Құжат мәтініне өту

Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан

Бұйрық · № 24-03/184 · қабылданған 13.04.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59109/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 24-03/184 ·13.04.2011
13.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 24-03/184 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области использования и охраны водного фонда Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24-03/184
Қабылданған күні
13.04.2011
Көрсетілген редакция
13.07.2015 AI59109_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006960
ЭКБ идентификаторы
59109
Редакция идентификаторы
AI59109_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:34

0 Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 13-бабының 4-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (Орман А.О.):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлерін және су қорын пайдалану және су алуды немесе жер үстіндегі ағын суды реттеумен байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектілерге арналған тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 ақпандағы № 100 және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 102 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6109 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 мамырдағы № 119 (26180) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Ә. Оразаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 24-03/184 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
N 111 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері (әрі қарай - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес, бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен су объектілерінен су алуға байланысты қызметтерді жүзеге асыратын бастапқы су пайдаланушыларды тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін дайындалды.

2 2. Осы Критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тәуекел - халықтың сумен қамтамасыз етілуінің азаюы, су объектілерінің ластануының, қоқымдануының және сарқылуының пайда болуы, бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға арналған су пайдаланушылардың құқығының бұзылуы, сондай-ақ, су пайдаланушылар жүргізілген жұмыс нәтижесінде елді-мекендерге ауыр дәрежеде зардап шегу есебімен судың зиянды түрде әсер етуі;

2

2) бақылау субъекті - өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын, сонымен қатар, шаруашылықтың әртүрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік аясындағы жеке және заңды тұлғалар (бастапқы су пайдаланушылар).

3 3. Бақылау субъектілерін жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел салдарының дәрежелеріне жатқызу бастапқы кезеңде - объективтік критерийлер және келесі жатқызуларда - субъективтік критерийлер негізінде жүргізіледі.

4 4. Бастапқы жатқызу кезінде, барлық бақылау субъектілері, су объектілерінің стратегиялық маңызына және су алу көлеміне байланысты тәуекелдің үш дәрежесіне жіктеледі:

жоғары дәрежеге - ерекше стратегиялық маңызды су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне жатқызылған объектілерді пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
орта дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден жоғары су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден жоғары көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады;
төмен дәрежеге - тәулігіне 5 мың текше метрден аспайтын су алуды жүзеге асыратын, 10 миллион текше метрден аспайтын көлемдегі су қоймаларын пайдаланатын бақылау субъектілері жатады.

5 5. Осы Критерийлердің 4-тармағының екінші абзацында келтірілген бақылау субъектілері сумен қамтамасыз етудің өзекті стратегиялық желілері ретінде кейін, келесі жатқызуларда бұдан төмен тәуекел дәрежелеріне aуыстырылмайды.

6 6. Келесі жатқызуларда, тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлеріне (1 және 2 қосымшалар) сәйкес, жиналған балдарға байланысты, бақылау субъектілері келесідей жіктеледі:

жоғары тәуекел дәрежесіне - 45 және одан жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
орта тәуекел дәрежесіне - 30-дан бастап 45-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
төмен тәуекел дәрежесіне - 30-дан аз бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады.

7 7. Бір тәуекелдік деңгейдегі бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау үшін мыналар негіз болады:

су қоймасының ең жоғарғы көлемі;
су алудың ең жоғарғы көлемі;
гидравликалық, гидроаккумуляциялық және жылу электрстанцияларының гидротехникалық құрылыстарының ең жоғарғы күші;
мелиорация жүйелері қызмет көрсететін суғару және құрғатудың ең үлкен алаңы.

21 Жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Қазақстан Республикасының
су қорын пайдалану және қорғау
саласының жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Бұ­зу­шы­лық түр­ле­рі
Бұ­зу­шы­лық дең­гейі
Ба­лы
1
2
3
4
1
су объ­ек­ті­ле­рін өз бе­тін­ше ба­сып алу, өз бе­тін­ше су пай­да­ла­ну, су пай­да­ла­ну құқы­ғын қай­та та­быст­ау
Өрес­кел
40
2
ли­мит­тер­ді бұ­зып су алу, гид­ро­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды өз бе­тін­ше жүр­гі­зу
40
3
су объ­ек­ті­ле­рі­нен өн­ді­рі­л­ген неме­се бө­лін­ген жер асты және жер үсті су­ла­рын қыр­сыздық­пен пай­да­ла­ну
40
4
өзен­дер­дің және бас­қа да су ай­дын­да­ры­ның жай-күй­іне әсер ете­тін ғи­ма­рат­тар­ды, құ­ры­лы­стар­ды және бас­қа да объ­ек­ті­лер­ді өз бе­тін­ше са­лу
35
5
өз бе­тін­ше су ұң­ғы­ма­сын бұр­ғы­лау және жер асты су­ла­ры­ның су тар­ту то­ған­да­рын са­лу
30
6
су­лар­дың және олар­ды пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы есе­бін жүр­гі­зу ере­же­сі­нің бұ­зы­луы
ма­ңы­зды
25
7
жер үсті және жер асты су­ла­ры­ның, ауыз су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нің ла­ста­нуы, қо­қы­ста­нуы және сар­қы­луы
20
8
су жи­на­лым­да­рын­да олар­дың ла­ста­нуын, то­пы­рақ­тың су эро­зи­я­сын және бас­қа да зи­ян­ды құ­бы­лы­стар­ды ту­ғы­за­тын су қор­ғау ре­жи­мі­нің бұ­зы­луы
20
9
су­дың ла­ста­нуын және қо­қы­ста­нуын неме­се олар­дың зи­ян­ды әсе­рін бол­ғы­з­бай­тын құ­ры­лы­ста­ры мен қон­дыр­ғы­ла­ры жоқ кә­сі­по­рын­дар­ды, ком­му­нал­дық және бас­қа да объ­ек­ті­лер­ді пай­да­ла­ну­ға бе­ру
15
10
су­дың ла­ста­нуы­нан, қо­қы­ста­нуы­нан және сар­қы­луы­нан қор­ғауды, сон­дай-ақ су ре­жи­мі­нің жай-күй­ін жақ­сар­ту­ды қам­та­ма­сыз ете­тін гид­ро­тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық, ор­ман-ме­ли­о­ра­ци­я­лық, са­ни­тар­лық және бас­қа да іс-ша­ра­лар­дың жүр­гі­зіл­ме­уі
ма­ңы­зды
15
11
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры мен құ­ры­л­ғы­ла­рын, сон­дай-ақ су­мен жаб­дық­та­удың өрт­ке қар­сы жүй­е­ле­рін за­қым­дау, су қор­ғау неме­се су ша­ру­а­шы­лы­ғы бел­гі­ле­рін жою
ма­ңы­зы тө­мен
10
12
су­лар­дың және олар­ды пай­да­ла­ну­дың ба­стап­қы есе­бін жүр­гі­зу ере­же­сі­нің бұ­зы­луы
5
13
мем­ле­кет­тік су ка­даст­ры­ның есе­бі мен есеп­ті­лі­гі де­ректе­рін, су ре­сур­ста­рын ке­шен­ді пай­да­ла­ну мен қор­ғау схе­ма­ла­рын бұр­ма­лау
5
14
су ре­сур­ста­рын олар­ды ке­шен­ді пай­да­ла­ну, эко­ло­гия мен су бө­лу мүд­де­ле­рін­де рет­те­у­ге ке­дер­гі жа­сау
5

22 Жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Қазақстан Республикасының
су қорын пайдалану және қорғау
саласының жеке кәсіпкерлік
аясындағы тәуекел дәрежесін
бағалаудың критерийлеріне
2-қосымша
Жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері

Па­ра­метр­лер­дің ата­уы
Бал­дар
1
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың дә­ре­же­сі және са­ны
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың негі­зін­де есеп­те­ле­ді
2
Бас­сейн­дік ке­ңе­стер­дің, Бас­сейн­дік ке­лі­сім­дер­дің ұсы­ным­да­ры мен ұсы­ны­ста­ры­ның орын­да­луы
орын­дал­ма­ды
мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін орын­дал­ды
30
20
3
Бар­лы­ғы:
1 мен 2 қа­тар­ла­ры­ның жиын­тығы

