Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра

Қаулы · № 523 · қабылданған 17.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58932/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра Күшін жойған Қаулы ·№ 523 ·17.05.2011
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра

Күшін жойған Қаулы ·№ 523 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра
Атауы (қаз.)
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
523
Қабылданған күні
17.05.2011
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI58932_12.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000523
ЭКБ идентификаторы
58932
Редакция идентификаторы
AI58932_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:20

0

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;

2 2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;

3 3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi.

2 2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды.

3 3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары;

2 2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;

3 3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау операторы жүзеге асыратын iс-қимылдар;

4 4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар;

5 5) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi;

6 6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторының қызметкерi;

7 7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнің техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.

4 4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – көлiк құралдары) мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi:

1 1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау;

2 2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағиданың 41-тармағында белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу;

3 3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету;

4 4) көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады.

5

5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және оның дипломатиялық иммунитетi бар қызметкерлерiне, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға тиесiлi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс жөнiндегi ұйымдар арқылы жүргiзiледi.

6

6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлердi ұрысқа әзiрлiктiң жоғарғы дәрежесiне көшiрген кезде көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру жергiлiктi әскери басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен техникалық байқау операторымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 747 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.

2 2. Мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру тәртiбi

7 7. Мiндеттi техникалық байқауды көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, бiрақ көлiк құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, техникалық байқау операторлары жүргiзедi.

8 8. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауын өткiзуді техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау операторлары жүзеге асырады.

9 9. Техникалық байқау операторлары жария шарт негiзiнде қызмет көрсетедi.

10 10. Көлiк құралдарының иелерi:

1 1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;

2 2) Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық байқаудан өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады;

4 4) техникалық байқау операторларына техникалық байқау операторлары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi;

5 5) мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

11 11. Мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық байқау операторына мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

2

2) жеке тұлғалардың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар.

12 12. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қолжетiмдi жерде жабдықталады:

1 1) техникалық байқау операторының жұмыс режимi;

2 2) техникалық байқау операторының қызмет өңiрi;

3 3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесi;

4 4) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары;

5 5) техникалық байқау операторының тарифтерi.

13 13. Техникалық байқау операторы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды.

14 14. Техникалық байқау операторы:

1 1) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау процесінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды;

2 2) пайдаланатын өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйiнiң және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi;

3 3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн есепке алу және беру журналында мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер бланкiлерiн жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;

4 4) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады;

5

5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негiзiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi.

15 15. Техникалық байқау операторларына:

1 1) көлiк құралының иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын әзірлемей мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруден бас тартуына;

2 2) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуіне;

3 3) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуіне жол берілмейді.

16 16. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды.

17

17. Көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуді мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық бiлiмi бар көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң технологиясын және диагностикалау технологиясын және әдiсiн игерген техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.

18 18. Техникалық байқау операторлары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз етедi.

19 19. Техникалық байқау операторы елдi мекендердiң атауы, техникалық байқау операторымен көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқау жүргiзу күнi және орны туралы мәлiметтердi қамтитын, қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi – кесте) әзiрлейдi.

20 20. Кесте техникалық байқау операторларының тiзiлiміне енгізу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қызмет өңірі шегінде жергілікті атқарушы органға келiсуге ұсынылады.

Кестені кейіннен жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

21 21. Жергілікті атқарушы орган келісуге ұсынылған кестенi түскен күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.

22 22. Кестенi жергілікті атқарушы органмен келiскен күнінен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы қызмет өңiрiндегі халықты кесте туралы хабардар етеді.

23 23. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы санын көрсете отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн (бұдан әрi – куәлiк бланкiлерi) беру туралы өтiнiшпен көлiктiк бақылау органына жүгiнедi.

24 24. Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiштi көлiктiк бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде қарайды.

Куәлік бланкілерін беру туралы өтінімді қарау қорытындысы бойынша көліктік бақылау органы бір жұмыс күні ішінде техникалық байқау операторының электронды мекенжайына куәлік бланкілерін беру туралы жазбаша хабарламаны немесе дәлелденген бас тартуды ұсынады.

