Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования

Бұйрық · № 02-01-02/96 · қабылданған 17.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59376/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/96 ·17.05.2011
25.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 02-01-02/96 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02-01-02/96
Қабылданған күні
17.05.2011
Көрсетілген редакция
25.12.2013 AI59376_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007007
ЭКБ идентификаторы
59376
Редакция идентификаторы
AI59376_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:20

0

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының м.а   .
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 02-01-02/96 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ЕРЕЖЕСI

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырудың осы ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру ережесiне сәйкес әзiрлендi.

2

2. Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында (бұдан әрi – Академия), қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттырудың аумақтық орталықтарында (бұдан әрi – орталықтар) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлауды, сондай-ақ Академияда, орталықтарда және өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру шарттарын анықтайды.

3 3. Академияда, орталықтарда iске асырылатын қайта даярлаудың және бiлiктiлiктi арттырудың бiлiм беру бағдарламалары Академиямен әзiрленедi және оқу жылы басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiмен (бұдан әрi – Агенттiк) келiсiледi.

2 2. Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру

4 4. Академияда А, В, С санаттар топтарының, соның iшiнде С-О-1, С-О-2, С-R-1, D-1 - D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.

Орталықтарда C-O-3 - C-O-6, C-R-2 - C-R-5, D-4 - D-5, D-О-3 - D-O-6, E-3 - E-5, E-R-2 - E-R-5, E-G-1 - E-G-4 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн қайта даярлау жүзеге асырылады.

5 5. Академияда A, B, С санаттар топтарының, соның iшiнде C-O-1, С-О-2, C-R-1, D-1 - D-3, D-O-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының саяси және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.

Орталықтарда және өзге бiлiм беру ұйымдарында C-O-3 - C-O-6, C-R-2 - C-R-5, D-4 - D-5, D-О-3 - D-O-6, E-3 - E-5, E-R-2 - E-R-5, E-G-1 - E-G-4 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, орталықтарда қалалар, аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiнiң, олардың орынбасарларының, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады.

6 6. Қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруға жататын мемлекеттiк қызметшiлердiң саны бөлiнген бюджеттiк қаражаттарға сәйкес мемлекеттiк органдардың кадрлар қызметтерiмен анықталады.

3 3. Қорытынды ережелер

7 7. Академия, орталықтар, өзге бiлiм беру ұйымдары 10 қаңтарға дейiн осы Ереженің 1, 2-қосымшаларына сәйкес белгiленген нысандар бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру туралы ақпаратты Агенттiкке тапсырады.

8 8. Академия, орталықтар, өзге бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың бағдарламаларын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды Агенттiкке енгiзуi мүмкiн.

16 Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау жиынтығы туралы деректер___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының
Президентi жанындағы Мемлекеттiк
басқару академиясында, мемлекеттiк
қызметшiлердi қайта даярлау және
олардың бiлiктiлiгiн арттырудың
аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм
беру ұйымдарында Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк
қызметшiлерiн қайта даярлау және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастыру Ережесiне 1-қосымша
Нысан
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау жиынтығы туралы деректер___________________________________________________________________
(Академияда, орталықтарда)
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­дiң са­нат­та­ры
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есебi­нен ұста­ла­тын мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер
Жер­гiлiк­тi бюд­жет есебi­нен ұста­ла­тын мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер
Оқу­дан өт­кен мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­дiң жал­пы са­ны
Оның ішін­де:
мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ке ал­ғаш қа­был­дан­ған­дар
бас­шы ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ған­дар

17 Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жиынтығы туралы деректер

Қазақстан Республикасының
Президентi жанындағы Мемлекеттiк
басқару академиясында, мемлекеттiк
қызметшiлердi қайта даярлау және
олардың бiлiктiлiгiн арттырудың
аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм
беру ұйымдарында Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк
қызметшiлерiн қайта даярлау және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастыру Ережесiне 2-қосымша
Нысан
Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жиынтығы туралы деректер
_________________________________________________________
(Академияда, орталықтарда, өзге бiлiм беру ұйымдарында)
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет есебi­нен ұста­ла­тын мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер
Жер­гiлiк­тi бюд­жет есебi­нен ұста­ла­тын мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер
Оқу­дан өт­кен мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­дiң жал­пы са­ны

18 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының м.а.
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 02-01-02/96 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы № 02-01-02/35 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 бұйрығына толықтыруды енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3549 болып тіркелген) бұйрығы.

2

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 тамыздағы № 02-01-02/104 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген) бұйрығы.

3

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2009 жылғы 22 шілдедегі № 02-01-02/127 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5736 болып тіркелген, 2009 жылғы № 9 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығы.

4

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 02-01-02/138 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында, мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге бiлiм беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3339 болып тіркелген) бұйрығы.

Қолданыстағы