Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по обновлению судов внутреннего водного плавания и судов смешанного "река-море" плавания

Бұйрық · № 197 · қабылданған 06.04.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58960/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил по обновлению судов внутреннего водного плавания и судов смешанного "река-море" плавания Қолданыста Бұйрық ·№ 197 ·06.04.2011
04.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по обновлению судов внутреннего водного плавания и судов смешанного "река-море" плавания

Қолданыста Бұйрық ·№ 197 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по обновлению судов внутреннего водного плавания и судов смешанного "река-море" плавания
Атауы (қаз.)
Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен - теңіз" суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
06.04.2011
Көрсетілген редакция
04.01.2023 58960_616058.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006933
ЭКБ идентификаторы
58960
Редакция идентификаторы
58960_616058
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:38

0 Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас "өзен - теңіз" суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 197 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту

1 1. Жалпы ереже

1 §1. Қолданылу саласы

1

1. Құжаттарды ресімдеу және өткізу рәсімдерін реттейтін ұйымдастырушылық және техникалық талаптар, кемелердің корпустарын, механизмдерін және электр жабдықтарын жаңарту кезіндегі жұмыстың көлемі ішкі суларда және «өзен–теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағиданың (бұдан әрі – Қағида) реттеу мәні болып табылады.

2 2. Осы Қағидада уәкілетті органмен бекітілген және Қазақстан Республикасы Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде пайдаланылатын қағидаларға (бұдан әрі – Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы) сілтемелер бар.

3 3. Осы Қағидада қолданылатын Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасына мынадай нормативтік құжаттар кіреді:

1 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген) (бұдан әрі - ІЖКҚ);

2 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген) (бұдан әрі - АЖКҚ).

4 4. Осы Қағида келесі объектілерге қолданылады:

1 1) «Л», «Р», және «О» сыныпты ішкі суларда жүзетін және «О-ПР», «М-ПР» және «М-СП» сыныпты аралас суларда жүзетін кемелердің болат корпустарына;

2 2) барлық үлгідегі және сыныптағы ішкі және аралас суларда жүзетін кемелердің механизмдері мен жабдықтарына (бұдан әрі – механизмдер);

3

3) жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз дегенде ішкі және аралас суларда жүзетін кемелердің барлық үлгілері мен сыныптарының электр жабдығына электростанция (бір немесе бірнеше дизельгенераторы және негізгі тарату қалқаны бар), кабельдік желі және кеменің техникалық құралдарының электрқозғалтқыштары көзделген.

5

5. Осы Қағиданың 1-тармағында айтылмаған кемелердің басқа түрлерінің жеке топтағы элементтерін, сыныбы, тағайындалуы, мөлшері мен қуаттылығын жаңартуға осы Қағиданы қолдану мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының (бұдан әрі – Кеме қатынасының тіркелімі) арнайы нысаны болып табылады.

6 6. Кемені немесе оның элементтерінің жеке топтарын жаңарту туралы шешім Кеме қатынасы тіркелімінің келісуі бойынша қабылданады.

2 §2. Жалпы нұсқаулар

7 7. Кемені жаңарту ұғымы деп таңдап алынған жаңарту деңгейіне байланысты, кеме корпусының, механизмдер мен электр жабдықтарының техникалық күйі белгіленген мерзім ішінде кемені сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген іс-шаралар кешенін айтады.

8 8. Қағидада мынадай жаңарту деңгейлері белгіленген (электр жабдықтары, механизмдер және корпус бойынша бөлек):

1 1) 1-ші деңгей (У1), жаңартылған кеменің кемінде 15 жылға дейін сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін кеменің техникалық күйін куәландыратын деңгей;

2 2) 2-ші деңгей (У2), жаңартылған кеменің кемінде 10 жылға дейін сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін кеменің техникалық күйін куәландыратын деңгей.

9

9. 1 немесе 2-деңгейге жаңартылған кеме корпусының механизмдерінің және электр жабдықтарының техникалық күйі, қызмет ету мерзімі 20 жылға жобаланған жаңа кеменің 5 жыл немесе 10 жыл пайдаланғаннан кейінгі тиісті элементтерінің техникалық күйіне сәйкес келеді деп танылады. Бұл ретте, жаңа кеменің барлық параметрлерінің (негізгі өлшемдері, жүк көтергіштігі, бағыты, кеменің сыныбы, жүзу ауданы) жаңартылған кеменің параметрлерінен айырмашылығы жоқ деп есептеледі.

10 10. Жаңартудың деңгейін таңдап алғанына байланысты, кемені жаңарту дәрежесі оның техникалық жағдайын бағалағаннан кейін және жаңартылған кемені пайдаланудың жоспары бойынша тағайындалады.

11 11. Кемені жаңарту жөніндегі іс-шаралар кешені (кеменің электр жабдығы, механизмдері және корпус бойынша жеке немесе бір мезгілде барлық элементтері бойынша) келесі кезеңдерді қамтиды:

1 1) осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша кеме элементтерін жаңарту туралы өтінімді Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппаратына жіберу;

2 2) Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппаратының тапсырмасы бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкеріне құжаттарды қарау үшін және өтінім берілген кемені жаңарту үшін осы Қағиданы қолдану мүмкіндігі туралы екі апталық мерзімде жазбаша қорытынды дайындау үшін өтінім көшірмесі жіберіледі.

3 3) Егер Кеме қатынасы тіркелімінің орталық аппараты өтінімде келтірілген ақаулық материалдарын толық емес деп санаса, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлерінің қатысуымен жаңартылатын объектілердің ақаулығына қосымша анықтау жүргізу.

4 4) осы Қағиданың 2, 3 және 4–тарауларында баяндалған нұсқауларды ескере отырып кемені немесе оның элементтерін (корпусы, механизмдері, электр жабдықтарын) жаңарту жобасын әзірлеу және Кеме қатынасы тіркелімімен келісу;

5 5) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің техникалық бақылауымен жобада ұсынылған жаңарту жұмыстарын орындау;

6 6) осы қағиданың 5-тарауына сәйкес кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттарын ресімдеу және беру.

3 §3. Терминдер мен анықтамалар

12 12. Осы Қағидада жалпы қабылданған терминдерден басқа мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) ақауды анықтау және жөндеу – техникалық құралдар мен жабдықтың техникалық күйін немесе жиынтығын, Кеме қатынасы тіркелімінің Қағида талаптарына сәйкестендіру;

2 2) жабдықтар – әр түрлі сүзгілер, жылу алмасу аспабы, қысым астындағы ыдыстар, құбырлар, арматуралар, цистерналар және кеменің техникалық құралдарының және құрылғыларының қызметін қамтамасыз ету үшін қызмет ететін басқа бұйымдар жатады.

3 3) корпус – кеменің жалпы иілуіне қатысатын, қондырманы қоса алғандағы кеменің корпусы;

4

4) механизмдер – Кеме қатынасы тіркелімнің актілерін ресімдеу кезінде жеке топқа біріктірілген кеменің техникалық құралдары. Механизмдердің құрамына бас және көмекші қозғалтқыштар, редукторлар, реверсиялық-редукторлық беріліс, бытыраңқы және басқа муфтылар, білік сымдары, қозғаушылар, ауа сығымдағыш, сорғы, желдеткіш, сепаратор, палуба механизмдері кіреді;

5 5) электр жабдықтары – кемедегі электр қуатының көздері, электр таратқыш құрылғылар, кабельдік желі, трансформаторлар, өзгерткіштер және электр қозғалтқыштар, электр тізбегін басқаратын аппаратура, дабыл қағу және апатты ескерту қорғанысы.

13 13. Осы Қағидада мынадай белгілер мен қысқартулар қолданылады:

НТҚ – нормативті техникалық құжаттар;
ТШ – техникалық шарт.

4 §4. Кемені жаңарту жобасы

14 14. Кемені немесе оның элементтерін жаңарту жобасын, Кеме қатынасы тіркелімінің Тану туралы куәлігі бар мекемемен орындалады.

15

15. Кемені немесе оның элементтерін жаңарту жобасын қолданыстағы Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарын ескере отырып әзірлеу қажет. Сонымен қатар, бұл жоба мүмкіндігінше корпус конструкциясының элементтерін, техникалық құралдарды, құрылғыларды, электр жабдығын, мысалы конструктивті өртке қарсы құралдарды, құтқару құралдарын, рульдік құрылғыны, автоматтандыру жүйесінің элементтік базасын, авариялық-ескерту дабылы мен қорғауды жетілдіруге бағдарлануы тиіс.

16 16. Кемені жаңарту жобасының құжаттамасы Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарын ескеріп, радионавигациялық, экологиялық қауіпсіз жабдықтар және құтқару құралдарымен жабдықталуына байланысты болуы керек.

17 17. Кеме қатынасы тіркелімінің қағида талаптарынан мүмкін болатын ауытқулар бойынша жасалған кеме, Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасынан ауытқулары түріндегі Тізбе түрінде ресімделеді және Кеме қатынасы тіркелімінің келісуіне жаңарту жобасының құрамында ұсынылады.

18

18. Кемелерді жаңарту жобасын біркелкі пайдаланымдық шектеулермен және жол берілетін тиелімі (баластировкалар) болатын, Кеме қатынасы тіркелімінің тану туралы куәлігі бар кәсіпорын жасауы мүмкін. Осы жағдайда жобалаушы ұйым нақты кеменің ерекшеліктерін ескере отырып, топтық жаңарту жобасын сол кемеге қыстырады.

19 19. Жаңарту жобасында мыналарды Кеме қатынасы тіркелімінің қолданыстағы қағидасына сәйкестендіру көзделеді:

1 1) құтқару құралдары;

2 2) өртке қарсы жабдықтар, жабдықтаулар және өрт сөндіру жүйелері;

3 3) кемелерден ластануды болдырмау бойынша радио және навигациялық жабдықтар;

4 4) кемелерден ластануды болдырмау бойынша жабдықтар;

20 20. Корпусты жаңартуға қатысты, жоба материалдарына мыналар кіреді:

1 1) таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін қажетті корпус элементін анықтау (8-тарауды қараңыз);

2 2) таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін, жиынтық аралықтарына қажетті сипаттамасын анықтау (9-тарауды қараңыз);

3 3) жаңартылған кеме корпусының жалпы беріктілігін есептеп тексеру;

4 4) жағдайы осы Қағида талаптарын қанағаттандырмайтын, корпус конструкцияларын нығайту немесе элементтерін ауыстыруға техникалық құжаттама;

5 5) қалдық майысу/майыстыруды жою технологиясы.

5 §5. Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттамасы

21 21. Жаңартылғаннан кейін, кемеге Кеме қатынасы тіркелімінің құжаттары мынадай ережелерді орындай отырып беріледі:

1

1) оның тағайындалымы сақтала отырып, кеме жаңартылған кезде, оған кезектен тыс куәландыру актісі жүргізіледі (алғашқы көлемінде) және Жүзуге жарамдылығы туралы куәлігіне қажетті өзгерістер енгізіледі, корпус, механизмдер мен электр жабдықтары бойынша бөлек жаңарту туралы куәліктер беріледі, жаңа Сыныптау куәліктері ресімделеді;

2

2) кеме жаңартылған кезде оның міндеті өзгерсе, оған алғашқы куәландыру актісі жүргізіледі, жаңа толық жинақталған кеме құжаттары, кемеге жаңа тіркелу нөмірі беріледі. Сонымен қатар, кемеге қосымша осы Қағиданың 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес, кеменің корпусын, механизмдерін және жабдықтарын жаңарту туралы куәліктер беріледі.

22 22. Кеменің корпусын, механизмдерін және электр жабдықтарын және оның элементтеріне келесі сыныптық куәландырулер жүргізу мерзімдері, Жаңарту туралы куәлік берілген сәттен бастап жүргізіледі.

23 23. Кемені жаңарту туралы куәліктің қолданылу мерзімі У1 жаңарту деңгейі үшін 15 жыл және У2 жаңарту деңгейі үшін 10 жыл белгіленеді.

2 2. Корпусты жаңарту бойынша нұсқау

1 §1. Жалпы нұсқау

24

24. Қағидада корпустың жалпы беріктігін қалпына келтіру және жаңартудың өтінім берілген деңгейіне және жоспарланған пайдалану мерзіміне байланысты осы бөлімнің талаптарымен реттелген сыртқы қаптаманың беріктігі, төсеніштер мен арқалықтардың жергілікті беріктігін ауыстыру немесе байланыстарды ауыстыру немесе нығайту жолымен, сондай-ақ, қосымша байланыстарды және конструкцияларды орнату арқылы көзделеді (кеме корпусы жиынтығынан).

25 25. Корпусты жаңарту туралы куәлік корпустың тозған цилиндрлік қондырғысын ауыстырғанда, кеменің міндетін өзгерту үшін қайта жабдықтау, жетілдіру кезінде ресімделеді. Сол кезде кеменің корпусы негізгі Қағиданың талаптарына және жаңартудың У1 немесе У2 деңгейлеріне сәйкес келуі керек.

26 26. Корпусты жаңарту жобасының материалдары мыналарды қамтуы тиіс:

1 1) осы Қағиданың 8-тарауына сәйкес таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін элементтердің ең аз қалыңдығын белгілеу.

