Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте "Кызылжар" Нарынского сельского округа

Қаулы · № 63 · қабылданған 25.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59092/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте "Кызылжар" Нарынского сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 63 ·25.04.2011
21.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте "Кызылжар" Нарынского сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 63 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий в населенном пункте "Кызылжар" Нарынского сельского округа
Атауы (қаз.)
Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
25.04.2011
Көрсетілген редакция
21.05.2012 AI59092_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11TD000180
ЭКБ идентификаторы
59092
Редакция идентификаторы
AI59092_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:30

0 Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасын басшылыққа алып және Атырау облысы Исатай ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 04-04-148 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінің тұрғыны Құлмажитов Сатыбалдының үй мысығынын құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты "Қызылжар" елді мекеніне шектеу іс шаралары 60 (алпыс) күн мерзімге белгіленсін.

2 2. Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекеніне шектеу іс шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Нарын селолық округінің әкімі Е. Насимуллинге, Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Х. Қабасов (келісім бойынша), Исатай аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі М. Жағпаровқа, "Исатай аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Айдаралиевке (келісім бойынша), Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С. Жапақовқа (келісім бойынша), Исатай аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Ө. Шакесоваға (келісім бойынша) іс шарадағы көрсетілген тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

6 Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу

6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкі­мі
Б. Қа­ра­ба­ев
Келісілді:
Аудандық орталық аурухананың        Аудандық ішкі істер бөлімінің
бас дәрігері С. Айдаралиев          бастығы С. Жапақов
25.04.2011 жыл                      25.04.2011 жыл
Аудандық санитарлық-                Ауыл шаруашылығы Министрлігі
эпидемиологиялық қадағалау          агроөнеркәсіптік кешендегі
басқармасының бастығы___________    мемлекеттік инспекция
Ө. Шакесова                         Комитетінің аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
25.04.2011 жыл                      Х. Қабасов
25.04.2011 жыл
Аудан әкім­ді­гі­нің 2011 жы­л­ғы 25 сәу­ір­де­гі N 63 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген қо­сым­ша
Нарын селолық округінің "Қызылжар" елді мекенінде шектеу іс-шараларын белгілеу

Ат­қа­ра­тын ша­ра­лар­дың маз­мұ­ны
Орын­да­лу мер­зі­мі
Орын­да­луы­на жа­у­ап­ты­лар
1
Құ­ты­ру ау­руы­ның бел­гі­сі бар ау­ру жа­ну­ар­лар­ды алып қою және жою және ве­те­ри­нар­лық та­лап­тар­ға сәй­кес за­лал­сыздан­ды­ру ша­ра­ла­рын алып, құ­ты­ру ау­руы бел­гі­сі бар өлек­се­лер­ді өр­теу ар­қы­лы жо­ю­ды ұй­ым­да­стыр­сын.
Тұ­рақ­ты
Аты­рау об­лы­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің Ис­а­тай аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), аудан­дық ве­те­ри­на­рия бө­лі­мі
2
Ауыр­ған мысық­пен қа­рым-қа­ты­на­ста­ры болған адам­дар­ды шұ­ғыл ау­ру­ха­на­ға жет­кі­зіп және құ­ты­ру ау­руы­на қар­сы вак­ци­на­лық егі­сті ұй­ым­да­сты­ру, қол­да­ны­с­та­ғы заң­на­ма­лар­ға сәй­кес жү­зе­ге асы­рыл­сын
Тұ­рақ­ты
"Ис­а­тай аудан­дық ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы" ко­му­нал­дық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны (ке­лі­сім бой­ын­ша), Ис­а­тай ауда­ны бой­ын­ша мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3
На­рын се­ло­лық окру­гін­де­гі мал мен ит­тер­ді,мысық­тар­ды егіп, сол си­яқ­ты ау­ру ошақ­та­рын за­лал­сыздан­дыр­сын
Тұ­рақ­ты
Аты­рау об­лы­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің Ис­а­тай аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), аудан­дық ве­те­ри­на­рия бө­лі­мі
4
Ау­ру оша­ғы­нан ( "Қы­зы­л­жар " ел­ді ме­ке­ні­нен ) мал өнім­де­рін шы­ғар­мауды ұй­ым­да­сты­ру
Тұ­рақ­ты
Аты­рау об­лы­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің Ис­а­тай аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­сы (ке­лі­сім бой­ын­ша), Аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі (ке­лі­сім бой­ын­ша), аудан­дық ве­те­ри­на­рия бө­лі­мі, На­рын се­ло­лық округ әкі­мі

Қолданыстағы