Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения

Қаулы · № 33 · қабылданған 25.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58912/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·25.03.2011
24.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельного размера годовой эффективной ставки вознаграждения
Атауы (қаз.)
Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
25.03.2011
Көрсетілген редакция
24.12.2012 AI58912_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006947
ЭКБ идентификаторы
58912
Редакция идентификаторы
AI58912_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:48

0 Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 1-тармағына және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 1-тармағына сәйкес және екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер беретін банк заемдары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер беретін банк заемдары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді ставкасы 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

Банк заемы шартын, микрокредит беру шартын, кредиттік шартты жасау, банк заемын, микрокредитті немесе кредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты сыйақы ставкасы өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді ставкасы осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Зерттеу және статистика департаменті (Шайқақова Г.Ж.):

1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан шағын қаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.

4 4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Зерттеу және статистика департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Төрайым __________ Е. Бахмутова
2011 жылғы 11 сәуір

Қолданыстағы