Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов за использованием и охраной земель

Бұйрық · № 71-ОД · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58963/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов за использованием и охраной земель Күшін жойған Бұйрық ·№ 71-ОД ·28.03.2011
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов за использованием и охраной земель

Күшін жойған Бұйрық ·№ 71-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов за использованием и охраной земель
Атауы (қаз.)
Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71-ОД
Қабылданған күні
28.03.2011
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI58963_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006944
ЭКБ идентификаторы
58963
Редакция идентификаторы
AI58963_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:46

0 Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» Заңының 13 және 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаменті (С.Ш. Сәрсенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 71-ОД бұйрығына
Жерді пайдалану мен қорғаудың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы жерді пайдалану мен қорғауға қатысты тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзуының ықтималдылығы;

2 2) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты бақылау субъектілері – жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

3 3. Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты әрекет етуші бақылау субъектілеріне жергілікті атқарушы органдар жатады, олар мынадай тәуекел дәрежелері бойынша үлестіріледі:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстық, республикалық маңыздағы қалалардың және облыс орталығының, сондай-ақ олардың қала маңы аймақтары мен ауылдық округтерінің жергілікті атқарушы органдары;

2 2) орташа тәуекел дәрежесі – облыстық маңыздағы қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары;

3 3) төменгі тәуекел дәрежесі – селолық (ауылдық) округтердің жергілікті атқарушы органдары.

4 4. Жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері басқа тәуекел дәрежесіне ауыстырылмайды.

5 5. Әр бір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

2 Жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 71-ОД бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Жерді пайдалану мен қорғау субъектілері үшін тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
(№, күні)
_____________________________________________________________________
Субъектінің атауы ___________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы ________________________________________
_____________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі және жер учас­ке­ле­рін бе­ру­дің аук­ци­он­дық неме­се кон­кур­стық тә­сі­лі пай­да­ла­ныл­май­тын жағ­дай­лар­ды ес­кер­ме­ген­де, са­уда сат­тық­ты (аук­ци­он­дар, кон­кур­стар) өт­кі­зу­сіз жер пай­да­ла­ну­ға бе­ріл­ме­ген жер учас­ке­ле­рін неме­се жер учас­ке­ле­рін жал­дау құқы­ғын бе­ру
2
Жер учас­ке­сіне ти­іс­ті құқық­ты бе­ру ту­ра­лы же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін (ары­зда­рын) қа­рау мер­зі­мін сақ­тау
3
Сұ­рау са­лы­нып отыр­ған жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды және жер ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мін әзір­леу мер­зім­де­рін сақ­тау
4
Жер ко­мис­си­я­сы­ның оң қо­ры­тындысы негі­зін­де және бе­кі­ті­л­ген жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы­на сәй­кес жер учас­ке­сіне құқық­ты бе­ру
5
Жер учас­ке­ле­ріне құқық­ты бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­дау мер­зі­мін сақ­тау
6
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның жер учас­ке­ле­ріне құқық­ты бе­ру ту­ра­лы ше­шім­ді қа­был­дау мер­зі­мін сақ­тау
7
Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де жер учас­ке­сіне ти­іс­ті құқық­ты бе­ру
8
Жер учас­ке­сі­нің негіз­гі ны­са­на­лы та­ғай­ын­да­луы­на қай­шы кел­мей­тін мақ­сат­тар­ға ор­ман, су қо­ры жер­ле­рі са­на­ты­нан, ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи ай­мақ­тар­дан жер учас­ке­сіне құқық бе­ру
9
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген тек ерекше жағ­дай­лар­дың тіз­бе­сіне ене­тін жағ­дай­лар үшін мем­ле­кет мұқ­та­жы­на жер учас­ке­сін кү­ш­теп алып қою ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау
10
Жер заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген нор­ма­лар ше­гін­де жер учас­ке­сін же­ке мен­шік­ке те­гін бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­дау
11
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген мақ­сат­тар­ға және мер­зім­де уа­қыт­ша ақы­сыз жер пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ру
12
Жер заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген шет ел­дік­тер­ге неме­се аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ға жер­ге мен­шік құқы­ғын бе­ру
13
Уа­қыт­ша өте­улі (жал­дау) жер пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­тты жа­сау  мер­зі­мін сақ­тау
14
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қа­был­дан­ған ти­іс­ті ше­шім­дер­дің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ше­шім­де­рі­нің кө­шір­ме­ле­рін бе­ру мер­зім­де­рін сақ­тау
15
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­рын бір түр­ден екін­ші­сіне ауы­сты­ру тәр­ті­бін сақ­тау
16
Жер учас­ке­ле­ріне құқық­тар­ды бе­ру рет­ті­лі­гін сақ­тау
17
Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгер­ту ту­ра­лы өті­ніш­ті қа­рау мер­зі­мін сақ­тау
18
Жер учас­ке­сі­нің ны­са­на­лы мақ­са­тын өзгерт­кен жағ­дай­да сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­рын қай­та рә­сім­деу мер­зі­мін сақ­тау
19
Жер­ге ор­на­ла­сты­ру құ­жат­та­ма­ла­рын бе­кі­ту­дің бел­гі­лен­ген тәр­ті­бін сақ­тау
20
Тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы үшін, ар­найы жер қо­рын­да жер­лер­дің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бе­ру
21
Жер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу, есеп­ке алу және ба­ға­лау мә­лі­мет­те­рі­нің нақ­ты­лы­ғы
22
Мем­ле­кет­тік жер ка­даст­рын дұ­рыс жүр­гі­зу
Лауазымды тұлғалар:
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Басшысы:
___________________________________ _________________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы