Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расследования транспортных происшествий с судами, подлежащими государственной регистрации в судовой книге

Қаулы · № 555 · қабылданған 21.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58943/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил расследования транспортных происшествий с судами, подлежащими государственной регистрации в судовой книге Күшін жойған Қаулы ·№ 555 ·21.05.2011
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расследования транспортных происшествий с судами, подлежащими государственной регистрации в судовой книге

Күшін жойған Қаулы ·№ 555 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расследования транспортных происшествий с судами, подлежащими государственной регистрации в судовой книге
Атауы (қаз.)
Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
555
Қабылданған күні
21.05.2011
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI58943_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000555
ЭКБ идентификаторы
58943
Редакция идентификаторы
AI58943_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:19

0 Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасын бекіту туралы

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 мамырдағы
№ 555 қаулысымен
бекітілген
Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес қабылданған.

2 2. Қағида кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

3

3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізудің мақсаты мән-жайларды, себептерді, салдарды белгілеу, қатысты тұлғалардың іс-қимылын бағалау, оларды болдырмау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ авариялардың алдын алу жөнінде тиісті ұсынымдар дайындау болып табылады.

4 4. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) кемелерді су басу — корпустың суға толық батуы немесе корпусқа судың кіруі немесе аударылуы нәтижесінде жүзгіш қорлардың толық жоғалуы;

2 2) көліктік оқиға - кемемен болған, оны апатқа және теңізде жүзу қасиетін жоғалтуға, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, және теңіз инфрақұрылымы объектілерінің зақымдауына әкеп соқтырған оқиға;

3 3) теңізде жүзу қасиеті - кеменің жүзуде пайдалану жағдайларындағы әрекетін айқындайтын сипаттамаларының жиынтығы: жүзгіштігі, беріктігі, суға батпайтындығы, жүргіштігі, басқарушылығы.

5 5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) көліктік оқиғаны тергеу органы болып табылады.

6

6. Сауда мақсатында теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелерімен, ішкі су көлігі кемелерімен және өзенде-теңізде жүзу кемелерімен соқтығысуға байланысты көліктік оқиғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі тергейді.

7 7. Комитеттің аумақтық бөлімшесі көліктік оқиға туралы мәліметтерді осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке және көліктік прокуратураға дереу хабарлайды.

8

8. Нәтижесінде адам өлімі не ауыр дене жарақаттары болған көліктік оқиғалар не кемеден адамдар жоғалып кеткен, сондай-ақ кеменің толық конструктивтік қирауы, кемені су басуы, кеменің навигациялық жабдық құралдарын, теңіз инфрақұрылымы объектілерін зақымдап, оларды пайдаланудан шығаруға әкеп соқтыруы авария ретінде сыныпталады.

9 9. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілмеген басқа жағдайларда көліктік оқиға пайдалану оқиғасы ретінде сыныпталады.

10 10. Көліктік оқиғаны тергеудің жүргізілуін бақылауды Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы жүзеге асырады.

2 2. Көліктік оқиғаларды тергеу тәртібі

11 11. Көліктік оқиғаларды тергеу кемелердің жүзу ауданындағы көліктік оқиғалардың салдарын жоюға және кеме қозғалысын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға кедергі болмауға тиіс.

12 12. Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелермен болған көліктік оқиғаларды тергеу көліктік оқиға Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркелген сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

13 13. Аумақтық бөлімшенің қызметкері көліктік оқиғаны тергеу кезінде көліктік оқиға болған жерге келген соң, зақымдалған кемелер мен объектілерді тексеріп қарауды жүргізеді.

14 14. Комитеттің аумақтық белімшесінің қызметкері көліктік оқиғаның қатысушыларынан және куәгерлерінен жазбаша сұрау жүргізеді, оның барысында мыналар анықталады:

1 1) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің, шағын көлемді кемеге кеме билетінің болуын, шағын көлемді кемені жүргізушінің жүзу өтілі;

2 2) шағын көлемді кеме жүргізушісі оқиғадан кейін дереу адамдарға және кемелерге көмек көрсету үшін қабылдаған шаралары.

15 15. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қызметкері көліктік оқиғаға қатысқан кемелерді қарап, оның барысында мыналарды тексереді:

1 1) көліктік оқиғаның алдын алуда жай-күйі маңызды болған кеме құрылғылары мен аспаптарының жарамдылығы;

2 2) корпусы және оның су өткізбеушілік жағдайы;

3 3) бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері;

4 4) сигнал оттарының болуы мен олардың көрінуі.

16 16. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қызметкері көліктік оқиға орын алғанға дейінгі, ол орын алған уақыттағы және одан кейінгі кемелердің қозғалысы мен орналасуының схемасын құрастырады, бұл ретте көліктік оқиға кезінде орын алған жағдай мен факторлардың әсер ету деңгейін, атап айтқанда:

метереологиялық жағдайларды (көріну қашықтығы, желдің, жаңбырдың, тұманның, толқынның және басқа метеорологиялық факторлардың болуы);
оқиға болған ауданда басқа кемелердің болуы және олардың көліктік оқиға салдарына әсер етуін белгілейді.

17 17. Кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеуді жүргізуге байланысты барлық мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, арнайы сараптамалық комиссиялар зертханаларының құзыреті шегінде олармен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

18 18. Көліктік оқиғаны тергеу мынадай жағдайларда:

1 1) көліктік оқиғаға қатысы бар адамдарда күтпеген мән-жайлар (ауыру, іссапар және басқа себептер) туындаған;

2 2) сараптама, тәжірибе жұмыстарын жүргізу немесе кемелерді су басуына, олардың қирауымен байланысты көліктік оқиғаның мән-жайларын қосымша анықтау үшін;

3 3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының, құзыреті шегінде олардың құжаттарын, материалдарын және қорытындыларды ұсыну үшін Комитеттің шешімі бойынша күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

19 19. Кемелермен болған көліктік оқиғалардың себептерін білікті және дәйекті белгілеуді қамтамасыз ету үшін оларды тергеу кезінде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар, сараптамалық комиссиялар зертханаларының сарапшылары мен мамандарын тартады.

20 20. Сараптамалық комиссияны немесе көліктік оқиғалар бойынша жекелеген сарапшыларды Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы тағайындайды.

Сараптама тағайындалған кезде сараптамалық комиссиясының (сарапшының) алдына сараптама жүргізу барысында шешуге жататын нақты мәселелер қойылады, материалдар ұсынылады.

21

21. Сарапшылар болып жоғары немесе техникалық арнайы орта білімі бар және кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар адамдар (кеме жүргізушілері, кеме механиктері, электр механиктері, электр техниктері, радио техниктер, гидротехниктер, корабль жасаушылар, пайдаланушылар) және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметкерлері тағайындалады.
Сараптамаға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының келісімі бойынша көрсетілген ұйымдардың мамандарын шақыруға болады.

22 22. Сарапшылар өз міндеттерін орындау кезінде:

көліктік оқиғаларды тергеудің сараптамалық қорытындысы үшін қажетті материалдармен танысады;
кемелерді және олардың құрылғыларын қарап тексеруді жүргізеді, кеме механизмдерінің, жүйелерінің, құрылғыларының, аспаптарының және басқа жабдықтарының жұмыс істеуін тексереді.

23 23. Сарапшылар қорытындыда сараптамалық комиссиясының алдына қойылған барлық мәселелерге жауаптарды көрсетеді. Қойылған мәселеге егжей-тегжейлі әрі толық жауап беру мүмкін болмаған жағдайда сарапшылар бұған дәлелді түсінік береді.

3 3. Көліктік оқиғаларды есепке алу

24 24. Көліктік оқиғаны Комитеттің аумақтық бөлімшесі осы Қағидаға  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін Көліктік оқиғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі — Тіркеу журналы) тіркейді.

25 25. Тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және ол Комитеттің аумақтық бөлімшесінің мөрімен расталады.

4 4. Көліктік оқиғаларды тергеу материалдарын қарау тәртібі

26 26. Тергеу материалдары бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің тергеу жүргізген қызметкері көліктік оқиғаны сыныптайды және дәлелді қорытынды жасайды.

27 27. Тергеу қорытындылары бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесі көліктік оқиға туралы қорытынды жасайды, бір-бір данадан Комитетке және көліктік оқиғаға тікелей жол берген қатысушыларға жібереді.

28 28. Қорытындыда мынадай мәліметтер қамтылады:

1

1) көліктік оқиғаға қатысушылар туралы қысқаша мәліметтер (кемелердің атауы, қуаты, қозғалыс бағыты, кеме жүргізушілер және көлік оқиғасына басқа қатысушылар туралы мәліметтер, оларда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, лауазымы және жұмыс орны, шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігі туралы мәліметтер, шағын көлемді кемеге кеме билеті, жұмыс өтілі тіркелді);

2 2) көліктік оқиғаның уақыты және орны, навигациялық жабдықтың немесе теңіз инфрақұрылымы объектілерінің орналасуы және оларға кемелердің қатысы бойынша жағдайы;

3 3) көліктік оқиға мән-жайларының және ауа райы жағдайларының қысқаша сипаты, көліктік оқиғаға қатысы бар кеме жүргізушілері мен басқа адамдардың іс-қимылы, олардың алкогольдік, нашақорлық немесе уыттық мастануының болу жағдайы;

4 4) көліктік оқиғаның себептері;

5 5) кемелердің, жүзбелі объектілердің зақымдану орнын, мөлшері мен сипатын, жағалау объектілерінің немесе құрылыстарының зақымдануын, адамдардың ауыр дене жарақаттарын алуын, қаза болуын, кемеден жоғалып кетуін сипаттай отырып, көліктік оқиғаның салдары;

6 6) көліктік оқиғаның салдарын жою үшін пайдаланылған техникалық құралдар;

7 7) көліктік оқиғаға тікелей жол берген немесе оның туындауына ықпал еткен адамдардың тізбесі;

8 8) кемелердегі көліктік оқиғалардың болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар.

29 29. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің қорытындысы мен көліктік оқиға бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Комитет оларды қарайды, содан кейін шешім шығарады.

30 30. Кеме иесі, кеме жүргізушісі қорытындыны алғаннан кейін техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшесіне кемені кезектен тыс техникалық куәландыруға ұсынады.

58 Көліктік оқиға жөніндегі мәліметтер

Кеме кітабында
мемлекеттік тіркелуге жататын
кемелермен болған көліктік
оқиғаларды тергеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Көліктік оқиға жөніндегі мәліметтер

Ата­уы
Мә­лі­мет­тер
1
Кө­лік­тік оқи­ға жө­нін­де ха­бар­ла­ған адам (ұй­ым) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кү­ні, уа­қы­ты, Т.А.Ә, бай­ла­ныс тел.)
2
Кө­лік­тік оқи­ға­ның болған кү­ні және уа­қы­ты
3
Ке­ме­нің тір­кеу нө­мі­рі және тү­рі, ке­ме ие­сі, ке­ме жүр­гі­зу­ші­сі
4
Кө­лік­тік оқи­ға ор­ны­ның ко­ор­ди­на­та­ла­ры
5
Ке­ме қоз­ға­лы­сы­ның ба­ғы­ты
6
Ке­ме жүр­гі­зу­ші­сі мен ке­ме­де болған өзге адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
7
Ауа рай­ы­ның ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дайы
8
На­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тар­дың, те­ңіз ин­фра­құ­ры­лы­мы объ­ек­ті­ле­рі­нің бо­луы
9
Болған жағ­дай ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (кө­лік­тік оқи­ға­ның се­беп­те­рі, ке­ме­нің, на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тың, те­ңіз ин­фра­құ­ры­лы­мы объ­ек­ті­ле­рі­нің за­қым­да­нуы­ның бо­луы және си­па­ты, қа­за тап­қан­дар­дың, дене жа­ра­қа­тын ал­ған­дар­дың және ке­ме­ден жо­ға­лып кет­кен­дер­дің са­ны, қор­ша­ған ор­та­ны ла­стау)
10
Кө­лік­тік оқи­ға­ны ба­ға­ла­у­ға және кө­мек көр­се­ту мен за­рдап­тар­ды жою үшін тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды тар­ту қа­жет­ті­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін өзге мә­лі­мет­тер

59 Көліктік оқиғаларды тіркеу журналы

Кеме кітабында
мемлекеттік тіркелуге жататын
кемелермен болған көліктік оқиғаларды
тергеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Көліктік оқиғаларды тіркеу журналы

Кө­лік­тік оқи­ға­ға тар­ты­л­ған ке­ме­нің (ке­ме­лер­дің) тір­кеу нө­мі­рі және тү­рі / Ти­пи ре­ги­стра­ци­он ыи но­мер суд­на (су­дов), во­вле­чен­ных в транс­порт­ное про­ис­ше­ствие
Ке­ме­нің мен­шік ие­сі неме­се ке­ме ие­сі (же­ке тұ­лға­лар үшін) Т.А.Ә, тір­кел­ген ор­ны­ның ме­кен­жайы (заң­ды тұ­лға­лар үшін) де­ректе­ме­лер Соб­ствен­ник суд­на или су­до­вла­де­лец (для физ. лиц.) Ф.И.О., ад­рес ме­ста про­пис­ки, (для юр. лиц.) рек­ви­зи­ты
Ке­ме жүр­гі­зу­ші (Т.А.Ә, тір­кел­ген ор­ны­ның ме­кен­жайы) / Су­до­во­дит ль (Ф.И.О. ад­рес ме­ста про­пис­ки)
Кө­лік­тік оқи­ға болған кү­ні, айы, жы­лы және уа­қы­ты / Чис­ло, ме­сяц, год и вре­мя транс­портн го про­ис­ше­ствя
Кө­лік­тік оқи­ға болған жер / Ме­сто транс­портн го про­ис­шеств я
Кө­лік­тік оқи­ға­ны сы­нып­тау / Клас­си­фи­ка ия транс­портн го про­ис­шеств я
Кө­лік­тік оқи­ға­ның се­бе­бі/ При­чи­на транс­портн го про­ис­шеств
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Кө­лік­тік оқи­ға­ның сал­да­ры / По­след­ствия транс­порт­но­го про­ис­ше­ствия
Шы­ғын­дар / Убыт­ки
Кө­лік­тік оқи­ға­ға қа­ты­сы бар тұ­лға­лар / При­част­ные к транс­порт­но­му про­ис­ше­ствию ли­ца
Тер­ге­уді ба­стау/ На­ча­ло рас­сле­до­ва­ния
Тер­ге­уді аяқ­тау / Окон­ча­ние рас­сле­до­ва­ния
Мер­зім­ді ұзар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер / Све­де­ния о про­дле­нии сро­ка
Про­фи­лак­ти­ка­лық ша­ра­лар / Про­фи­лак­ти­че­ские ме­ры
Бас­қа мә­лі­мет­тер / Дру­гие све­де­ния
9
10
11
12
13
14
15
16

Қолданыстағы