О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 23.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2011 59034_187968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SI000134
- ЭКБ идентификаторы
- 59034
- Редакция идентификаторы
- 59034_187968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:18
0 Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабы 4-тармағына сәйкес, Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін іске қосуын жүзеге асырсын.
3 3. Халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісімдерді жасау уәкілетті органға жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Бәкіровке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 143 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қалауын білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын, өтінімді берудің мерзіміне соңғы айда төлемдер бойынша берешектің жоқтығы жөніндегі салық комитетінен анықтаманы қосып, еңбек төлеу мөлшерін белгілеп еркін нысанда өтінім береді.
2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді таңдауда Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: бюджетке төлемдер бойынша берешектің болмауы, жұмыс беруші ұсынатын жалақы мөлшері, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынудың мүмкіндігі.
3
3. Іріктеуді өткен Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімді берген күннен бастап он жұмыс күні ағымында келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрлері, еңбекті төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері, бағытталатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болып табылады және оны ұйымдастыруға тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданыла алмайды.