАЗРЕШЕНИЕ на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан
№ ______________
Кемеге берілді ______________________________________________________
Выдано судну (кеменің аты / название судна)
1. Кеменің деректері ________________________________________________
Данные судна
1) кеменің түрі _____________________________________________________
тип судна
2) жобаның нөмірі _______________, тіркелу нөмірі ___________________
номер проекта регистрационный номер
3) тіркелу орны _____________________________________________________
место регистрации
4) сыйымдылығы (жалпы) ______________________________________________
вместимость (валовая)
2. Жүзу ауданы ______________________________________________________
Район плавания (жүзу жүзеге асырылатын ішкі су жолдары учаскесінің атауы / название
участка внутренних водных путей, где осуществляется плавание)
3. Пайдалануға рұқсат етілді: 20__ жылғы «___» ____бастап 20__ жылғы « __» ____ дейін
Пользование разрешается: с по
4. Кеме иесінің (лерінің) атауы,
мекен-жайы және телефоны ____________________________________________
Наименование, адрес и телефон судовладельца (ев)
5. Рұқсатты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің ____________________________
аумақтық органы берді / Разрешение выдано территориальным органом
Комитета транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
20__ жылғы «______» _________________
(күні / дата) (айы / месяц)
М.О.
М.П
____________ __________________________ Көліктік бақылау комитетінің
(қолы / подпись) (аты-жөні / Ф.И.О.) аумақтық органының басшысы
Руководитель территориального
органа Комитета транспортного
контроля

22 Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді есепке алу журналы / Журнал учета выдачи разрешений на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының
кеме қатынайтын су жолдарын
пайдалану құқығына рұқсат
беру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беруді есепке алу журналы / Журнал учета выдачи разрешений на право пользования судоходными водными путями Республики Казахстан
Рет­тік нө­мі­рі
Өті­ніш­тің ке­ліп түс­кен кү­ні
Ке­ме ие­сі-өті­ну­ші­нің ата­уы, ме­кен­жайы және СТН-і
Ке­ме­нің аты (тү­рі, ке­ме­нің тір­ке­лу нө­мі­рі)
Жү­зу ауда ны
1 жал­пы ре­ги­стр­лік тон­на үшін ай­лық тө­лем став­ка­сы 0,26 х АЕК / ай­мен көр­се­ті­л­ген на­ви­га­ция ке­зе­ңі, (тең­ге)
Ке­ме қа­ты­най­тын су жол­да­рын пай­да­ла­ну мер­зі­мі (ай­мен)
Ке­ме­нің сый­ым­ды­лы­ғы (тір­ке­лім­дік тон­на)
Тө­лем со­ма­сы (6х7х8 ба­ған­дар) және тө­лем кү­ні
Рұқ­сат 200__ жыл­ды­ң_____ ба­ста­п______ дей­ін бе­ріл­ді
Рұқ­сат қа­ға­зын ың нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні
Рұқ­сат­ты ал­ға­ны ту­ра­лы Өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы
№ п/п
Да­та по­ступ­ле­ния за­яв­ле­ния
На­и­ме но­ва­ние, ад­рес и РНН су­до­вла­дель­ца – за­яви­те­ля
На­зва­ние суд­на (тип /ре­ги­стра­ци­он­ный но­мер суд­на)
Рай­он пла­ва­ния
Ме­сяч­ная став­ка пла­ты за 1 ре­ги­стро вую тон­ну:0,26 х 1МРП /пе­ри­од на­ви­га­ции в ме­ся­цах (тен­ге)
Срок поль­зо­ва ния су­до­ход­ных вод­ных пу­тей (ме­сяц)
Вме­сти­мость суд­на (ре­ги­стро­вая тон­на)
Сум­ма пла­ты (гра­фы 6х7х8) (тен­ге) и да­та опла­ты
Ре­зре­ше­ние вы­да­но на срок с___ по____200_ го­да
Но­мер раз­ре­ше­ния и да­та вы­да­чи раз­ре­ше­ния
Под­пись За­яви­те­ля о по­лу­че­нии раз­ре­ше­ния
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

Қолданыстағы