Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации

Қаулы · № 674 · қабылданған 20.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59325/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации Күшін жойған Қаулы ·№ 674 ·20.06.2011
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации

Күшін жойған Қаулы ·№ 674 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата авиационного учебного центра гражданской авиации
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
674
Қабылданған күні
20.06.2011
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI59325_8.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000674
ЭКБ идентификаторы
59325
Редакция идентификаторы
AI59325_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:10

0 Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

3 3) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;

4 4) кәсіптік даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін ұстау;

5

5) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;

6 6) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіптік білім, машық пен дағды (соның ішінде біліктілік бағаларын) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесі;

7 7) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші;

8 8) өтініш беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;

9

9) сертификаттау талаптары – «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

10 10) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

11 11) тренажерда даярлау – білім алушы өту кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен еліктету құрылғыларының көмегімен практикалық машық пен дағдыларын игеретін, ұстайтын және жетілдіретін авиация персоналының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;

12 12) үлгі бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиация оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін оқу бағдарламаларын дербес белгілеу мүмкiндiгін сақтай отырып, кәсiптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететiн бағдарламалар;

13 13) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі.

РҚАО-ның ескертпесі!

3 3-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1311 қаулысымен.

3

3. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

4 4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі екі айдан аспайды.

2 2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібі

5 5. Өтініш беруші осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уәкілетті органға жолдайды. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;

2 2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі;

3 3) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;

4 4) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажет болған кезде);

5 5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесі;

6 6) кәсіптік даярлау және бар біліктіліктері туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;

7 7) оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын негізгі құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;

8 8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;

9 9) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттарының көшірмелері (бар болса);

10 10) авиациялық оқу орталығын аяқтау туралы куәліктердің және сертификаттардың үлгілері;

11 11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;

РҚАО-ның ескертпесі!

12 12) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1311 қаулысымен.

12 12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау туралы алымның төленгенін растайтын құжат.

Құжаттардың барлық көшірмелері мөрмен және өтініш берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

6 6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды жиырма бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.

7 7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігінің немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.

8 8. Құжаттаманың осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған кезде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін екі жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері енгізіледі.

9

9. Сертификаттық зерттеу жүргізу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган басталу күні, сертификаттау рәсіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларға сәйкес сертификаттық зерттеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы ресми хабарламаны авиациялық оқу орталығына жолдайды.

10 10. Авиациялық оқу орталығының сертификаттық зерттеуі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес және сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекторлар үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

11 11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.

12 12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.

13 13. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.

14 14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.

Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.

15

15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.

16 16. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді.

17 17. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.

18 18. Сертификаттың қолдану саласына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлімделген өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтінім береді. Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.

19

19. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті органға қажетті құжаттармен еркін нысанда өтініш береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.

20

20. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын уәкілетті органға өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттың қолдану саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.
Сертификаттың қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Сертификаттың қосымшасын ресімдеуді және оны беруді жүргізеді.

21 21. Мемлекеттік авиация инспекторы осы Қағида талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық ұйғарым беріледі.

Инспекторлық ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

22

22. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда немесе авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы дереу хабарлама жолдайды.

23

23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған растаушы құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексеруді жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.

24 24. Егер сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.

25 25. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті органға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде қайтаруға тиіс.

26 26. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа тұлғаға беруге болмайды.

27 27. Екі жылдан астам мерзім тағайындалатын сертификаттың қолданылу саласын қоспағанда, Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

60 Авиациялық оқу орталығының № ________ сертификаты

Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына
1-қосымша
ЕЛТАҢБА
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Авиациялық оқу орталығының № ________ сертификаты
20__ ж. «___» _________ берілген.
Осы сертификат
_____________________________________________________________________
_________________ (АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімі) ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген
талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетілген қолданылу
саласына қатысты ХААҰ стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне
сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификат авиациялық оқу орталығын 20__ ж. «___» _____________
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________
№ ____________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.
Инспекциялық бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________
жүзеге асырады.
20__ ж. «___» ____________
__________________________
Уәкілетті органның басшысы
(қолы)                                         /Т.А.Ә/
М.О.

61 Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім

Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына
2-қосымша
Авиациялық оқу орталығына сертификаттау жүргізуге өтінім

1 1. ____________________________________________________________

______________ (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы) ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә)
кәсіптік даярлықтың мынадай түрлері мен бағыттары бойынша авиациялық
оқу орталығының сертификаттауын жүргізуді сұрайды:
Р/с

Кә­сіп­тік да­яр­лау түр­ле­рі
Ба­ғыт­та­ры
(ма­ман­дық, ма­ман­да­ну, кур­стың ата­уы)
1.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды ба­стап­қы да­яр­лау
2.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды қай­та да­яр­лау
3.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың кә­сіп­тік дең­гей­ін ұстау

2 2. Ұйым туралы деректер:

1 1) Меншік нысаны ______________________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

2 2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ___________________________

_____________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)

3 3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа деректемелері ________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4 4) Телефон/факс, эл. пошта ____________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3 3. Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20__ ж. «___» ____________________
__________________________________
Азаматтық авиация ұйымының басшысы
(қолы)                                   /Т.А.Ә./
М.О.

69 Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы

Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына
3-қосымша
Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы
АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше: __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өткізілу күні, негіздеме: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны: _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Р/с

Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ұста­ным­дар­дың нө­мір­ле­рі және тек­се­рі­ле­тін эле­мент­тер
Сәй­кест­ікті ба­ға­лау
(+ -)
Сәй­кес­сіз­дік ұста­ны­мы­ның нө­мі­рі
1
2
3
4
1
Жар­ғы­ның түп­нұс­қа­сы (құ­ры­л­тай шар­ты)
2
Кә­сі­по­рын мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің түп­нұс­қа­сы
3
АОО қыз­ме­тін ре­гла­мент­тей­тін құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ұй­ы­мы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­ріне сәй­кест­і­гі.
1) Да­яр­лау және рә­сім­дер жө­нін­де­гі нұс­қау;
2) Са­па жө­нін­де­гі нұс­қау;
3) Ұшу қа­уіп­сіз­ді­гі жүй­е­сін бас­қа­ру жө­нін­де­гі нұс­қау (қа­жет болған­да), неме­се егер АОО ҰҚБЖ кә­сі­по­рын­ның ҰҚБЖ-де ашып көр­се­тіл­се, кә­сі­по­рын мө­рі­мен ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі;
4) Оқу ор­та­лы­ғы құ­ры­лы­мы­ның Жар­ғы­да (Ере­же­де) бел­гі­лен­ген мін­дет­тер­ге, функ­ци­я­лар­ға және қыз­мет ны­са­на­сы­на сәй­кест­і­гі;
5) Элек­трон­дық түр­ле­рін қо­са ал­ған­да, кі­та­п­ха­на қо­ры­ның оқу-әді­сте­ме­лік әде­би­е­ті­нің сәй­кест­і­гі.
6) Оқу жос­па­ры пән­де­рі­нің тіз­бе­сі­мен қо­сым­ша тү­лек­тер­ге бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың үл­гі­ле­рі.
4
Пер­со­нал.
1) АОО пер­со­на­лы­ның ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры;
2) Штат­тық кесте­ге сәй­кес жи­нақ­та­лу;
3) Пер­со­нал­дың іс жү­зін­де­гі мін­дет­те­рі­нің және функ­ци­я­ла­ры­ның ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зым­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі;
4) Пер­со­нал­дың кә­сіп­тік дең­гей­ін ұстау жүй­е­сі мен мер­зім­де­рі­нің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі.
5
Оқу-әді­сте­ме­лік жұ­мыс.
1) Түр­ле­рі мен ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген кә­сіп­тік да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры
2) Пән­дер бой­ын­ша әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар (анық­та­ма­лық, әді­сте­ме­лік құ­рал­дар, та­ра­ты­ла­тын ма­те­ри­ал, оқу фильм­де­рі);
3) Бі­лім алушы­лар­ды қа­был­дау, олар­ды ауда­ру, қай­та та­ғай­ын­дау, боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тар;
4) Оқу жос­па­ры­ның пән­де­рі бой­ын­ша ба­қы­лау сұ­рақ­та­ры, ем­ти­хан би­лет­те­рі (те­сті­ле­рі);
5) Дә­рі­стер және прак­ти­ка­лық са­бақ­тар маз­мұ­ны­ның өзек­ті­лі­гі және жа­ңа­лы­ғы, олар­дың оқу жос­па­ры мен жұ­мыс бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на, ХА­АҰ ұсы­ным­да­ры мен та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі;
6) Оқу-әді­сте­ме­лік ке­ңес оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­ла­ры (егер он­дай бар бол­са);
6
Ма­ман­дар­ды да­яр­лау са­па­сы
Ма­ман­дар­ды да­яр­лау са­па­сын ба­қы­ла­удың ен­гі­зі­л­ген жүй­е­сі­нің бо­луы;
1) Са­па­ны ба­қы­лау жүй­е­сін­де жа­у­ап­ты ма­ман­ның бо­луы;
2) Бел­гі­лен­ген аудит рә­сі­мі­нің бо­луы;
3) Ке­рі бай­ла­ныс жүй­е­сі;
4) Тү­зе­ту ша­ра­ла­ры­ның жүй­е­сі.
7
Ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін бас­қа­ру (қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай).
Пер­со­нал­ды да­яр­лау және рә­сім­дер бой­ын­ша нұс­қа­у­ға сәй­кес ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін бас­қа­ру­дың ен­гі­зі­л­ген жүй­е­сі­нің бо­луы.
8
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за.
1) Оқу және қо­сал­қы үй-жай­ла­ры­ның (мен­шік неме­се жал­ға алын­ған) бо­луы.
2) Оқу сы­нып­та­рын жа­рақ­та­удың ма­ман­дар­ды да­яр­лау мін­дет­те­ріне сәй­кест­і­гі.
3) Жал­да­на­тын үй-жай­лар­ға, құ­ры­лы­стар­ға, тре­на­жер­лік және ұшу тех­ни­ка­сы­на ке­лі­сім­шар­ттар­дың бо­луы.
4) Тех­ни­ка­лық оқу құ­рал­да­ры­ның бо­луы.
5) Қа­зір­гі за­ман­ғы элек­трон­дық оқу және ба­қы­лау құ­рал­да­ры­ның бо­луы.
6) Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы қа­ғи­да­ла­рын сақ­тау.
7) Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­рын, са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау нор­ма­ла­рын ти­іс­ті СЭС және ТЖ қыз­мет­те­рі­нің қо­ры­тын­ды­ла­ры негі­зін­де орын­дау.
9
Қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай.
1) Қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды ба­ға­лау бой­ын­ша оң қо­ры­тын­ды­ның бо­луы.
2) Са­лық­тар мен мін­дет­ті ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің жоқ­тығы ту­ра­лы анық­та­ма­ның бо­луы.
Ескертпе:
(*) осы оқу орны үшін міндетті емес;
(-1) авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартымен авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.
Тексерушілер: (Т.А.Ә., қолы): _________________________________
_______________________________________________________________
«Таныстым»
_______________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымының басшысы
(қолы)                                     /Т.А.Ә./
М.О.

70 Авиациялық оқу орталығы cертификатының қолданылу саласы

Авиациялық оқу орталығының
20 жылғы «  »
№    сертификатына
қосымша
Авиациялық оқу орталығы cертификатының қолданылу саласы
_____________________________________________________________________
(АОО ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды және нақты мекенжайы)
_____________________________________________________________________
Р/с

Кә­сіп­тік да­яр­лық түр­ле­рі
Ба­ғыт­та­ры
(ма­ман­дық, ма­ман­да­ну, кур­стың ата­уы)
Шек­теу (ке­зең)
1.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды ба­стап­қы да­яр­лау
2.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­ды қай­та да­яр­лау
3.
Авиа­ци­я­лық пер­со­нал­дың кә­сіп­тік дең­гей­ін ұстау
__________________________
Уәкілетті органның басшысы
(қолы)                                        /Т.А.Ә./
М.О.

71 Сертификаттық зерттеу актісі

Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына
4-қосымша
Сертификаттық зерттеу актісі
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы «___» ____________ № _________ бұйрығына сәйкес
құрамындағы комиссия:
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
(Т.А.Ә, лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(Т.А.Ә, лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә, лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
(ұйымның атауы)
Қорытынды мәтіні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: _________________________     ____________________
(Т.А.Ә)                     (қолы)
Комиссия мүшелері: _________________________     ____________________
(Т.А.Ә)                     (қолы)
_________________________     ____________________
(Т.А.Ә)                     (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы:      _________________________     ____________________
(Т.А.Ә)                     (қолы)

72 Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу актісі

Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына
5-қосымша
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу актісі
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы «___» ________________ № ________ бұйрығына сәйкес
мемлекеттік авиация инспекторы:
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
(ұйым атауы)
сертификаттық зерттеу жүргізді.
Қорытынды мәтіні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік авиация инспекторы:
_____________________________________    ____________________________
(Т.А.Ә.)                             (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: _______________________    ____________________________
(Т.А.Ә)                       (қолы)

Қолданыстағы