25 25. Куәлiк бланкiлерiн беру бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн бланктiк өнiмдi өткiзу қызметi үшiн төлемнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.

26 26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көлiктiк бақылау органы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналын жүргiзедi.

27 27. Техникалық байқау операторларының мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тартуға негiзi:

1 1) көлiк құралы иесiнiң осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы;

2 2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге ұсыну;

3 3) мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауға ұсыну болып табылады.

28 28. Осы Қағиданың 27-тармағында көрсетiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тарту негiздерiнiң бiрi анықталған жағдайында техникалық байқау операторы көлiк құралы иесiне ол туралы тез арада хабарлайды.

3 3. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу тәртiбi

29 29. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауы техникалық байқау операторларының стационарлық және ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады.

30 30. Мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бiрлiктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.

31 31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлi хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық байқау желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi.

32 32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi:

1 1) роликтiк тежеуiш стендiсi;

2 2) люфтомер;

3 3) газ анализатор және түтiн өлшегiш;

4 4) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы;

5 5) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi.

33 33. Көлік құралдарының санатына байланысты көлік құралдарының тежеуіштін басқаруын тексеру мынадай роліктік тежеуіш стенділерінде жүргізіледі:

1 1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес;

2 2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес;

3 3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес;

4 4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна.

34 34. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi:

1 1) орнатылған өлшеу жүйесi;

2 2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi;

3 3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi;

4 4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi;

5 5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi;

6 6) тежеуiш стендiнде тексеру кезiнде жүк көлiк құралының роликтік секциясына көтеру мүмкiндiгiн немесе бiлiгiне жүктеменi имитациялауды қамтиды.

35 35. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды:

1 1) СО және СН газ анализатор;

2 2) Lambda коэффициентiн өлшеу;

3 3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу.

36 36. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды:

1 1) фарлардың барлық түрiн тексеру;

2 2) жарық күшiн тексеру.

37 37. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

38

38. Техникалық байқау операторлары көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткізуді көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процестеріне сәйкес жүзеге асырады. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің технологиялық процесі әрбір стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желілері үшін анықталған әдістерін және көлік құралдарымен олардың құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйінің осы Қағидамен және «Автомотокөлік құралдары. Міндетті техникалық байқау. Бақылаудың әдісі.» 1811-2011 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартымен (бұдан әрі – 1811-2011 ҚР МС) белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру бірізділігін қамтиды. Техникалық байқау орталығының аумағына және үй-жайына қойылатын талаптар 1811-2011 ҚР МС белгіленеді.

39 39. Мiндеттi техникалық байқау өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi.

40 40. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң дайындық кезеңiнде:

1 1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы белгiленедi;

2 2) көлiк құралының түсi белгiленедi;

3 3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi;

4 4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы белгiленедi;

5 5) алынған қорытындылар көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiмен салыстырылады (салғастырылады).

41

41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының  конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:

1 1) тежеуiшті басқаруды:

тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақта тұру тежеуіш жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін;
блоктауға қарсы тежеуіш жүйелері сигнализаторларының жұмыс істеуі;
тежеуіш жүйелерінің элементтерінің жай-күйі және тежеуіш жетегінің тұмшалануы

2 2) рульдi басқаруды:

руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуi;
жалпы люфтi;

3 3) көру:

көру аясы;
әйнектердiң жай-күйi;
артқы көру айнасының жай-күйi және бекітілуі;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;

4 4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:

алыс және жақын фаралар;
алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
тежеуіш сигналдары;
бұру сілтегiштерi;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыратын кiшкене лампалары;
авариялық сигнализация (көлік құралының конструкциясымен көзделген жағдайда);

5 5) дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

шиналар бұжыртабанының тозуы және зақымдалуы;
аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, аспа иiнтiрегiшiнiң, шарнир элементтерінiң) механикалық жай-күйi;
доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының жай-күйі, олар бекітілетін элементтердің бар болуы;

6 6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:

түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
көлiк құралының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты) салоны мен кабинасында зиянды заттардың болуы;
тiркеу құрылғыларының;
еденнiң (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының (тек автобустарға, шағын автобустарға және таксиге қатысты);
бамперлердің, шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi;

7 7) өзге де жабдықтың:

қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының;
өрт сөндiру құралдарының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
авариялық тоқтау белгiлерiнiң;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының (тек автобустарға, шағын автобустарға, таксиге және қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына қатысты);
дыбыстық сигналының;
спидометрдiң бар болуы, жай-күйі мен жұмыс істеуі;

8 8) қоршаған ортаға әсер ететін факторлар:

пайдаланылған газдар;
жанармайдың және пайдаланылатын сұйықтықтардың ағуы (моторлық және трансмиссиялық май, тежеуіш, гидравликалық және суытатын сұйықтық).

