Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үй іші қамқорлығындағы мүгедек-балаларды оқыту және тәрбиелеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 06.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2011 AI58975_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NR000138
- ЭКБ идентификаторы
- 58975
- Редакция идентификаторы
- AI58975_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:25
0 Үй іші қамқорлығындағы мүгедек-балаларды оқыту және тәрбиелеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, ""Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысымен (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 3617 тіркелді), "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тоқсан сайын үй іші қамқорлығындағы мүгедек-балаларды оқыту және тәрбиелеуге (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) әлеуметтік көмек, сегіз айлық есеп көрсеткіші көлемінде көрсетілсін.
Әлеуметтік көмек тоқсанның соңғы айының жиырма бесі күніне дейін тағайындалады және төленеді.
2 2. "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін
3 3. Мыналар анықталсын:
1 1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі аудандық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып қабылданады;
2 2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген тоқсаннан бастап, оқу жылының мерзіміне тағайындалады, мүгедектік мерзімі біткенде, мүгедек-баланың қаза болған айында немесе аудан аумағы шегінен кеткен уақытында тоқтатылады;
3 3) әлеуметтік көмек мүгедек-баланың интернат үйінде және сауықтыру мектептерінде тұру кезеңінде жүзеге асырылмайды.
4 4. Әлеуметтік көмек төлемдерінің ақшалай қаражаты, екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының түрлерін жүргізуге сәйкес лицензиясы бар ұйымдар арқылы, әлеуметтік көмекті алушының банктегі шотына аудару жолымен жүзеге асырылады
5 5. "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізілсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
_____________ Л. Өтешева