Құжат мәтініне өту

О социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 425 · қабылданған 29.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59025/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Өзге акт ·№ 425 ·29.04.2011
17.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Өзге акт ·№ 425 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной помощи на санаторно-курортное лечение отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Санаторий-курорттық емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
425
Қабылданған күні
29.04.2011
Көрсетілген редакция
17.04.2018 59025_316453.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11R0000891
ЭКБ идентификаторы
59025
Редакция идентификаторы
59025_316453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:27

0 Санаторий-курорттық емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодекстің 55 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Белгіленген тәртіпте тіркеуге алынған және Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың келесі санаттарына санаторий-курорттық емделуіне жолдама беру жолымен әлеуметтік көмек белгіленсін:

1 1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне тегін;

2

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде;

3 3) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде.

2 2. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек Алматы қаласының бюджетінде аталған мақсаттарға тиісті қаржы жылында қарастырылған қаржы шегінде беріледі.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық келісім мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасына Е.Тәжиевқа және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Мұқашевқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы