О проведении весенних работ по санитарной очистке, благоустройству и озеленению городов и населенных пунктов области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении весенних работ по санитарной очистке, благоустройству и озеленению городов и населенных пунктов области
- Атауы (қаз.)
- Облыстың елді-мекендері мен қалаларын тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі жұмыстар жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 06.04.2000
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2000 5934_254286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00K000076_
- ЭКБ идентификаторы
- 5934
- Редакция идентификаторы
- 5934_254286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:33
0 Облыстың елді мекендері мен қалаларын тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі жұмыстар жүргізу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шілдедегі «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Заңына сәйкес облыстың қалалары мен елді мекендерінде қысқы маусымында жиналған тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан қалалар мен елді мекендерді тазартумақсатында:
1. 2000 жылдың 15 сәуірінен және 15 маусымына дейін қалалар мен елді мекендерді санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөнінде жұмыс жүргізілсін.
2. Ағымдағы жылдың 29 сәуірі жіне 6 мамыры санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі облыстық сенбілік өткізу күндері болып жариялансын.
3. Облыстық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жұргізу жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін (N1 қосымша).
4. Көктемгі маусымда облыс қалалары мен елді-мекендерінде көкжелек отырғызу жөніндегі жоспар-тапсырма бекітілсін (N2 қосымша).
5. Облыстық СЭС (Сәтеков), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қожахметов), облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (Рейтыров) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталуын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етсін.
6. Қалалар және аудандар әкімдеріне тазарту, көркейту және көгалдандыру жөнінде жұмыс жүргізу барысы туралы мәліметтерді облыстық құрылыс жен ТКШ реформалау басқармасына апта сайын жұма күні өспелі жиынмен үлгі бойынша (N3 қосымша) хабарлау, түпкілікті мәліметтерді 20 маусымға дейін тапсыру міндеттелсін.
7. Облыстық құрысыс және ТКШ реформалау басқармасы (Қанақбаев Ғ.Қ.) тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі мәліметтердің жиналуын және ақпараттың облыстық әкіметке уақытында тапсырылуын қамтамасыз етсін.
8. Бұқаралық ақпарат құралдары көктемгі тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың өту барысы туралы жүйелі түрде жариялансын.
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
1 2000 жылы облыс қалалары мен елді-мекендерін көктемгі санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру маусымына арналған ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 07.04
N 50 шешіміне N 1 қосымша
2000 жылы облыс қалалары мен елді-мекендерін көктемгі санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру маусымына арналған
ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
NN р/н
Шаралар атауы
Орындаушылар
Орындалу мерзімі
1.
Оқу орындарына, барлық меншік үлгісіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға, тұрғын үй қорын пайдаланушы қызметтерге, елді мекендердің нақты аумақтарына жауапты тұлғалар бекіту.
Қалалар, аудандар және поселкелер әкімдері
13 сәуірдегі дейін
2.
Қоқыстарды, ұйымдастырылған үйінділерді шығаруға қажетті арнайы техникалар мен транспорт санын қатыстыру жөнінде шаралар қабылдау, олардың бекітілген участкелерге шығуына пәрменді бақылау ортану.
Қалалар, аудандар және поселкелер әкімдері, барлық меншік үлгісінднгі кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, тұрғын үй қорын пайдаланушы қызметтер
15 сәуірден 15 маусымға дейін
3.
Көркейту жөніндегі жұмыстардың уақытында орындалуын және бекітілген объектілер мен аумақтардың тиісті ұсталуын қамтамасыз ету.
___ «» ____
4.
Бекітілген шаралары сәйкес Гоголь көшесінен Станционная-Алматы-Астана автотрассасына дейінгі айналым жолындағы жұмыстардың уақытында арындалуын жүйелі бақылаумен қамтамасыз етсін.
Қарағанды қаласының әкімі
Шаралардағы сәйкес мерзімдері
5.
Үй маңындағы аумақтарды тәртіпке келтіру, алаңдарды қоқыс жинағыштар үшін көркейту, қоқыс құбырларын тазарту және дезинфекциялау
Тұрғын үй қорын пайдаланушы қызметтер
15 сәуірден
4 мамырға дейін
6.
Тұрғындарды үй астары мен шатырларды, үй маңындағы
Тұрғын үй қорын пайдаланушы қызметтер
15 сәуірден
15 мамырға дейін
7.
