Об организации молодежной практики в городе Жезказгане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации молодежной практики в городе Жезказгане
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласында жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/02
- Қабылданған күні
- 28.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2011 AI59042_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KB000140
- ЭКБ идентификаторы
- 59042
- Редакция идентификаторы
- AI59042_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:28
0 Жезқазған қаласында жастар практикасын ұйымдастыру туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 1520 қаулысына сәйкес және жұмыссыз азаматтардың - жоғары және орта кәсіби оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін ұлғайту және олардың практикалық тәжірибе, білім мен машықтарды жинау мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Бағдарламаны үйлестіруші):
кәсіпорындардың уақытша жұмыс күшіне қажеттілігін анықтап және оны "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жіберсін.
2 2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ұсынған қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектер ұсынылған жұмыс орындарына жіберсін;
жастар практикасының өтуі туралы түлекпен екіжақты шарт жасасын;
жастар практикасын өткізу іс-шараларын қаржыландыру 022 "Бизнестің Жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау" бағдарламасында қарастырылған 011 "Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен" ішкі бағдарламасымен қарастырылған бюджеттік қаражат есебінен жүргізсін.
жастар практикасына қатысушылардың еңбек жалақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырсын.