Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на участке "Иван" Кировского сельского округа

Қаулы · № 167 · қабылданған 11.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59215/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на участке "Иван" Кировского сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 167 ·11.05.2011
20.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на участке "Иван" Кировского сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 167 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на участке "Иван" Кировского сельского округа
Атауы (қаз.)
Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167
Қабылданған күні
11.05.2011
Көрсетілген редакция
20.06.2011 59215_268572.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11TH000207
ЭКБ идентификаторы
59215
Редакция идентификаторы
59215_268572
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:24

0 Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу

туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағын 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Құрманғазы аудандық Бас мемлекеттік ветеринария-санитариялық инспекторының № 5 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 12, № 13 сараптамаларымен, азамат Жомартбек Алимжановтың меншігіндегі екі мүйізді ірі қара малы құтыру ауруына оң нәтиже берілуіне байланысты, Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Киров селолық округіндегі "Иван" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу үшін Киров селолық округ әкімі Қ. Ғилажоваға, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Ғазизовқа (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Қаспановқа (келісім бойынша), Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) келесі тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын:

1 1) құтыру ауруының белгісі бар ауру жануарларды анықтап жою және ветеринарлық талаптарға сәйкес залалсыздандыру шараларын алу, құтыру ауруы белгісі бар өлекселерді өртеу арқылы жоюды ұйымдастыру;

2 2) ауырған малмен қарым-қатынастары болған адамдарды шұғыл ауруханаға жеткізіп және құтыру ауруына қарсы вакциналық егісті ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылсын;

3 3) Киров селолық округіндегі мал мен иттерді, мысықтарды егу, сол сияқты ауру ошақтарын залалсыздандыру;

4 4) ауру ошағынан ("Иван" учаскесі) мал өнімдерін шығармауға;

5 5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу.

3 3. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құқықтары мен міндеттері шегінде тапсырмаларды орындау үшін ұсынылсын.

4 4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын қадағалауды аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.

6 6. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 20 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.

Келісілді:
С. Сәлімғалиев - Атырау облысы
Құрманғазы аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы;
К. Утаров - Құрманғазы ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы;
Ж. Қаспанов - Құрманғазы аудандық
ішкі істер бөлімінің бастығы;
Б. Ғазизов - "Құрманғазы аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорының бас дәрігері.

Қолданыстағы