Құжат мәтініне өту

Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қаулы · № 134 · қабылданған 22.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58907/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 134 ·22.04.2011
27.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 134 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
134
Қабылданған күні
22.04.2011
Көрсетілген редакция
27.05.2013 · қолданыстағы 58907_193999.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SM000141
ЭКБ идентификаторы
58907
Редакция идентификаторы
58907_193999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:30

0 Уәлиханов ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және жұмыс берушілердің берген өтініштері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның кәсіпорындары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыздық көлем мөлшерінде мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында мүгедектер үшін жеке жұмыс орындарын ескерсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Н. Жолдыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы