Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району
- Атауы (қаз.)
- Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1100
- Қабылданған күні
- 12.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2013 59045_207559.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LG000141
- ЭКБ идентификаторы
- 59045
- Редакция идентификаторы
- 59045_207559
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:23
0 Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы мен "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес және әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан аумағында орналасқан барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарда және ұйымдарда:
1 1) жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде
мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;
2 2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 5 пайызы мөлшеріндегі квота белгіленсін.
2
2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ауанов) жұмысқа орналасу үшін өтініш, берген мүгедектердің, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың осы белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа жолдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.