Об утверждении Типового положения о производственно-диспетчерской службе организации гражданской авиации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о производственно-диспетчерской службе организации гражданской авиации
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 608
- Қабылданған күні
- 31.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2016 AI59106_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000608
- ЭКБ идентификаторы
- 59106
- Редакция идентификаторы
- AI59106_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:16
0 Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 608 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгі ереже 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Азаматтық авиация ұйымының өндірістік-диспетчерлік қызметі (бұдан әрі - ӨДҚ) туралы үлгі ереже азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ӨДҚ функциялары мен міндеттерін айқындайды.
2 2. ӨДҚ өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, осы Ережені, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
3 3. ӨДҚ-ге басшылық етуді азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынатын ӨДҚ бастығы жүзеге асырады.
4 4. ӨДҚ штаты азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2 2. ӨДҚ міндеттері
5 5. ӨДҚ міндеттері:
1
1) әуежай мен авиакомпания, аэронавигация, метео қамтамасыз ету қызметтері және басқа ұйымдар, соның ішінде ұшудың тәуліктік жоспарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесіне (бұдан әрі - ӘК) қызмет көрсету кезіндегі мемлекеттік ұйымдар (шекаралық, кедендік қызметтер) арасындағы өзара іс-қимыл процесін жедел басқаруды жүзеге асыру;