Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы проверочного листа при осуществлении государственного контроля в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о товарных биржах
- Атауы (қаз.)
- Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 08.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2013 AI58904_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100006925
- ЭКБ идентификаторы
- 58904
- Редакция идентификаторы
- AI58904_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:36
0 Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1 тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А. Қазыбаев):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. «Тауар биржалары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6268 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 8 сәуірдегі
№ 95 бұйрығымен
бекітілді Нысан
Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
(№, дата)
Бақылау субъектісінің атауы __________________________________________
_____________________________________________________________________
СТН (ЖСН/БИН) _______________________________________________________
Субъектінің мекен-жайы_______________________________________________
р/с №
Талаптар тізбесі
1.
Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа да түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес)
2.
Тауар биржасының кемінде үш мүшелерінің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының2-тармағына сәйкес)
3.
Биржа саудасы ережелерінің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес)
4.
Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдың бөлімшелердің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес)
5.
Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша тауар биржасы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес)
6.
Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгілеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес)
7.
Клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес)
8.
Нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес)
9.
Құпиялылық (жасырын) тәртібін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің болмауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес)
10.
Тауар биржасында биржалық төреліктің болмауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес)
11.
Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру мүмкін еместігі туралы талаптарды сақтамауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес)
12.
Тауар биржасының қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделеріне пайдалану («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес)
13.
Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауы («Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес)
Мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру парағын алғаны туралы белгісі:
20___жылғы "___"________ __________________________________
(А.Ә.Т., лауазымы, қолы)