Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 10/10 · қабылданған 13.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59044/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 10/10 ·13.05.2011
03.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/10 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/10
Қабылданған күні
13.05.2011
Көрсетілген редакция
03.02.2012 59044_215803.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11KN000146
ЭКБ идентификаторы
59044
Редакция идентификаторы
59044_215803
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:21

0 Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Уәкілетті орган - "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):

1 1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетсін;

2 2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастарға дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;

3 3) Жастар тәжірибесін жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;

4 4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

3

3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2010 жылдың 9 тамызында тіркелінді, тіркеу нөмірі 8-14-124, 2010 жылғы 14 тамыздағы N 33 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 12/09 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы