Об утверждении Правил прекращения железнодорожного сообщения по железнодорожным путям, являющимся государственной собственностью
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил прекращения железнодорожного сообщения по железнодорожным путям, являющимся государственной собственностью
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 554
- Қабылданған күні
- 21.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI58942_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000554
- ЭКБ идентификаторы
- 58942
- Редакция идентификаторы
- AI58942_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:19
0 Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
3 Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 мамырдағы
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібін белгілейді.
2 2. Темір жол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.
2 2. Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібі
3
3. Темір жол қатынасын тоқтатуды темір жолдарды магистральдық темір жол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді емес) екендігіне байланысты темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысы негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Ұлттық темір жол компаниясы уәкілетті органға жібереді.
Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, Ұлттық темір жол компаниясының мөрімен бекітіледі және тиісті темір жолдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын және тиісті бағыттағы көліктің балама түрлерінің болуымен жолаушыларды, багаждарды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемі туралы деректерді, магистральдық темір жол желісі операторы қызметінің пайдалану көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тиісті темір жол учаскесінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесін қамтуы тиіс.
Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысына:
1 1) темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме;
2 2) темір жол учаскесін күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындылығын растайтын экономикалық есеп, сондай-ақ қаржыландыру көлемін одан әрі пайдалану үшін қажетті ақпарат қоса беріледі.
4
4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы Ұлттық темір жол компаниясы берген материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.