23 Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 24-03/184 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 111 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласының жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті ______________________________________
(№, күні)
Жеке кәсіпкерлік субъектің атауы ____________________________________
Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Та­лап­тар
иә
жоқ
қа­жет етіл­мей­ді
1
2
3
4
5
1
Су ре­сур­ста­рын ұтым­ды пай­да­ла­ны­ла­ды, су­дың ысы­ра­бын қы­сқар­ту­ға ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
2
Бел­гі­лен­ген су пай­да­ла­ну ли­мит­те­рі, рұқ­сат еті­л­ген кө­лем­де­рі мен ре­жим­де­рі сақ­тал­ған
3
Бас­қа су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың құқық­та­ры мен мүд­де­ле­рі­нің бұ­зы­луы­на жол бе­ріл­ме­ген
4
Су ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну­ды есеп­ке алу жүр­гі­зі­лу­де
5
Су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­ста­ры­ның су тар­ту, су жі­бе­ру мен сар­қын­ды және кол­лек­тор­лық су­лар­ды ағы­зу құ­ры­лы­ста­рын өл­шеу құ­рал­да­ры­мен және су өл­шеу ас­пап­та­ры­мен жаб­дық­тал­ған
6
Су пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат құ­жа­ты бар
7
Ар­найы су пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған рұқ­сат­та және су пай­да­ла­ну­дың ли­ми­тін анық­та­ған кез­де ке­лі­сім­де бел­гі­лен­ген су пай­да­ла­ну шар­тта­рын, сон­дай-ақ ба­қы­ла­у­шы ор­ган­дар­дың нұс­қа­ма­ла­рын бел­гі­лен­ген мер­зім­де то­лық кө­ле­мін­де орын­да­лу­да
8
Су объ­ек­ті­сін пай­да­ла­ну ту­ра­лы анық және то­лық ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға уақ­ты­лы ұсы­ны­ла­ды
9
Су үнем­де­у­ші тех­но­ло­ги­я­лар­ды, су­а­ру­дың озық тех­ни­ка­сын, су­мен жаб­дық­та­удың ай­на­лым­дық және қай­та­ла­ма жүй­е­ле­рін ен­гізу­ге ша­ра­лар қол­да­ны­л­ған
10
Жер үсті және жер асты су­ла­ры­нан су жи­нау ала­ңы­ның ла­ста­нуы­на жол бе­ріл­ме­ген
11
Су қо­рын пай­да­ла­ну және қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның және жер қой­на­уын зер­де­леу мен пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ти­іс­ті негіз­де­ме­сі мен ше­ші­мін­сіз ауыз су са­па­сын­да­ғы су­ды өн­ді­рі­стік және бас­қа мұқ­таж­дар­ға пай­да­ла­ну­ға жол бе­ріл­ме­ген
12
Бар­лық ава­ри­я­лық жағ­дай­лар мен су пай­да­ла­ну­дың тех­но­ло­ги­я­лық ре­жи­мі­нің бұ­зы­луы ту­ра­лы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры­на және об­лы­стың (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на де­реу ха­бар­ла­на­ды
13
Су пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем­дер­дің уақ­ты­лы тө­ле­нуі жү­зе­ге асы­ры­лу­да
14
Шар­тқа сәй­кес су пай­да­ла­ну­шы­лар бел­гі­лен­ген мер­зім­де су­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген
15
Су пай­да­ла­ну­шы­лар­мен ке­лі­сім бой­ын­ша су бө­ле­тін орын­дар­да су өл­шеу ас­пап­та­ры ор­на­ты­л­ған
16
Су объ­ек­ті­ле­рі­нің ла­ста­нуы­ның, қо­қы­ста­нуы­ның және сар­қы­луы­ның, сон­дай-ақ, су объ­ек­ті­ле­ріне кел­ті­рі­ле­тін зи­ян­ның ал­дын алу жө­нін­де­гі су қор­ғау іс-ша­ра­ла­ры жүр­гі­зі­лу­де
17
Гид­ро­ме­ли­о­ра­ци­я­лық жүй­е­нің, су ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лы­сы­ның пас­пор­ты бар
18
Су объ­ек­ті­ле­рін­де бұр­ғы­лау және бар­лау жұ­мыста­ры­на ке­лі­сі­мі бар
19
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың ба­лан­сын­да­ғы гид­ро­гео­ло­ги­я­лық ұң­ғы­ма­лар, со­ның ішін­де өзді­гі­нен тө­гі­ле­тін және бар­лау ұң­ғы­ма­ла­ры, сон­дай-ақ пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз неме­се пай­да­ла­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған ұң­ғы­ма­лар кон­сер­ва­ци­я­лау құ­ры­л­ғы­ла­ры­мен жаб­дық­тал­ған неме­се жой­ы­л­ған
20
Егер же­ке және заң­ды тұ­лға­лар бұр­ғы­лау және бас­қа да кен жұ­мыста­рын жүр­гі­зу ке­зін­де суы бар жи­ек­тер­ді аш­са, олар өзді­гі­нен тө­гі­ле­тін және бар­лау ұң­ғы­ма­ла­рын рет­те­у­ші құ­ры­л­ғы­лар­мен және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­та­у­ға, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­мен, жер қой­на­уын зер­де­леу мен пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­мен, ха­лық­тың са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен және өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­мен ке­лі­сі­л­ген жо­ба­лау құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес жер асты су­ла­рын қор­ғау жө­нін­де­гі бас­қа да ша­ра­лар­ды қол­да­ну­ға мін­дет­ті
21
Жер асты су­ла­ры­ның су алу құ­ры­лы­ста­рын пай­да­ла­на­тын же­ке және заң­ды тұ­лға­лар жер асты су­ла­ры­ның са­ни­тар­лық қор­ғау ай­ма­ғы ұй­ым­да­сты­ры­л­ған
22
Жер асты су­ла­ры­на мо­ни­то­ринг Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те әзір­лен­ген және ке­лі­сі­л­ген Мо­ни­то­ринг­ті ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу жо­ба­сы­на сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді
23
Су объ­ек­ті­ле­рі­нің су қор­ғау бел­де­уле­рін­де­гі жер учас­ке­ле­рін­де же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­мен ша­ру­а­шы­лық және өзге де қыз­мет ре­жи­міне қой­ы­ла­тын та­лап­тар сақ­тал­ған
Инспекцияның лауазымды тұлғалары:
_________________ ____________ ____________________
(лауазымы)          (қолы)          (Аты-жөні)
_________________ ____________ ____________________
(лауазымы)          (қолы)          (Аты-жөні)
Мемлекеттік бақылау субъектісінің жетекшісі:
______________________________ ____________________
(Аты-жөні, лауазымы)               (қолы)

Қолданыстағы