Қоқыстардан тазарту және шығару, қажетті урналар мен контейнелер орнату, оның ішінде жеке секторға орнату, жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы қызметтермен уақытында келісім жасауды қамтамасыз ету
Барлық меншік үлгісіндегі кәсіп орындар басшылары, тұрғын үй
20 сәуірге дейін
8.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55-жылдығын мерекелеуге байланыстс соғысқа қатысушылардың көмілген орындары-туысқандық зараттарының, оларға жақын орналасқан соғысқа қатысушыларға арналған стеллалар мен ескерткіштер орналасқан гүлзарлар мен аумақтардың тиісті түрге келтіру
Қалалар, аудандар және поселкелер әкімдері
8 мамырға дейін
9.
Көпірлер мен жолдарждың автокөлік өтетін жолдарының тазартылуын, көпір және жол қоршауларына жөндеу және сырлау жүргізуді қамтамасыз ету
тұрған үй қорын пайдалан ушы қызметтер, КШ ЖМБ
Мамыр
10.
Қарау құдықтарын жөндей отырып, инженерлік коммуникациялардағы аппатарды жойғаннан кейін жолдың жүретін бөлігінің асфальтты-бетонды жабуларын қалпы келтіру.
тұрған үй қорын пайдалан ушы қызметтер
Мамыр-маусым
11.
Сыртқы жарықтану, трамвай-троллейбус жүйелерінің, бағдаршам және жол белгілірінің тіректерін жөндеу
КШ ЖМБ, ТТБ және МАИ басшылары
15 сәуірден-
15 мамырға дейін
12.
Көктем маусымда ағаштар мен көшеттер отырғызу үшін кәсіпорындарға, ұйымдарға және оқу орындарына сату үшін көшеттердің қажетті мөлшерін әзірлеу.
Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық аумақтық орман және биоресерстар жөніндегі басқарма
15 сәуірге
дейін
2 2000 жылғы көктемгі маусымда облыс қалалары мен аудандарында көкжелек отырғызу жөніндегі ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
Облыс әкімінің 2000 жылғы 07.04
N 50 шешіміне N 2 қосымша
2000 жылғы көктемгі маусымда облыс қалалары мен аудандарында көкжелек отырғызу жөніндегі
ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
Ағаштар
Көшеттер
Қарағанды
9200
6200
Балқаш
515
890
Қаражал және Жәйрем поселкесі
1000
500
Жезқазған
600
300
Приозерск
2000 жеміс
-
Саран
970
2140
Сәтпаев
2000
1500
Теміртау
1250
1250
Шахтинск
300
400
Абай ауданы
225
350
Ақтоғай ауданы
700
1000
Бұқар жырау ауданы
500
2000
Қарқаралы ауданы
450
450
Жаңаарқа ауданы
300
200
Нұра ауданы
200
100
Оскаров ауданы
800
800
Ұлытау ауданы
1500
500
Шет ауданы
700
500
23210
19080
3 «Облыс қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі айлық өткізу туралы» облыс әкімі аппаратына апта сайын есеп беру үшін сұрақтар ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2000 жылғы 07.04
N 50 шешіміне N 3 қосымша
«Облыс қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі айлық өткізу туралы» облыс әкімі аппаратына апта сайын есеп беру үшін сұрақтар
ТІЗБЕСІ
1. Аусмақтарды тазартуға қатыстырылған ұжымдар саны
2. Қатысушылар саны, адам
3. Қатыстырылған техникалар, барлығы
оның ішінде: автомашина –
жүк тиеушілер –
4. Тазартылған аумақтар, га
5. Жойылған ұйымдастырылған қоқыстар, дана
6. Құрғатылған үй астары, дана
7. Қоқыс шығаруға жасалған келісімдер, дана
8. Қоқыс жинауға орнатылған контейнерлер, дана
9. Жөнделген көше және аула жарықтары, дана
10. Жөнделген және жылытылған ішкі есіктер мен кіре берістер, дана
11. Әзірленген және жөнделген күту павильондары, дана
12. Жөнделген жолдар, кума метр
13. Жөнделген және сырланған қоршаулар, кума метр
14. Инженерлік және байланыс жүйелеріндегі апаттарды жойғаннан кейін аумақтарды жоспарлау және көркейту, (дана)
15. Отырғызылған ағаштар (дана) және көшеттре (дана, га)
Қолданылған шаралар:
-Рәсімделген нұсқамалар және ескертулер
-Салынған айыппұлдар
-Объектіне пайдалануды тоқтату туралы шығарылған қаулылар
-Жүргізілген рейдтер
-Ұйымдастырылған тұрғындар жиынты
-әкімшілік комиссияда қарауға рәсімделген істер
-прокуратураға рәсімделген істер
-санитарлық-ағартушылық жұмыстар
Жақсы және қанағатсыз жұмыс істейтін ұжымдар мысалдары мәтін бөлігінде көрсетілсін.