42 42. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының қандай да бiр бөлiгiн ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.

43 43. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының жарамдылығын бақылау үшiн) тексерiледi.

44 44. Жүк автомобильдерiнiң, тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйiн тексеру толық жүктеме кезiнде жүргiзiледi.

45

45. Көлiк құралына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқау операторы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрi – диагностикалық карта) жасайды, оның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту туралы куәлiк оның қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi.
Көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері бірыңғай диагностикалық картаға қалыптастырылады.

46 46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлiк құралының иесiне берiледi.

47 47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.

48 48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау операторы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз тасығышта және электрондық түрде жүргiзедi.

49

49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-әрекетін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтанады.

50 50. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1 1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық қамтамасыз етудiң болуы;

2 2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстеу;

3 3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады.

51 51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықпен көлiк құралының бекіту құралынан тұрады.

Көлік құралының тежеуiш жүйесiн тексеру фото бекітілген роликтiк тежеуiш стендiсiмен қамтамасыз етіледі. Фото бекіту құралы роликтiк тежеуiш стендiсiнде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және автомобильдің алдынғы білігі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Міндетті техникалық байқаудан өткізу технологиялық үдерісі бейне бекіту құралымен тіркеледі. Бейне құралы барлық техникалық байқау желісі орналасуымен бір мезгілді шолумен қамтамасыз етеді.
Техникалық байқаудың операторы көлік құралдарының тексеру барлық рәсімін күн сайынға бейне файылы жазбасының мұрағаттық сақталуын 6 ай iшiнде қамтамасыз етедi.

52

52. Мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi, куәлiктердiң берiлген бланктерi туралы ақпарат берiледi.

53 53. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлдi деп саналады.

Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне диагностикалық картаның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк келесi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу күнiн көрсетiле отырып берiледi.

54 54. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген жоқ деп танылады.

Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiлген диагностикалық карта берiледi.

55 55. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық байқауды қайта жүргiзу үшiн ұсынады.

56 56. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi.

57 57. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау кезiнде бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында мiндеттi техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетiлген көрсеткiштер бойынша ғана жүргiзiледi.

Бұл жағдайда техникалық байқау операторы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшiн ғана төлемақы алады.
Қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргізу қорытындысы бойынша қайта мiндеттi техникалық байқау барысында тексерілген ұстанымдар бойынша диагностикалық карта құрастырылады.

58 58. Техникалық байқау операторларына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi.

59 59. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды.

60 60. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады.

61 61. Егер қайта мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi көрсетiледi.

Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті жоғалтқан кезде, техникалық байқау операторына көлік құралының міндетті техникалық байқауын өткізбей міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Техникалық байқау операторы дереу көлік құралының міндетті техникалық байқаудан өткізбей жоғалтқан мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігінің орнына мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлігін беруін жүзеге асырады.
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің іс-әрекет мерзіміне беріледі.
Көлік құралының иесі міндетті техникалық байқаудан өткені туралы жоғалған куәліктің орнына міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті бергені үшін техникалық байқау операторына бланктік өнімді іске асыру қызметіне төлеу құны мөлшерінде ақы төлеуді жүргізеді.
Көлік құралының меншік иесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда көлік құралын тіркеу орны бойынша жол полициясының тіркеу бөлімшесі көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру кезінде бір уақытта міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікке тиісті өзгерістерді енгізуді жүргізеді.

62

62. Техникалық байқау операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы дерекқорды күнделiктi (өсу нәтижесiмен) резервтi көшiрудi, сондай-ақ мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараты бар дерекқор көшiрмелерiн мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесiмен) ұйымдастырады. Дерекқор көшiрмелерi үш жыл бойы сақталады.

63 63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимiнде мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.

64 64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күнтiзбелiк екi күнде бiр рет мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.

65

65. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өтулерiн есепке алу, көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау туралы ақпаратты салық қызметi органдарына беруге және есебiн жүргiзу үшiн арналған.

66 66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.

67 67. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толтыру талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi.

68 68. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

69 69. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

0.1 Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн есепке алу және беру журналы

Механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргiзу қағидасына
1-қосымша
Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн есепке алу және беру журналы
Р/с

Мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кенi ту­ра­лы ку­әлiк ал­ған же­ке тұл­ға­ның Т.А.Ә. неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
АКҚ мар­ка­сы мен мем­ле­кет­тiк нө­мiрi
Мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кен күнi
Мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кенi ту­ра­лы берiл­ген ку­әлiк блан­кiсiнiң №
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6

0.2 Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы

Механикалық көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мiндеттi
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргiзу қағидасына
2-қосымша
Міндетті техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы
Р/с

Уәкiлет­тi ор­ган­нан алын­ған мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кенi ту­ра­лы ку­әлiк блан­кiлерiнiң № ба­стап № дей­iн және са­ны
Тех­ни­ка­лық бай­қау ор­та­лы­ғы­на берiл­ген мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кенi ту­ра­лы ку­әлiк блан­кiлерiнiң № ба­стап № дей­iн және са­ны
Мiн­дет­тi тех­ни­ка­лық бай­қа­удан өт­кенi ту­ра­лы ку­әлiк блан­кiлерiнiң тех­ни­ка­лық бай­қау ор­та­лы­ғы­на берiл­ген күнi
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5

1 Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі

1 1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:

1 1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл және одан асатын;

2 2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;

3 3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.

2 2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.

3 3. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.

4 4. Жүк автомобильдері және оларға тіркемелер меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық байқаудан әрбір 12 ай сайын өтеді.

5 5. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.

2 № ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Нысаны
№ ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
Беткі жағы
Тех­ни­ка­лық бай­қау опе­ра­то­ры
(опе­ра­тор­дың ата­уы мен ме­кен­жайы):
Ба­стап­қы тек­се­ру
Қай­та­лап тек­се­ру
Ди­а­гно­сти­ка­ла­на­тын кө­лік құ­ра­лы­ның фо­то­су­ре­ті
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі­нің бел­гі­сі:
Кө­лік құ­ра­лы­ның ие­сі
Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (VIN):
Мар­ка­сы, мо­де­лі:
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы:
Кө­лік құ­ра­лы­ның тір­ке­лу ку­ә­лі­гі (се­ри­я­сы, нө­мі­рі):
Ша­нақ нө­мі­рі:
Ра­ма нө­мі­рі:
Қоз­ғалт­қы­шы­ның нө­мі­рі:
Кө­лік құ­ра­лы­ның са­на­ты:

Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­ле­рі және қой­ы­ла­тын та­лап­тар

Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­ле­рі және қой­ы­ла­тын та­лап­тар