2 2) осы Қағиданың 9-тарауына сәйкес таңдап алынған жаңарту деңгейі үшін жиынтық арқалықтарының ең аз қажетті сипаттамаларын анықтау;

3 3) осы Қағиданың 10-тарауына сәйкес жаңартылған кеме корпусының жалпы беріктігін есептік тексеру;

4 4) техникалық жағдайлары осы Қағиданың талаптарын қанағаттандырмайтын, корпус құрылымының элементтерін нығайтуға немесе ауыстыруға арналған техникалық құжаттама;

2 §2. Корпус ақаулығы

27 27. Корпустың ақаулығын анықтау кеме корпусының техникалық күйін анықтау мақсатында ақауларды анықтауды, параметрлерін өлшеуді, ақаулыққа жол бермеуін бағалауды, жөндеу көлемін анықтау мен әдісін негіздеуді қамтиды.

28 28. Корпус ақаулығын анықтау кемені жаңарту ниеті туралы өтінімді бергенге дейін кемінде 1 жыл бұрын Кеме қатынасы тіркеліміне ақпарат ұсына отырып жүргізіледі.

29 29. Ақаулықты анықтау көлемі жаңартылатын кеме корпусының техникалық күйіне байланысты белгіленеді, бірақ кезекті куәландырудың алдындағы ақаулықтың көлемі ПККҚ 2-қосымшасындағыдан кем емес болуы тиіс.

30 30. Жаңартуға жататын сериялық жасалған кемелер үшін, ақаулықтың бірыңғай сұлбасын әзірлеу ұсынылады. Осы сериядағы кеме корпусы элементтерінің тозу және құрастыру ерекшеліктерін ескеріп, Кеме қатынасы тіркелімінің Тануы бар мекеме әзірлеуі тиіс.

3 §3. Жаңартылған кеме корпусының табақ элементтерінің ең аз қажетті қалындықтары

31 31. Жаңартылған корпустың сыртқы қаптамасының, палуба және екінші түп төсемінің, ішкі борттар, бойлық және көлденең қалқалардың, флорлар мен кильсондардың түпаралық кеңістігіндегі ең аз қажетті қалыңдығы мынадай формуламен анықталады:

мұндағы tмн = [tocm]min + (1 + 2V)(Ту1(у2)- 5),            (1)
[tocm]min - ең аз шекті қалындықтар құрастырылатын элементтер қарастырылады.
– ұсынылған тозу жылдамдығы, Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (бұдан әрі – ІЖК, АЖКҚ), (Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемлерді жасау қағидасы) бойынша анықталады, мм/жыл. орнына тозу жылдамдығын нақты мәнінде немесе тозу жылдамдығының орта статистикалық мәнін сериялы кемелерге қолдану, Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау тақырыбы болып табылады;
V - вариацияның коэффициенті: V=./ с; V мәні мыналарға тең болады:
< 0.1 мм/жыл кезінде, V=0,4;
> 0.1 мм/жыл кезінде, V=0,3;
с-тозудың жылдамдық стандарты, мм/жыл;
ТУ1(У2) – жаңарту жүргізілгеннен кейін жоспарланған қызмет мезгілі. Жаңарту дәрежесіне байланысты қолданылады (У1 – үшін ен аз дегенде 15 жыл, У2 – үшін ен аз дегенде 10 жыл).

32 32. (1) формула бойынша есептеу нәтижесіне байланыссыз tмн қалыңдығы, tмин-нің ең аз қалыңдығынан артық емес болып, ІЖКҚ немесе АЖКҚталаптарына сәйкес қабылдануы мүмкін.

4 §4. Жаңартылған кеме корпусының жиынтық арқалықтарының ең аз қажетті сипаттамалары

33 33. Қосылған белбеуі бар арқалықтардың жиынтығының ең аз қажетті кедергі моменті кемінде мынаған тең болуы тиіс, см3:

W = mу1(у2).Wnp мұндағы                            (2)
mу1(у2) – тозудың нормативтік коэффициенті (осы Қағиданың 33-тармақшасына сәйкес);
Wnp – арқалықтардың көлбеу қимасы кезіндегі кедергісі, ІЖКҚ және АЖКҚ талаптарында көрсетілген кеме сыныптарына байланысты, см.

34 34. Баулары қосылмаған бөлек арқалықтардың көлдеңен қимасының ауданы ең аз дегенде болу керек, см2:

мн = mу1(у2).стрпр,                                        (3)
стрпр- арқалықтардың көлдеңен қимасының ауданы, ІЖКЕ және АЖКЕ талаптарында көрсетілген кеме сыныптарына байланысты, см2. Арқалықтардың көлбеу қимасының ауданы Қағидада көрсетілмеген жағдайда, стрпр ретінде арқалықтардың көлбеу қимасының жобалау ауданы қолданылады.

35 35. Арқалықтар элементтерінің ең аз қажетті қалындықтары кемінде болу керек, мм:

tмн = mу1(у2).tстрпр, ( 4 )
tстрпр- арқалықтар элементтерінің қалындығы, мм, сызба бойынша, осы Қағиданың 31-тармағында көрсетілгендей стрпрмынадай болып қабылданады.

36 36. mу1(у2) тозу коэффициентінің нормативтік мәні жаңарту дәрежесіне байланысты (У1 немесе У2) мынадай болып табылады:

1 1) комингстің бос бойлық арқалықтары, палубалар, түптер, екінші түптің төсеніштері, ширстректер және рама жиынтығының бойлық арқалықтары үшін:

кеменің орта бөлімінде
mу1 = 0,98; mу2 = 0,96 - ішкі жүзу кемелері үшін;
mу1 = 0,95; mу2 = 0,90 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін;
кеменің шеттерінде
mу1 = 0,96; mу2 = 0,91 - ішкі жүзу кемелері үшін;
mу1 = 0,9; mу2 = 0,85 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін;

2 2) көлбеу арқалықтар үшін (сыртқы және ішкі борттардың бос және рамалық шпангоуттар), бос және рамалық сұрыптаулар және т.б.:

кез келген кеме ұзындығында
mу1 = 0,98; mу2= 0,96 –ішкі жүзу кемелері үшін;
mу1 = 0,95; mу2 = 0,90 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін.

3 3) жиынтықтың қалған арқалықтары үшін:

кез келген кеме ұзындығында
mу1 = 0,98; mу2 = 0,92 - ішкі жүзу кемелері үшін;
mу1 = 0,9; mу1 = 0,8 - аралас (өзен-теңіз) жүзетін кемелер үшін.

37

37. Жиынтық арқалықтарын есептеулерге негізделген нығайту кезінде тозу коэффициентінің нормативтік мәні төмендеуі мүмкін. Бірақ екеуіндегі жаңарту дәрежелері, олардың арқалықтары үшін 0,60 (0,70) аз болу керек, 33-тармақтың 1) тармақшасында тізбектелген және 0,50 (0,60) арқалықтар үшін, 33-тармақтын 2), 3) тармақшасында тізбектелген (М-СП сыныптағы кемелер үшін).

5 §5. Жаңартылған кеме корпусының жалпы беріктілігін есептік тексеру

38 38. Таңдап алынған жаңарту деңгейі (У1 немесе У2) үшін, жаңартылған корпустың есептік көлденең қимасындағы нақты жалпы беріктілігі тексерілуі тиіс.

39 39. Сонымен қатар беріктілік қорының нормативтік коэффициент мәні көрсетілген Қағиданың бөліміндегі салыстырмалы ұлғайтуы кезінде У1 жаңарту деңгейі үшін 10 % және У2 жаңарту деңгейі үшін 5% болу керек.

3 3. Механизмдерді жаңарту бойынша нұсқаулар

1 §1. Жалпы нұсқаулар

40

40. Кемені жаңарту жөніндегі жұмыс құрамында жөндеу немесе техникалық құралдарды, жабдықтарды ауыстыру туралы шешім Кеме қатынасы тіркелімімен келісім бойынша қабылданады. Бұл ретте Кеме қатынасы тіркелімінің қағидаларында келтірілген кеменің барлық техникалық құралдары мен жабдықтарының техникалық күйі қарастырылады және жаңартылған кеме үшін тиісті түрдегі техникалық күйі бойынша барынша маңызды жаңарту тобы белгіленеді. Бұл объектілерді тандағанда, жоғарыда айтылғандармен қоса, келесілер ескеріледі:

1 1) объектінің барлық пайдаланылған мерзіміндегі атқарылған жұмыс көлемі;

2 2) әзірлеуші-ұйым белгілеген тозуға дейінгі объекті ресурсы;

3 3) ауа сақтағыштарды, құбырларды, кеме қазандардың және т.б. тозуы туралы жанама куәландыратын кеме жасы;

4 4) объектіден ақау табу нәтижесі.

41 41. Механизмдердің жаңарту жобасы мыналарды қамтуы тиіс:

1 1) ауыстырылмайтын жабдықтарың, құрылғылардың, құбырлардың қалдық ресурсын болжай отырып және ақау табу нәтижелерін ескере отырып, техникалық құралдарды немесе олардың тораптарын жөндеу немесе ауыстыру қажеттігін негіздеу;

2 2) Жаңа іргетасты жасау мен орнату, басқару, қорғау және дабыл аппаратурасына (қажет болған жағдайда) құжаттаманы қоса алғанда барлық ауыстырылатын жабдықтарды құрастыруға арналған техникалық құжаттама,;

3 3) Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген ТШ және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, техникалық құралдардың ауыстырылмайтын элементтерін, жабдықтардың, құрылғылар мен жүйелердің ауыстырылмайтын элементтерін қалпына келтіру жөніндегі техникалық талаптар.

2 §2. Механизмдерді жаңарту деңгейлерін қамтамасыз ету шарттары

42 42. Жаңарту үшін таңдап алынған объектілерге қолданылатын жаңартудың таңдап алынған деңгейіне байланысты, осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген нұсқауларға сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

43 43. Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы және/немесе жаңарту жобасындағы сызбаның техникалық талаптарына сәйкес техникалық құралдарды, жабдықты және жүйелерді жөндеуден немесе монтаждаудан кейін оларға сынақ, оның ішінде гидравликалық сынақ өткізіледі.

44 44. Кеменің корпусындағы қозғалтқыштарды жөндеу тек қана Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген ТШ болғанда ғана рұқсат етіледі. Ал қозғалтқыштарды ағымдағы жөндеу Кеме қатынасы тіркелімінің техникалық қадағалауынсыз жүргізіледі.

45

45. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін орындалған жұмыстарға ұйымының техникалық бақылау органдарының актілері, сертификаттары немесе қолданылған материалдарға басқа да құжаттар, ауысымды бөлшектер, қосалқы бөлшектері, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар: сызбалар, суреттеулер, схемалар, формулярлар немесе төлқұжаттар, қызмет ету нұсқаулар көрсетілуі тиіс.

46

46. Барлық құрастыру, жөндеу және жетілдіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, кеме тиісті арқандап байлануға немесе жүріс сынағына ұсынылуы тиіс. Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген және жаңарту жобасы құрамында өңделген сынақтар бағдарламамен және әдістемелермен сәйкестікте өткізіледі. Сынақтардың нәтижелері және кеменің қорытынды шығу (қажет жағдайда) байқауы протоколдар түрінде ресімделеді.

47 47. Механизмдерді жаңартуды аяқтау кезеңінде, Кеме қатынасы тіркелімі қызметкері осы Қағиданың 5–бөлімінде аталған құжаттарды ресімдейді.

4 4. Электр жабдығын жаңарту бойынша нұсқаулар

1 §1. Жалпы нұсқаулар

48 48. Электрлік жабдықтардың құрамына кіретін, сол немесе басқа бұйымдарды жаңарту туралы шешім, Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қабылданады. Жаңартатын объектілерді таңдау осы Қағиданың 35 және 36-тармақтарына ұқсас жүзеге асады.

49 49. Электрлік жабдықтағы ақау табуды толық көлемде өткізу керек.

50 50. Кабельдік жолдарды ақау тапқанда, мыналар жүргізіледі:

1 1) кабельдерді барлық ұзындығы бойынша сыртқы байқау;

2 2) таңбалауды және соңғы күй-жағдайын тексеру;

3 3) әрбір корпус пен талшық арасындағы, және өзара талшықтар арасындағы оқшаулау кедергісін өлшеу;

4

4) қазіргі заманғы диагностика құралдарын қолдану арқылы кабельдердің оқшаулаулық күй-жағдайын тексеру, оқшаулаулықтың дымқылдануын, жылулық ескіруді, механикалық зақымдарды айқындауды мүмкіндік беретін, сонымен қатар резеңке қабықтардың серпінді түрі өзгерген және серпімді икемді қасиеттерінің жанама белгілері арқылы кабельдерді одан әрі пайдалану мүмкіншілігі туралы қорытынды жасау.

51 51. Электрлік жабдықты жаңарту жобасында мыналар болуы керек:

1 1) кеменің барлық жұмыс тәртіптерін қамтамасыз ету үшін жүктеме тәртіптерінің кестесі және электр стансаның қажетті қуаттылығының есебі, сонымен қатар санның дәйектемесі және генераторлардың қуаттылықтары;

2 2) барлық ауыстырылатын электр жабдықтарын құрастыруға, оның ішінде басқару, қорғау және дабыл аппаратына техникалық құжаттама;

3 3) арнайы ТШ-да өңделген немесе қолданыстағы НТҚ-ға сәйкес электр жабдықтың ауыстырылмайтын элементтерін жөндеуге арналған техникалық талаптар.

2 §2. Электр жабдықтардың жаңарту деңгейлерін қамтамасыз ету жағдайлары

52 52. Кемедегі жаңартудың таңдаған деңгейіне байланысты, осы Қағиданың 7-қосымшасында баяндалған Нұсқауларға сәйкес жұмыстар өткізіледі.

53 53. ТШ–ға сәйкес, арнайы цехтарда жөндеуден өткен электрлік машиналар, сынақтар және жөндейтін жұмыстар орындалатын кесімдердің актісімен арнайы стендте сынақталады.

54 54. Құрылғылардың максималдық және жылулық қорғаныштарының сынақтары Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасына сәйкес өткізіледі.

55 55. Осы Қағиданың 41 – 42-тармақтарындағы нұсқауларына сәйкес, кемедегі электрлік жабдықтардың қозғалыс кезіндегі сынақтарды, монтаждау жұмыстарын бақылау іске асырылады.

56 56. Осы Қағиданың 5–бөліміндегі аталған құжаттар Кеме қатынасы тіркелімінің өңірлік қызметкерімен электрлік жабдықтарын жаңартуды аяқтау кезеңінде ресімделеді.

1 Кемені жаңарту ниеті туралы өтінім

Ішкі және «өзен-теңіз» суларында
жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі
қағидаға 1-қосымша
Нысан
Кемені жаңарту ниеті туралы өтінім
Кеме иесі ___________________________________________________________
Кеменің аты немесе нөмірі ___________________________________________
Тіркелу нөмірі ______________________________________________________
Кеменің негізгі техникалық деректері
Жалпы мәліметтер
Құрылыстық № __________________ Сыныбы ______________________________
Жасалған жері мен жылы ______________________________________________
Түрі мен міндеті ____________________________________________________
Жобаның авторы мен нөмірі ___________________________________________
Өнімділігі __________________________________________________________
Корпусы
Негізгі өлшемдері, м: КВЛ бойынша ұзындығы ____; КВЛ бойынша еңі ____
Борттың биіктігі ____________________________________________________
Корпустың материалы _________________________________________________
Жиынтық жүйесі ______________________________________________________
Машина бөлімінің екінші түбі ________________________________________
Негізгі қозғалтқыштар/дизель - генераторлар
Саны, маркасы _______________________________________________________
Қуаты, айналу жиілігі _______________________________________________
Жасаушы ұйым ________________________________________________________
Жасалған жылы ______; кемеге орнатылған жылы ____ жұмыс көлемі ______
әрбір қозғалтқышқа жасалған негізгі жөндеудің саны __________________
_______________________________; Әрбір қозғалқыштың негізгі жөндеуден
кейінгі жұмыс көлемі_________________________________________________
Қосымша дизель – генераторлар
Саны, маркасы _______________________________________________________
Қуаты, айналу жиілігі _______________________________________________
Жасаушы ұйым ________________________________________________________
Жасалған жылы _____; кемеге орнатылған жылы _____ жұмыс көлемі ______
әрбір қозғалтқышқа жасалған негізгі жөндеудің саны __________________
________________________________________________; Әрбір қозғалқыштың негізгі жөндеуден кейінгі жұмыс көлемі ______________________________
Авариялық дизель – генераторлар
Саны, маркасы _______________________________________________________
Қуаты, айналу жиілігі _______________________________________________
Жасаушы ұйым ________________________________________________________
Жасалған жылы ____; кемеге орнатылған жылы ______ жұмыс көлемі ______
әрбір қозғалтқышқа жасалған негізгі жөндеудің саны __________________
_________________________________________; Әрбір қозғалқыштың негізгі
жөндеуден кейінгі жұмыс көлемі ______________________________________
Басқа да мәліметтер
_____________________________________________________________________
Жа­ңар­ты­ла­тын объ­ект
У0
У1
У2
Кор­пу­сы
Ма­ши­на­лық бөл­ме­нің тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ла­ры мен жаб­дық­та­ры
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық
Электр жабды­ғы
Қоса берілетін құжаттар:

1 1. Кеменің элементтерін жоспарланған кезекті куәландыру актісі(лері) _____________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2 2. Кеме қатынасы тіркелімінің өңірлік қызметкерімен ақырғы ақау табуды куәландыру:

корпустар ___________________________________________________________
(өткізілетін жері мен күні)
Машиналық бөлменің техникалық құрылғылары мен жабдықтары ____________
_____________________________________________________________________
(өткізілетін жері мен күні)
технологиялық жабдықтарын ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(өткізілетін жері мен күні)
электр жабдықтарды __________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өткізілетін жері мен күні)
3.Болжамды жаңарту көлемі бар кеме элементтерінің техникалық күйін жоба алдындағы талдау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің жаңартылғаны туралы куәлік Жаңарту деңгейі У_______

Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің жаңартылғаны туралы куәлік Жаңарту деңгейі У_______
Кеменің аты немесе нөмірі __________________ Тіркелу № ______________
Жаңартуға дейінгі түрі және міндеті _________________________________
Кеме жобасының авторы мен нөмірі ____________________________________
Жасалған жері мен жылы ______________________________________________
Жаңарту жобасының авторы мен нөмірі _________________________________
Жаңартылған жері мен жылы ___________________________________________
Жаңартылған кеменің үлгісі мен міндеті ______________________________
Жаңартылған кеменің сыныбы __________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Осымен, кеме механизмдері мен жабдықтары, құрамы, жинақтылығы, орналасуы, орнатылуы, техникалық сипаттамалары және техникалық күйі Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы талаптарына сәйкес келетіні расталады.
Механизмдер мен жабдықтарды жаңарту кезіндегі істелген жұмыс көлемі және сынақ нәтижесі 20__ жылғы «__» ________________ № ______ кезектен тыс / алғашқы куәландыру актісінде жазылған.
Жаңартылған кеменің механизмдер мен жабдықтарының техникалық күйі оның ерекше жағдайларда кем дегенде ____ жыл пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Кемеге Жүзуге жарамдылығы жөніндегі куәлікке ________ нөмірімен тіркелген жаңа Сыныптық куәлік беріледі.
Осы Куәлік Жүзуге жарамдылығы жөніндегі куәлікке _____________________ нөмірімен тіркеледі.
«Кеме қатынасының тіркелімі» РМК қызметкері ________________
__________________________________ «__» _______________ 20___ жыл
(қолы) (тегі, а.ә.а.)
м.о.

3 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің корпусын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______

Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің корпусын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______
Кеменің аты немесе нөмірі __________________ Тіркелу № ______________
Жаңартуға дейінгі түрі және міндеті _________________________________
Кеме жобасының авторы мен нөмірі ____________________________________
Жасалған жері мен жылы ______________________________________________
Жаңарту жобасының авторы мен нөмірі _________________________________
Жаңартылған жері мен жылы ___________________________________________
Жаңартылған кеменің үлгісі мен міндеті ______________________________
Жаңартылған кеменің сыныбы __________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Осымен, кеме электр жабдықтарының құрылымы, құрамы, жинақтылығы, орналасуы, орнатылуы, техникалық сипаттамалары және техникалық күйі Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы талаптарына сәйкес келетіні расталады.
Корпусты жаңарту кезіндегі істелген жұмыс көлемі және сынақ нәтижесі 20__ жылғы «___» ___________________ № ______ кезектен тыс / алғашқы куәландыру Актісінде жазылған.
Жаңартылған корпустың техникалық жағдайы оның ерекше жағдайларда кем дегенде ____ жыл пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы Куәлік Жүзуге жарамдылығы жөніндегі куәлікке _______________нөмірімен тіркеледі.
«Кеме қатынасының тіркелімі» РМК қызметкері ___________________
(қолы) (тегі, а.ә.а.)
«__» _______________ 20__ жыл
м.о.

4 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің механизмдері мен жабдықтарын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______

Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің механизмдері мен жабдықтарын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______
Кеменің аты немесе нөмірі __________________ Тіркелу № ______________
Жаңартуға дейінгі түрі және міндеті _________________________________
Кеме жобасының авторы мен нөмірі ____________________________________
Жасалған жері мен жылы ______________________________________________
Жаңарту жобасының авторы мен нөмірі _________________________________
Жаңартылған жері мен жылы ___________________________________________
Жаңартылған кеменің үлгісі мен міндеті ______________________________
Жаңартылған кеменің сыныбы __________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Осымен, кеме электр жабдықтарының құрылымы, құрамы, жинақтылығы, орналасуы, орнатылуы, техникалық сипаттамалары және техникалық күйі Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы талаптарына сәйкес келетіні расталады.
Корпусты жаңарту кезіндегі істелген жұмыс көлемі және сынақ нәтижесі 20___ жылғы «_____» ___________________ № ______ кезектен тыс / алғашқы куәландыру Актісінде жазылған.
Механизмдер мен жабдықтарды жаңарту кезіндегі істелген жұмыс көлемі және сынақ нәтижесі 20___ жылғы «_____» _______________ № ______ кезектен тыс / алғашқы куәландыру Актісінде жазылған.
Жаңартылған механизмдер мен жабдықтардың техникалық күйі оның ерекше жағдайларда кем дегенде ____ жыл пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы Куәлік Жүзуге жарамдылығы жөніндегі куәлікке _______________нөмірімен тіркеледі.
«Кеме қатынасының тіркелімі» РМК қызметкері ________________
______________________ «____» _______________ 20___ жыл
(қолы) (тегі, а.ә.а.)
м.о.

5 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің механизмдері мен жабдықтарын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______

Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кеменің механизмдері мен жабдықтарын жаңарту туралы КУӘЛІК Жаңарту деңгейі У_______
Кеменің аты немесе нөмірі __________________ Тіркелу № ______________
Жаңартуға дейінгі түрі және міндеті _________________________________
Кеме жобасының авторы мен нөмірі ____________________________________
Жасалған жері мен жылы ______________________________________________
Жаңарту жобасының авторы мен нөмірі _________________________________
Жаңартылған жері мен жылы ___________________________________________
Жаңартылған кеменің үлгісі мен міндеті ______________________________
Жаңартылған кеменің сыныбы __________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Осымен, кеме электр жабдықтарының құрылымы, құрамы, жинақтылығы, орналасуы, орнатылуы, техникалық сипаттамалары және техникалық күйі Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға және Кеме қатынасы тіркелімінің қағидасы талаптарына сәйкес келетіні расталады.
Электр жабдықтарды жаңарту кезіндегі істелген жұмыс көлемі және сынақ нәтижесі 20___ жылғы «_____» _______________ № ______ кезектен тыс / алғашқы куәландыру Актісінде жазылған.
Жаңартылған механизмдер мен жабдықтардың техникалық күйі оның ерекше жағдайларда кем дегенде ____ жыл пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы Куәлік Жүзуге жарамдылығы жөніндегі куәлікке _______________ нөмірімен тіркеледі.
«Кеме қатынасы тіркелімі» РМК қызметкері ______________
______________________ «____» _______________ 20___ жыл
(қолы) (тегі, а.ә.а.)
м.о.

6 Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін

кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
6-қосымша
Нысан
Ме­ха­низмдер­дің және жаб­дық­тың тіз­бе­сі
Жа­ңар­ту дең­гей­ле­рі­мен қам­та­ма­сыз ету жұ­мыста­ры­ның түр­ле­рі
У1
У2
1. Негіз­гі қоз­ғалт­қы­штар
1. Бас­қа мар­ка­лы жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
1. Сол мар­ка­лы жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Сол мар­ка­лы жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­де­уден кей­ін жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
3. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­де­уден кей­ін жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
3. Ке­ме­нің кор­пу­сын жөн­деу және ақау та­бу
2. Ге­не­ра­тор­лар­дың ал­ғаш­қы қоз­ғалт­қы­шта­ры
1. Сол мар­ка­лы жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру (Бар­лық аг­ре­гат­ты ауы­сты­ру, со­ның ішін­де ге­не­ра­тор­ды үл­кен қу­ат­ты ди­зель­ге­не­ра­тор­ға ауы­сты­ру. Бұл жа­ңа са­лын­ған ке­ме­нің жа­ңар­ты­луы­на қа­ра­ған­да, жа­ңар­ты­л­ған ке­ме­нің бар­лық тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на үл­кен қу­ат­ты элек­тро­стан­ция ке­рек болған­да ауы­стыр­ла­ды ).
1. Сол мар­ка­лы жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­де­уден кей­ін жа­ңа қоз­ғалт­қы­штар­дың ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­де­уден кей­ін ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
3. Бә­сең­дет­кіш­тер, ре­верс-бә­сең­дет­кіш­тер
осы кесте­нің 1-бө­лі­міне ұқсас
4. Бі­лік сым­да­ры:
ара­лық бі­лік­тер, ті­рек­ті, олар­дың қо­сы­л­ған жер­ле­рі­нің бөл­шек­те­рі, мой­ын­ті­рек­тер, ірік­тел­ген тығ­ы­зда­ма­лар, дейд­вуд­тық құ­быр­лар, ескіш бі­лік­тер
1. Негіз­гі қоз­ғалт­қы­штар­ды ал­ма­сты­руы­на бай­ла­ны­сты, өл­шем­де­рі өзгер­ген жағ­дай­да жа­ңа өнім­дер­ді ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2 Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
1. Жа­ңа бі­лік ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ақау та­бу және жөн­деу
1. Жа­ңа бі­лік ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ақау та­бу және жөн­деу
Қыр­лы бұ­ран­да мой­ын­ті­рек­те­рі
Жа­ңа мой­ын­ті­рек ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
Жа­ңа мой­ын­ті­рек ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
5. Қыр­лы бұ­ран­да­лар
1. Жа­ңа­ны ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген, гео­мет­ри­я­лық өл­шем­де­рі бар жөн­дел­ген бұ­ран­да­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
Қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген, гео­мет­ри­я­лық өл­шем­де­рі бар жөн­дел­ген бұ­ра­ма­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
6 Өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс:
өрт­ке қар­сы жаб­дық­тау және өрт сөн­ді­ру құ­рал­да­ры;
Өрт сөн­ді­ру жүй­е­сі:
өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ете­тін, тан­кер жүй­е­ле­рі:
га­з­дың ба­ғы­тын өзгер­те­тін;
инерт­ті га­з­дар­ды;
ұш­қын өшір­гіш­ті;
су­лан­ды­ру­ды;
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
1. Жа­ңа сор­ғы­лар­ды, құ­быр сым­дар­ды және ар­ма­ту­ра­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
3. Ци­лин­др­лік қо­сындысы ауы­сты­ры­ла­тын ке­ме­лер үшін, жүй­е­нің бар­лық эле­мент­те­рі қо­сын­ды ше­гін­де ауы­сты­ры­луы ти­іс
Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
1. Ци­лин­др­лік қо­сын­ды ше­гін­де­гі бар­лық жүй­е­де­гі эле­мент­тер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру, ке­ме­нің тұм­сығ­ын­да және кор­ма шет­те­рін­де ор­на­лас­қан сол жүй­е­нің эле­мент­те­рін ақау та­бу және жөн­деу.
2. Ке­ме қа­ты­на­сы тір­ке­лі­мі­нің қа­ғи­да­сы­на сәй­кес ақау та­бу және жөн­деу
Ке­ме қа­ты­на­сы тір­ке­лі­мі­нің қа­ғи­да­сы­на сәй­кес ақау та­бу және жөн­деу
7. Ав­то­но­ми­я­лы және қал­дық­тар­ды өң­дей­тін қа­зан­дар
Ке­ме ие­сі­нің қа­ра­уы бой­ын­ша жа­ңа қа­зан­дар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
Ақау та­бу және жөн­деу
8. Құ­быр ішін­де кор­ро­зия ту­ғы­за­тын жұ­мыс ор­та­сын­да­ғы жүй­е­лер, со­ның ішін­де:
құр­ға­ту;
бал­ла­сты;
су аға­тын;
су­мен сал­қын­да­ту;
бу сым­да­ры;
мұ­най құ­я­тын ке­ме­лер­де жүк­ті жы­лы­ту
1. Жа­ңа сор­ғы­лар­ды, құ­быр­лар­ды және ар­ма­ту­ра­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
3. Ци­лин­др­лік қо­сындыс­ы­мен ауы­сты­ры­ла­тын ке­ме­лер үшін жүй­е­нің бар­лық эле­мент­те­рі қо­сын­ды ше­гін­де жа­ңа бо­лу ти­іс
Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
9. Бас­қа да жүй­е­лер:
май;
отын;
мұ­най та­си­тын ке­ме­лер­дің сұй­ық жүк­тер;
ауа өл­ше­гіш құ­быр­лар;
қы­сы­л­ған ауа;
гид­рав­ли­ка­лық же­тек­тер және т.б.
1 Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
2. 8–бағ­дар­да­ғы 3–тар­мақ­тың та­лап­та­ры
Гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ­тар­мен өт­кі­зі­л­ген ақау та­бу және құ­быр­лар­дың за­қым­дан­ған учас­ке­ле­рін ауы­сты­ру ар­қы­лы жөн­деу.
10. Жүй­е­лер құ­ра­мы­на кі­ре­тін сор­ғы­лар және ар­ма­ту­ра
1. Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Эле­мент­те­рі шек­те­улі тоз­ған жағ­дай­да өнім­ді ауы­сты­ру, әсі­ре­се сор­ғы­лар­дың су жү­ре­тін бө­лік­те­рі
1. Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Олар­дың эле­мент­те­рі шек­те­улі тоз­ған жағ­дай­да өнім­ді ауы­сты­ру, әсі­ре­се сор­ғы­лар­дың су жү­ре­тін бө­лік­те­рі
11. Жел­дет­кіш жүй­е­сі
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
12. Қы­сым астын­да­ғы ыдыс­тар және жы­лу ал­ма­сты­ра­тын ап­па­рат­тар
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
13 Құ­ры­л­ғы­лар:
1. руль­дік құ­ры­л­ғы, со­ның ішін­де:
руль­дер, сап­та­ма­лар, бал­лер­лер, гельм­порт­ты мой­ын­ті­рек­тер және құ­быр­лар, тығ­ы­зда­ма­лар;
руль­дік ма­ши­на­дан бал­лер­ге бе­рі­ліс ме­зет­тің эле­мент­те­рі (сек­тор­лар, рум­пель­дер, ті­рек­тер, бу­фер­лік се­ріп­пе­лер, тар­ту кү­ш­те­рі);
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
элек­тро­ме­ха­ни­ка­лық руль­дік ма­ши­на­лар;
элек­тро­гид­рав­ли­ка­лық руль­дік ма­ши­на­лар;
1. Гид­рав­ли­ка­лық руль­дік ма­ши­на­лар ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
ги­дро­же­тек­тің күш бе­ре­тін эле­мент­те­рі, құ­быр­лар және ар­ма­ту­ра­лар
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
ат­қа­ру­шы ме­ха­низмде­рі бар гид­ро­сор­ғы­лар
1. Сол мар­ка­лы жа­ңа гид­ро­сор­ғы­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Кө­те­рің­кі ре­сур­сы бар жа­ңа гид­ро­сор­ғы­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
1. Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Жа­ңа гид­ро­сор­ғы­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
жи­нақ­та­ма­да­ғы элек­тро­гид­рав­ли­ка­лық руль­дік ма­ши­на­лар
Жа­ңа ма­ши­на­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру. Бұл нұс­қа­у­лар фи­зи­ка­лық неме­се мо­раль­дік то­зу­дан болған, эле­мент­те­рін қал­пы­на кел­ті­ру­ге ма­ғы­на­сы жоқ ма­ши­на­лар­ға та­ра­ла­ды. Сон­дай-ақ ке­ме­нің негіз­гі қоз­ғалт­қы­шын ауы­стыр­ған кез­де про­пуль­сив­тік си­патта­ма­ла­ры өзгер­ген кез­де ар­нал­ған.
1. Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Жа­ңа ма­ши­на­лар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. руль­дік құ­ры­л­ғы­лар
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
3. зәкір­лік құ­ры­л­ғы­сы
Жаб­дық­тау си­патта­ма­сы үл­кен жақ­қа өзгер­ген жағ­дай­да, жа­ңа жаб­дық­тау си­патта­ма­ға лай­ық­ты, зәкір­лік жаб­дық та­ғай­ын­да­ла­ды, және қа­жет­ті жағ­дай­да зәкір­лер­дің, зәкір­лік шы­н­жыр­лар­дың, бра­шпиль­дер­дің және т.б. ауы­сты­руы жүр­гі­зі­ле­ді
Ақау та­бу және жөн­деу
4. бо­лат ар­қан­ды құ­ры­л­ғы­сы
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
5. люк­тік жап­қы­шты кө­те­ру және орын ауы­сты­ру құ­ры­л­ғы­сы
1. Егер ци­лин­др­лік кі­рі­стір­ме­ні неме­се люк­тік жап­қы­шта­рын ауы­стыр­ған жағ­дай­да, люк­ті кө­тер­гіш және орын ауы­стыр­ғыш құ­ры­л­ғы­сы ор­на­ты­ла­ды.
2. Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
6. шлюп­ка­лық құ­ры­л­ғы
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
14 Эко­ло­ги­я­лық жаб­дық
1 Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Сар­қын­ды су­ды та­зар­ту­ға ар­нал­ған стан­ци­я­лар, сүз­гіш жаб­дық­та­ры­мен ке­ме­лер­ді қо­сым­ша жаб­дық­тау және мұ­най­дың апат­ты жай­ы­луын бол­дыр­мау бой­ын­ша жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2000 т және одан аса­тын сал­мақ кө­тер­гіш тан­кер­лер үшін
1 Ақау та­бу және жөн­деу.
2. Ере­же­лер­де ұй­ға­ры­л­ған кө­лем­де­гі жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2000 т және одан аса­тын тан­кер­лер үшін

7 Ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін

кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаға
7-қосымша
Нысан
Электр жаб­дық­та­ры­ның тіз­бе­сі
Жа­ңар­ту дең­гей­ле­рін қам­та­ма­сыз ету жұ­мыста­ры­ның түр­ле­рі
У1
У2
1. Ге­не­ра­тор­лар және бі­лік ге­не­ра­тор­ла­ры
1. Бас­қа мар­ка­лы жа­ңа өнім ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Сол мар­ка­лы жа­ңа өнім ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
3. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
2. Өң­де­гіш­тер
1. Жа­ңа­ны ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
3. ДАБ неме­се ДБ жүй­е­лер­дің руль­дік құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның негіз­гі және қо­сым­ша қоз­ғалт­қы­штар­дан тұ­ра­тын электр қоз­ғалт­қы­шта­ры
1. Жа­ңа электр қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
4. Руль­дік құ­ры­л­ғы­ның электр қоз­ғалт­қы­шта­ры
1. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
5. Өрт сөн­ді­ру сор­ғы­лар­дың және құр­ға­ту сор­ғы­лар­дың, қа­зан­дар­дың, ауа сығ­ым­да­ғы­штың, ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың электр қоз­ғалт­қы­шта­ры
1. Жа­ңа электр қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
6. Бас­қа да электр қоз­ғалт­қы­шта­ры
1. Ар­найы цех­тар­да күр­де­лі жөн­деу.
2. Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
Ар­найы цех­тар­да ақау та­бу және жөн­деу
7. Негіз­гі және ава­ри­я­лық жа­рық­тың ка­бель­де­рі және же­лі­лер тіз­бек­те­рі
Ар­найы құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ақау та­бу және жөн­дел­мей­тін ка­бель­дер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру
Ар­найы құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ақау та­бу және жөн­дел­мей­тін ка­бель­дер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру
8. Ба­қы­лау ка­бель­дер тіз­бек­те­рі
Ар­найы құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ақау та­бу және жөн­дел­мей­тін ка­бель­дер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру
Ар­найы құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ақау та­бу және жөн­дел­мей­тін ка­бель­дер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру
9. Транс­фор­ма­тор­лар, күш бе­ре­тін ке­дер­гіш­тер және маг­нит­ті кү­шейт­кіш­тер
Ақау та­бу және жөн­деу
Ақау та­бу және жөн­деу
10. Негіз­гі және ава­ри­я­лық тоқ­ты бө­ліп жі­бе­ріп тұ­ра­тын қал­қан­дар
1..Жа­ңа­ны ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру
2. Жа­рам­сыз құ­рал­дар мен ас­пап­тар­ды жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
Жа­рам­сыз құ­рал­дар мен ас­пап­тар­ды жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
11. Электр же­тек­тер­ді, мең­ге­рі­ле­тін құ­ры­л­ғы­лар­ды, бо­лат ар­қан­ды құ­ры­л­ғы­лар­ды, ди­стан­ци­я­лық бас­қа­ру жүй­е­ле­рі­нің негіз­гі және қо­сал­қы қоз­ғалт­қы­штар­ды, ар­найы тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды, жы­лу қа­зан­да­рын бас­қа­ра­тын ап­па­ра­ту­ра
1 Жа­ңа­ны өнім­дер­ді ор­на­ту ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Жа­рам­сыз ас­пап­тар­ды жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
Жа­рам­сыз ас­пап­тар­ды жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
12. Апат­ты ал­дын ала ес­кер­те­тін даб­ыл­ды тіз­бек­тер
1. Жа­ңа шы­н­жыр­лар­ды құ­ра­с­ты­ру ар­қы­лы ауы­сты­ру.
2. Жа­рам­сыз эле­мент­тер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
Жа­рам­сыз эле­мент­тер­ді жа­ңа­сы­на ауы­сты­ру және ақау та­бу
13. Ци­лин­др­лік қон­дыр­ғы ауда­ны­на сұй­ық зат құ­я­тын ке­ме­лер­дің күш бе­ре­тін ка­бель­дер же­лі­сі
Ци­лин­др­лік қон­дыр­ғы ауы­сты­ру жағ­дай­ын­да жа­ңа ка­бель­дер­ді құ­ра­с­ты­ру ар­қы­лы ауы­сты­ру
-

Қолданыстағы