Тек­се­рі­ле­тін па­ра­метр­ле­рі және қой­ы­ла­тын та­лап­тар
I. Те­же­гіш жүй­е­ле­рі
13
Рет­теу бұ­ры­шта­ры мен фар­лар жа­ры­ғы кү­ші­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
26
Ас­па түй­ін­де­рі мен бөл­шек­те­рі­нің жай-күйі, сон­дай-ақ олар бе­кі­ті­ле­тін жер­лер­де қоз­ға­лы­стың (кон­струк­ци­я­мен көз­дел­ме­ген) және лиф­тер­дің бол­мауы
1
Жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­сі іс-қи­мы­лы­ның ти­ім­ді­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі
14
Жа­рық ас­пап­та­ры ша­шы­рат­қы­шта­ры­ның бұ­зы­лу­ла­ры мен жа­рық­шақ­та­ры­ның бол­мауы
VI. Қоз­ғалт­қыш және оның жүй­е­ле­рі
2
Те­же­гіш кү­ш­тер ай­ыр­ма­шы­лық­та­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
III. Кө­рі­ніс
27
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ны­л­ған га­з­да­рын­да­ғы ла­стан­дыр­ғыш заттар­дың бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
3
Тұ­ру­да­ғы те­же­гіш жүй­е­сі іс-қи­мыл­да­ры­ның ти­ім­ді­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кест­і­гі
15
Жел­қа­ғар әй­нек­тің әй­нек та­за­ла­ғы­шта­ры­ның бо­луы және жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­дың тү­т­ін­де­гіш­ті­гі­нің шек­ті рұқ­сат еті­л­ген дең­гей­і­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
4
Бл­ок­та­у­ға қар­сы те­же­гіш жүй­е­ле­рі сиг­нал­бер­гі­ші­нің жұ­мыс іс­те­уі
16
Жел­қа­ғар әй­нек­тің әй­нек жу­ғы­шта­ры фор­сун­ка­ла­ры­ның бо­луы және әй­нек жу­ғы­штың әй­нек жуу ай­ма­ғы­на сұй­ық­тық бе­ру­ді қам­та­ма­сыз етуі
29
Отын та­муы­ның және пай­да­ла­ну сұй­ық­тық­та­ры­ның там­шы­ла­у­ы­ның бол­мауы
5
Те­же­гіш же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­сы бұ­зы­луы­ның, қы­сым түс­кен те­же­гіш шланг­тер­дің іс­і­ну­і­нің, жа­рық­шақ­тар­дың, ысқы­лан­ған жер­лер­дің, гер­ме­ти­ка­ның жо­ға­луы­на неме­се қир­ау қа­у­пін төн­ді­ре­тін то­тығ­у­дың бол­мауы
17
Жүр­гі­зу­ші ор­ны­нан кө­рі­ні­сті шек­тей­тін қо­сым­ша заттар­дың неме­се жа­мы­л­ғы­лар­дың бол­мауы. Жел­қа­ғар әй­нек­тің жо­ғар­ғы бө­лі­гін­де­гі плен­ка жо­ла­ғы­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
30
Га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның гер­ме­ти­ка­лық жүй­е­сі­нің бұ­зы­лу­ла­ры­ның бол­мауы. Газ бал­лон­да­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
6
Те­же­гіш сұй­ық­тық­та­ры­ның та­муы­ның бол­мауы
18
Жел­қа­ғар әй­нек­тің, ал­дың­ғы бүй­ір­лік әй­нек­тің және ал­дың­ғы есік­тер әй­не­гі­нің жа­рық өт­кі­зу нор­ма­сы­на сәй­кест­і­гі
VII. Кон­струк­ци­я­ның бас­қа эле­мент­те­рі
II. Рул­дік бас­қа­ру
19
Жүр­гі­зу­ші жа­ғы­нан әй­нек та­за­ла­ғы­шпен әй­нек­тің жар­ты­сын та­за­лау ай­ма­ғын­да жел­қа­ғар әй­нек­те жа­рық­шақ­тың бол­мауы
31
Ды­быст­ық сиг­нал бе­ру ас­па­бы­ның жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
7
Рул­дік бас­қа­ру­да шек­ті мән­дер­ден жиын­тық люф­тың ар­туы­ның бол­мауы
20
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес арт­қы кө­рі­ніс ай­на­сы­ның бо­луы және жай-күйі
32
Бір ось­тік тір­ке­ме­лер­де (тар­қа­ту­ды қо­с­па­ған­да) және жұ­мыс те­же­гіш жүй­е­лер­мен жаб­дық­тал­ма­ған тір­ке­ме­лер­де жұ­мысқа қа­бі­лет­ті сақ­тан­дыр­ғыш құ­рал-сай­ман­дар­дың бо­луы
8
Рул­дік бас­қа­ру кү­шейт­кі­ші бар рул­дік доң­ға­лақ­тың бей­та­рап жағ­дай­дан өзді­гі­нен бұ­ры­луы­ның бол­мауы
V. Ши­на­лар, доң­ға­лақ­тар және ас­па­лар
33
Ав­то­мат­ты құлып­тың, ер­шік­ті-ілі­ніс құ­ры­л­ғы­сы­ның қол­дық және ав­то­мат­тық бл­ок­та­уы­ның жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
9
Рул­дік ба­ған­ның және рул­дік ме­ха­низм кар­те­рі­нің бе­кі­ту бөл­шек­те­рі­нің за­қым­да­нуы­ның бол­мауы және то­лық жи­нақ­та­лы­мы
21
Ши­на бұ­жыр­та­бан­да­ры су­ре­ті­нің би­ік­ті­гі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
34
Кө­лік құ­ра­лын жа­рам­ды қа­уіп­сіз­дік бел­бе­уле­рі­мен жа­рақ­тау
10
Қал­дық де­фор­ма­ция із­де­рі­нің, рул­дік ме­ха­низмде және рул­дік же­тек­те жа­рық­шақ­тар мен бас­қа да ақа­у­лар­дың бол­мауы
22
Корд­ты жа­ла­ңа­штай­тын бұ­жыр­та­бан­ның жер­гі­лік­ті ажы­ра­уы және ши­на­ның жер­гі­лік­ті за­қым­да­ну­ла­ры (те­сі­луі, ке­сі­луі, жыр­ты­луы) бол­мауы
35
Тұн­шық­тыр­ғы­штар­дың және тү­тін тү­тікте­рі­нің бо­луы
36
Спи­до­метр­дің жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
IV. Сырт­қы жа­рық­тық ас­пап­та­ры
23
Доң­ға­лақ дис­кі­ле­рі мен құр­са­у­ла­ры бе­кіт­пе­сі­нің бар­лық бұ­ран­да­ма­ла­ры мен со­мын­да­рын­ның бо­луы
37
Бам­пер­ла­ры­ның және доң­ға­лақ үсті­нің ла­ста­ну­дан қор­ғау құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бо­луы
11
Кон­струк­ци­яда көз­дел­ген орын­дар­да фар­лар­дың, сиг­нал фо­нар­ла­ры­ның бо­луы және ор­на­ла­суы
24
Доң­ға­лақ дис­кі­ле­рі мен құр­са­у­ла­рын­да жа­рық­шақ­тың бол­мауы
38
Са­лон еде­нін­де жа­рық­шақ­тар­дың бол­мауы, орын­дық­тар­дың се­нім­ді бе­кі­ті­луі, ав­то­бу­стар­да, ша­ғын ав­то­бу­стар­да және так­си­де орын­дық­тар­дың рет­теу ме­ха­низмде­рі­нің және бе­кіт­пе­ле­рі­нің жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі
12
Фар­лар­дың және сиг­нал­дық фо­нар­лар­дың жай-күйі, жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі және жұ­мыс ре­жи­мі
25
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кө­лік құ­ра­лы­на ши­на­лар­ды ор­на­ту
39
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін ава­ри­я­лық аял­дау бел­гі­сі­нің, өрт­сөн­дір­гіш­тер­дің және ме­ди­ци­на­лық қоб­ди­ша­ның бо­луы
Екінші жағы
Ди­а­гно­сти­ка­лау нәти­же­ле­рі
Сәй­кес­сіз­дік анық­тал­ған па­ра­метр­лер­ді тек­се­ру
Ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та пунк­ті
Тө­мен­гі ше­ка­ра
Тек­се­ру нәти­же­сі
Жо­ғар­ғы ше­ка­ра
Па­ра­метр ата­уы
Сәй­кес­сіз­дік анық­тал­ған па­ра­метр­лер­ді ви­зу­ал­ды тек­се­ру
Тек­се­ру затта­ры (то­рап, бөл­шек, аг­ре­гат)
Та­лап­тар­ға сәй­кес­сіз­дік маз­мұ­ны
Кө­лік құ­ра­лы­ның де­ректе­рі
Жүк­те­ме­сіз мас­са:
Рұқ­сат еті­л­ген ең көп мас­са:
Отын тү­рі:
Жү­рі­сі:
Жол қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лік /сәй­кес­сіз­дік ту­ра­лы қо­ры­тын­ды (қа­жет еме­сі сызып та­стал­сын)
сәй­кес ке­ле­ді
сәй­кес кел­мей­ді
Қай­та­лап тек­се­ру­ді та­лап ете­тін ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та пункт­те­рі:
Кү­ні:
Тех­ни­ка­лық са­рап­шы­ның Т.А.Ә:
Қо­лы:

Қолданыстағы