Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня должностей (профессий) работников железнодорожного транспорта, имеющих право ношения форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и знаков различия, порядка ее ношения и норм обеспечения ею

Бұйрық · № 242 · қабылданған 29.04.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59394/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня должностей (профессий) работников железнодорожного транспорта, имеющих право ношения форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и знаков различия, порядка ее ношения и норм обеспечения ею Қолданыста Бұйрық ·№ 242 ·29.04.2011
09.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня должностей (профессий) работников железнодорожного транспорта, имеющих право ношения форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и знаков различия, порядка ее ношения и норм обеспечения ею

Қолданыста Бұйрық ·№ 242 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня должностей (профессий) работников железнодорожного транспорта, имеющих право ношения форменной одежды (без погон), образцов форменной одежды (без погон) и знаков различия, порядка ее ношения и норм обеспечения ею
Атауы (қаз.)
Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242
Қабылданған күні
29.04.2011
Көрсетілген редакция
09.03.2021 59394_514289.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006989
ЭКБ идентификаторы
59394
Редакция идентификаторы
59394_514289
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:26

0 Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілерін, оның кию тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1 1) Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі (осы бұйрыққа 1-қосымша);

2 2) Темір жол көлігі қызметкерлерінің нысанды киімді (погонсыз) кию ережелері (осы бұйрыққа 2-қосымша);

3 3) Нысанды киіммен (погонсыз) темір жол көлігі қызметкерлерін қамтамасыз ету нормалары (осы бұйрыққа 3-қосымша);

4 4) Темір жол көлігі қызметкерлері үшін нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері мен айырым белгілері (осы бұйрыққа 4-қосымша).

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

9 Нысанды киім киюге (погонсыз) құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің ) тізбесі

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 242 бұйрығына
1-қосымша
Нысанды киім киюге (погонсыз) құқығы бар темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің ) тізбесі
Ла­у­а­зым­дар ата­уы
Бас­шы құ­рам
Ай­ы­рым бел­гі­ле­рі мен жа­ға­да­ғы бел­гі­лер
1
2
3
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Пре­зи­ден­ті
жо­ға­ры
"ҚТЖ" ҰҚ АҚ-ның Ви­це-Пре­зи­дент­те­рі
жо­ға­ры
Бас­қа­ру­шы ди­рек­тор-Бас ин­же­нер;
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі;
Пай­да­ла­ну жұ­мысы жө­нін­де­гі;
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам жө­нін­де­гі;
Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы жө­нін­де­гі бас­қа­ру­шы ди­рек­тор­лар
жо­ға­ры
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі де­пар­та­мен­ті­нің ди­рек­то­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» және «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры;
«Ло­ко­мо­тив», «Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның пре­зи­дент­те­рі
жо­ға­ры
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам және жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лын мо­ни­торг­теу де­пар­та­мент­те­рі­нің ди­рек­тор­ла­ры;
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі де­пар­та­мен­ті­нің 1-дең­гей­де­гі бас ме­не­дже­рі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» және «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры; бас ин­же­не­рі;
«Ло­ко­мо­тив», «Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның ви­це-пре­зи­дент­те­рі, бас ин­же­нер­ле­рі
жо­ға­ры
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі де­пар­та­мен­ті­нің ре­ви­зор­ла­ры;
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам және жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лын мо­ни­торг­теу де­пар­та­мент­те­рі­нің 1-дең­гей­де­гі бас ме­не­джер­ле­рі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның пай­да­ла­ну жұ­мысы жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы ди­рек­то­ры;  «Ло­ко­мо­тив», «Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі, пай­да­ла­ну жұ­мысы мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі, жөн­деу мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы ди­рек­тор­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» және «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның де­пар­та­мент ди­рек­тор­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры
жо­ға­ры
Жол бө­лім­ше­ле­рін­де­гі Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі де­пар­та­мен­ті­нің өкіл­ді­гі­нің бас ре­ви­зор­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» және «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның де­пар­та­мент ди­рек­тор­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «ма­ги­страль­дық же­лі бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» және «ма­ги­страль­дық же­лі бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры мен бас ин­же­нер­ле­рі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның опе­ра­тив­тік бас­қа­ру, та­сы­мал­дау про­це­сін үй­ле­сті­руі, қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі бас­қар­ма­ла­ры­ның ба­стық­та­ры
жо­ға­ры
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Ма­ги­страль­дық же­лі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды жөн­деу және қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бас­қар­ма­ла­ры­ның ба­стық­та­ры;
«Ло­ко­мо­тив», «Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы» ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­да­ры­ның пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды жөн­деу және қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бас­қар­ма­ла­ры­ның ба­стық­та­ры
аға
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның - «Достық станциясы», «Нұр-Сұлтан станциясы» филиалдарының директорлары
жо­ға­ры
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның по­езд жұ­мысын опе­ра­тив­ті жос­пар­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы;
«Ло­ко­мо­тив» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ло­ко­мо­тив пар­кін рет­теу бө­лі­мі­нің ба­стығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның, «Ло­ко­мо­тив» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі бө­лі­мі­нің ба­стық­та­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның жүк жұ­мысын ре­ви­зи­я­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның Бі­рың­ғай дис­пет­чер­лік бас­қа­ру ор­та­лы­ғы­ның ба­стығы;
қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі де­пар­та­мен­ті­нің са­ла­лар бой­ын­ша өңір­лік ре­ви­зор­ла­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Та­сы­мал­дау про­це­сі ди­рек­ци­я­сы» фи­ли­а­лы­ның қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі ре­ви­зо­ры;
аға
Жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы жө­нін­де­гі өңір­лік фи­ли­ал­дың ди­рек­то­ры;
жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын тек­се­ру жө­нін­де­гі өңір­лік ин­спек­тор;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның ба­стығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол ди­стан­ци­я­сы», «сиг­на­ли­за­ция және бай­ла­ныс ди­стан­ци­я­сы», «электр­мен жаб­дық­тау ди­стан­ци­я­сы», «рельс дәне­кер­леу кә­сі­пор­ны», «ма­ши­на­лан­ды­ры­л­ған жол ди­стан­ци­я­сы», «пай­да­ла­ну ва­гон де­по­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры;
«Ло­ко­мо­тив» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның «пай­да­ла­ну ло­ко­мо­тив де­по­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның ди­рек­тор­ла­ры
-"-
-"-
Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын тек­се­ру жө­нін­де­гі ба­қы­ла­у­шы-ре­ви­зор;
жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын тек­се­ру жө­нін­де­гі аға ин­спек­тор;
аға нұс­қа­у­шы;
по­езд жұ­мысын опе­ра­тив­ті жос­пар­лау;
ло­ко­мо­тив пар­кін рет­теу;
жүк жұ­мысын ре­ви­зи­я­лау бө­лі­мі­нің са­рап­шы­сы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның опе­ра­тив­тік бас­қа­ру бө­лі­мі­нің ба­стық­та­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық бө­лі­мі­нің ба­стық­та­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «ма­ги­страль­дық же­лі бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық, өн­ді­рі­стік, жол, бай­ла­ныс бө­лім­де­рі­нің ба­стық­та­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ло­ко­мо­тив­тер­ді пай­да­ла­ну бө­лі­мі­нің ба­стығы;
1-класс стан­ци­я­сы­ның ба­стығы;
по­езд жұ­мысын опе­ра­тив­ті жос­пар­лау бө­лі­мі­нің (ауы­сым­дық) са­рап­шы­сы;
по­езд жұ­мысын опе­ра­тив­ті жос­пар­лау бө­лі­мі­нің және ло­ко­мо­тив пар­кін рет­теу бө­лі­мі­нің ба­ғыт­тар бой­ын­ша аға дис­пет­че­рі;
жол бө­лім­ше­сі­нің аға дис­пет­че­рі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның және ДО қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі бө­лі­мі­нің ба­стығы;
қоз­ға­лыс аға ре­ви­зо­ры, өңір­лік ком­мер­ци­я­лық аға ре­ви­зор;
ло­ко­мо­тив­тер­ді бас қа­был­да­у­шы
аға
Қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі ре­ви­зор;
ком­мер­ци­я­лық ре­ви­зор;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ке­зек­ші­сі;
2-класс стан­ци­я­сы­ның ба­стығы;
қал­пы­на кел­ті­ру және өрт сөн­ді­ру по­ез­да­ры­ның ба­стығы;
ар­найы ва­гон­дар­дың, зерт­ха­на-ва­гон­дар­дың ба­стық­та­ры;
өн­ді­рі­стік оқы­ту нұс­қа­у­шы­сы;
өн­ді­рі­стік оқы­ту ше­бе­рі;
ва­гон­дар­ды тех­ни­ка­лық тек­се­ріп қа­рау пунк­ті­нің ба­стығы;
учас­ке ба­стығы;
кла­стан тыс вок­зал­дың ба­стығы;
1-класс вок­за­лы­ның ба­стығы;
жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын тек­се­ру жө­нін­де­гі өңір­лік ба­қы­ла­у­шы-ре­ви­зор;
өрт­ке қар­сы қыз­мет от­ря­ды­ның ба­стығы;
жол­се­рік­тер ре­зер­ві­нің ба­стығы
аға
По­езд дис­пет­че­рі, то­рап бой­ын­ша по­езд дис­пет­че­рі (1, 2, 3-топ);
ло­ко­мо­тив дис­пет­че­рі;
жол ма­ши­на­ла­ры­ның (ке­ше­ні­нің) ба­стығы;
3-класс стан­ци­я­сы­ның ба­стығы;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның тех­ни­ка­лық бө­лі­мі­нің ба­стығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол ди­стан­ци­я­сы», «сиг­на­ли­за­ция және бай­ла­ныс ди­стан­ци­я­сы», «электр­мен жаб­дық­тау ди­стан­ци­я­сы», «пай­да­ла­ну ва­гон де­по­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық, өн­ді­рі­стік бө­лім­де­рі­нің ба­стық­та­ры;
2 және 3-класс вок­зал­да­ры­ның ба­стық­та­ры;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның ке­зек­ші­сі;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның стан­ци­я­лық (ма­невр­лік) дис­пет­че­рі;
«Ло­ко­мо­тив» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның «пай­да­ла­ну ло­ко­мо­тив де­по­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның аға ке­зек­ші­ле­рі;
ло­ко­мо­тив­ті аға қа­был­да­у­шы;
нұс­қа­у­шы-ма­ши­нист;
жол ма­ши­на­ла­ры­ның нұс­қа­у­шы-ма­ши­ни­сі;
ав­то­те­же­гіш­тер мен бук­стік то­рап жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы;
тар­тым­дық қо­сал­қы стан­ци­я­ның;
түй­іс­пе же­лі­сі ауда­ны­ның;
же­лі­лік аудан­ның ба­стық­та­ры;
жөн­деу-тек­се­ру учас­ке­сі­нің ба­стығы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «жол ди­стан­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның аға жол ше­бе­рі;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның жүк дис­пет­че­рі
ор­та
4-5 класс стан­ци­я­ла­ры­ның ба­стық­та­ры;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі ин­же­нер­ле­рі;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы­ның жүк дис­пет­че­рі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бө­лім­ше­сі» фи­ли­ал­да­ры­ның ва­гон­дар­ды бө­лу­ші дис­пет­че­рі;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның ин­же­нер-тех­но­ло­гы;
би­лет кас­са­ла­рын мең­ге­ру­ші­сі;
1 - 2 класс ло­ко­мо­тив ма­ши­ни­сі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «сиг­на­ли­за­ция және бай­ла­ныс ди­стан­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның аға электр ме­ха­ни­гі;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «электр­мен жаб­дық­тау ди­стан­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның аға электр ме­ха­ни­гі;
өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық бө­лім­нің же­тек­ші ин­же­не­рі;
жол­ды ағым­дық кү­тіп ұстау жө­нін­де­гі жол ше­бе­рі;
1-топ кө­пір ше­бе­рі;
ше­бер;
ва­гон­дар­ды қа­был­дап алушы;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның та­у­ар­лық кең­се ба­стығы;
би­лет және та­у­ар кас­са­ла­ры­ның мең­ге­ру­ші­сі;
вок­зал ба­стығ­ы­ның ке­зек­ші кө­мек­ші­сі;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы бой­ын­ша ке­зек­ші;
стан­ци­я­лық (ма­невр­лік) дис­пет­чер;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның ор­та­лық­тан­ды­ру по­сты­ның ке­зек­ші­сі
жо­ла­у­шы­лар по­е­зы­ның ба­стығы;
сұ­рып­тау дө­ңе­сте­рі мен парк­тер бой­ын­ша ке­зек­ші;
кла­стан тыс стан­ци­я­ның стан­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лық ор­та­лы­ғы­ның ба­стығы;
«Ло­ко­мо­тив» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның «пай­да­ла­ну ло­ко­мо­тив де­по­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның ке­зек­ші­ле­рі;
ло­ко­мо­тив бри­га­да­ла­ры­ның аға на­ряд жа­бу­шы­сы (мең­ге­ру­ші­сі);
ло­ко­мо­тив­тер­ді қа­был­да­у­шы
ор­та
3 – 4 класс ло­ко­мо­тив ма­ши­ни­сі;
пай­да­ла­ну ақ­па­рат жүй­е­ле­рі бө­лі­мі­нің ав­то­мат­тық бас­қа­ру жүй­е­сі­нің дис­пет­че­рі;
га­ба­рит­сіз жүк­тер­мен және әс­ке­ри та­сы­мал­дар­мен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де­гі бө­лім­нің (ауы­сым­дық) дис­пет­че­рі;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы­ның ин­же­нер-тех­но­ло­гы;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «сиг­на­ли­за­ция және бай­ла­ныс ди­стан­ци­я­сы», «электр­мен жаб­дық­тау ди­стан­ци­я­сы» «электр­мен жаб­дық­тау ди­стан­ци­я­сы» фи­ли­ал­да­ры­ның электр ме­ха­ни­гі;
2 және 3 топ кө­пір ше­бе­рі;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы ор­та­лық­тан­ды­ру по­сты­ның ке­зек­ші­сі;
бө­лім­нің (тех­ни­ка­лық, өн­ді­рі­стік, жол, бай­ла­ныс) 1-са­нат­ты ин­же­не­рі;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы та­у­ар­лық кең­се­сі­нің ба­стығы;
та­у­ар­лық кең­се­нің мең­ге­ру­ші­сі;
ор­та
3, 4, 5-класс стан­ци­я­сы бой­ын­ша ке­зек­ші;
ор­та­лық­тан­ды­ру по­сты­ның опе­ра­то­ры;
сұ­рып­тау дө­ңе­сі­нің опе­ра­то­ры;
1 және 2-класс стан­ци­я­сы­ның стан­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лық ор­та­лы­ғы­ның ба­стығы;
стан­ци­я­ның тех­ни­ка­лық кең­се­сі­нің ба­стығы;
жо­ла­у­шы­лар ва­гон­да­рын­да­ғы орын­дар­ды бө­лу және қол­да­ну жө­нін­де­гі бю­ро­ның мең­ге­ру­ші­сі;
есеп­ке алу және есеп­ті­лік то­бы­ның ба­стығы
-"-
-"-
Стан­ци­я­лық дис­пет­чер­дің жа­нын­да­ғы опе­ра­тор;
стан­ция бой­ын­ша ке­зек­ші­нің жа­нын­да­ғы опе­ра­тор;
ма­невр дис­пет­че­рі­нің жа­нын­да­ғы опе­ра­тор;
би­лет және ба­гаж аға кас­сир­ле­рі;
жо­ла­у­шы­лар­дың ты­ны­ғу бөл­ме­сі­нің мең­ге­ру­ші­сі;
ком­мер­ци­я­лық тек­се­ріп қа­рау пунк­ті­нің бри­га­ди­рі;
сақ­тау ка­ме­ра­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі;
жүк­тер­ді із­де­сті­ру бю­ро­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі;
по­ез­дар­ды аға қа­был­дап тап­сы­ру­шы;
мо­то­воз ма­ши­ни­сі;
ло­ко­мо­тив ма­ши­ни­сі­нің кө­мек­ші­сі;
ло­ко­мо­тив бри­га­да­ла­ры­ның на­ряд жа­бу­шы­сы;
ва­гон­дар­ды аға тек­се­ріп қа­ра­у­шы;
кон­тей­нер­лік алаң­ның мең­ге­ру­ші­сі;
сұ­рып­тау плат­фор­ма­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі;
та­у­ар (жүк) аға кас­си­рі;
жүк­тер­ді және ба­гаж­ды аға ка­был­дап тап­сы­ру­шы;
та­у­ар­лық кең­се­нің аға опе­ра­то­ры;
по­шта экс­пе­ди­ци­я­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі;
бри­га­дир­лер (боса­ты­л­ған);
жол­ды және жа­сан­ды құ­ры­лы­стар­ды ағым­дық кү­тіп-ұстау жө­нін­де­гі бри­га­дир;
ақа­у­тап­қыш ар­ба­ша­ның опе­ра­то­ры;
ақа­у­тап­қыш ва­гон­ның бап­та­у­шы­сы;
жол ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сі;
электр-ме­ха­ник
кі­ші
Ақа­у­тап­қыш ар­ба­ша опе­ра­то­ры­ның кө­мек­ші­сі;
мо­то­воз ма­ши­ни­сі­нің кө­мек­ші­сі;
по­езд электр ме­ха­ни­гі;
те­мір жол жол­да­ры мен жа­сан­ды құ­ры­лы­стар­ды қа­ра­у­шы;
өт­пе бой­ын­ша ке­зек­ші;
ва­гон жол­сері­гі;
қыз­мет ва­го­ны­ның жол­сері­гі;
ар­найы ва­гон­ның жол­сері­гі;
жүк­тер мен ар­найы ва­гон­дар­ды алып жү­ру жө­нін­де­гі жол­се­рік;
жат­тық­па ва­гон­ның жол­сері­гі;
би­лет кас­си­рі;
ба­гаж кас­си­рі;
тех­ни­ка­лық кең­се­сі­нің опе­ра­то­ры;
қа­тар­да­ғы
Жең­де­гі ай­ы­рым
бел­гі­лер көз­дел­ме­ген
вок­зал за­лы бой­ын­ша ке­зек­ші;
пер­рон ба­қы­ла­у­шы­сы;
экс­пе­ди­тор (по­шта);
экс­пе­ди­тор (жү­ріп тұ­ра­тын);
ком­мер­ци­я­лық агент;
анық­та­ма бе­ру жө­нін­де­гі ке­зек­ші;
жүк тап­сы­ру жө­нін­де­гі агент
-"-
-"-
Ескертпе: Осы тізбеде көрсетілген бөлімшелердің орынбасарлары мен бас инженерлері үшін тиісті бөлімшенің басшысына арналған айыру белгілерін белгілейтін жолдан кейінгі жолда көзделген жеңдік айыру белгілері белгіленеді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы
ДО – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары

10 Темір жол қызметкерлерінің нысанды киімдерді (погонсыз) кию қағидасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 242 бұйрығына
2-қосымша
Темір жол қызметкерлерінің нысанды киімдерді (погонсыз) кию қағидасы

1 1. Осы Қағида темір жол қызметкерлерінің нысанды киімді (погонсыз) кию тәртібін белгілейді.

2 2. Нысанды киімді (погонсыз) Нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар темір жол қызметкерлері лауазымдары (кәсіптері) тізбесінде көзделген темір жол қызметкерлері лауазымдық міндеттерін атқару кезінде киеді.

3 3. Жұмыстары жолаушыларға, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетумен, сондай-ақ поездар қозғалысымен байланысты темір жол қызметкерлері нысанды киіммен Темір жол қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз ету нормаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.

4 4. Нысанды киімнің (погонсыз) барлық заттары, айырым белгілері мен нысанды киімнің (погонсыз) белгілері мінсіз жай-күйде ұсталуы және белгіленген Темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілеріне сәйкес болуы тиіс.

5 5. Нысанды киім қысқы және жазғы, ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.

6 6. Мыналарға:

1 1) ондай құқық берілмеген тұлғалардың нысанды киімді (погонсыз) киюіне және айырым белгілерін тағуына;

2 2) нысанды киімнің (погонсыз) заттарын басқа киіммен араластырып киюге, сондай-ақ жазғы және қысқы нысанды киімнің заттарымен араластырып киюге рұқсат етілмейді.

7 7. Нысанды киіммен (погонсыз) бояулар гаммасы бойынша нысанды киімнің түсімен сәйкес келетін, әшекейлерсіз классикалық стильдегі аяқ киімді киюге рұқсат етіледі.

8 8. Қызметкерлерге берілген нысанды киім (погонсыз) олардың атына кию мерзімі аяқталғанға дейін есепке алынады.

Кию мерзімі нысанды киім заттарын алған сәттен бастап есептеледі.

9 9. Жұмысқа сынау мерзімімен алынған қызметкерлерге нысанды киім (погонсыз) сынау мерзімі аяқталған соң беріледі.

22 Темір жол көлігі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 242 бұйрығына
3-қосымша
Темір жол көлігі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Кию мер­зі­мі (жы­лы)
1
2
3
4
Жо­ға­ры және аға бас­шы құ­рам­ға ар­нал­ған
1. Ны­сан­ды паль­то.
да­на
1
4
2. Ер­лер ко­стю­мы (пи­джак, шал­бар).
жи­нақ
1
2
3. Әй­ел­дер ко­стю­мы (пи­джак, бел­дем­ше).
жи­нақ
1
2
4. Ны­сан­ды плащ.
да­на
1
3
5. Ны­сан­ды жаз­ғы күр­те.
да­на
1
3
6. Ны­сан­ды қы­сқы бас ки­ім.
да­на
1
3
7. Ны­сан­ды фу­раж­ка.
да­на
1
3
8. Ұзын жең­ді ны­сан­ды жей­де­лер (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
9. Қы­сқа жең­ді ны­сан­ды жей­де­лер (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
10. Ұзын жең­ді ны­сан­ды әй­ел­дер жей­де­ле­рі (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
11. Қы­сқа жең­ді ны­сан­ды әй­ел­дер жей­де­ле­рі (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
12. Қы­сқы­шы бар ны­сан­ды гал­стук­тер (көк, қа­ра).
да­на
2
2
Ор­та және кі­ші бас­шы құ­рам­ға ар­нал­ған
1. Ны­сан­ды паль­то.
да­на
1
4
2. Ер­лер ко­стю­мы (пи­джак, шал­бар).
жи­нақ
1
2
3. Әй­ел­дер ко­стю­мы (пи­джак, бел­дем­ше).
жи­нақ
1
2
4. Ны­сан­ды плащ.
да­на
1
3
5. Ны­сан­ды жаз­ғы күр­те.
да­на
1
3
6. Ны­сан­ды қы­сқы бас ки­ім.
да­на
1
3
7. Ны­сан­ды фу­раж­ка.
да­на
1
3
8. Ны­сан­ды қы­зыл фу­раж­ка (стан­ция ке­зек­ші­ле­ріне ар­нал­ған).
да­на
1
3
9. Ұзын жең­ді ны­сан­ды жей­де­лер (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
10. Қы­сқа жең­ді ны­сан­ды жей­де­лер (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
11. Ұзын жең­ді ны­сан­ды әй­ел­дер жей­де­ле­рі (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
12. Қы­сқа жең­ді ны­сан­ды әй­ел­дер жей­де­ле­рі (ақ және кө­гіл­дір).
да­на
2
2
13. Қы­сқы­шы бар ны­сан­ды гал­стук­тер (көк, қа­ра).
да­на
2
2
14. Ны­сан­ды бе­рет­ка (жол­се­рік­тер­ге ар­нал­ған).
да­на
1
2
15. Ны­сан­ды жем­пір.
да­на
1
2

23 Темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 242 бұйрығына
4-қосымша
Темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері

1 1. Темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған айырым белгілері мен нысанды киімнің белгілері лауазымына қарай белгіленеді.

2 2. Нысанды киімнің айырым белгілері нысандық киімде орналасуына қарай 2 түрге бөлінеді:

- жеңдегі айырым белгілер;
- кеудедегі айырым белгілер.

3 3. Жеңдегі айырым белгілері лауазымына қарай биіктігі 50-ден 60 миллиметрге (бұдан әрі - мм) дейін, ені жеңнің тігістерінің арасындағы қашықтыққа тең болатын тік төртбұрыш болып табылады.

4 4. Президенттің жеңдегі айырым белгісі биіктігі 60 мм болатын ұлттық оюмен өрнектелген алтын түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 4 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Алтын түсті аяда лавр жапырақтарынан жасалған дестеде алтын түсті жіппен диаметрі 27 мм болатын бес бұрышты жұлдыз кестеленеді.

5 5. Вице-президенттің жеңдегі айырым белгісі биіктігі 60 мм болатын ұлттық оюмен өрнектелген алтын түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 4 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Алтын түсті аяда лавр жапырақтарынан жасалған дестеде алтын түсті жіппен диаметрі 20 мм болатын бес бұрышты жұлдыз кестеленеді.

6

6. Басқарушы директорлардың, департамент директорларының, филиал директорларының, еншілес ұйымдардың президенттерінің жеңдегі айырым белгілері биіктігі 60 мм болатын ұлттық оюмен өрнектелген алтын түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 2 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Басқарушы директорлар үшін алтын түсті аяда алтын түсті жіппен бес бұрышты екі жұлдыз және департаменттер мен филиалдар директорлары, еншілес ұйымдардың президенттері үшін бес бұрышты бір жұлдыз кестеленеді. Жұлдыздың диаметрі 20 мм болады. Көлбеу бойынша жұлдыздардың орталарының арасындағы қашықтық 35 мм болады.

7

7. Қалған жоғары құрамның жеңдегі айырым белгілері биіктігі 50 мм болатын ұлттық оюмен өрнектелген қара көк және алтын түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 2 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Қара көк түстес аяда көлбеу осі бойынша диаметрі 16 мм алтын түстес металдан жасалған біреуден үшеуге дейін бес бұрышты жұлдыз орналасады. Көлбеу бойынша жұлдыздардың орталарының арасындағы қашықтық 35 мм болады.

8

8. Аға құрамның жеңдегі айырым белгілері биіктігі 50 мм болатын қара көк түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 2 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Оқаның көлбеу осі бойынша ені 8 мм алтын түстес екі жолақ қатар салынады. Жолақтардың арасындағы қашықтық - 2 мм. Жолақтың төменгі шетінен оқаның төменгі шетіне дейінгі қашықтық - 7 мм. Жоғарғы жолақтың үстінен горизонтальды ось бойынша диаметрі 16 мм алтын түстес металдан жасалған біреуден үшеуге дейін бес бұрышты жұлдыз орналасады. Көлбеу бойынша жұлдыздардың орталарының арасындағы қашықтық 30 мм болады. Оқаның жоғарғы шетінен жұлдыздың ортасына дейінгі қашықтық -12 мм.

9

9. Орта құрамның жеңдегі айырым белгілері биіктігі 50 мм болатын қара көк түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 2 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Оқаның көлбеу осі бойынша ені 8 мм алтын түстес екі жолақ қатар салынады. Жолақтың төменгі шетінен оқаның төменгі шетіне дейінгі қашықтық - 7 мм. Жолақтың үстінен көлбеу осі бойынша диаметрі 16 мм алтын түстес металдан жасалған біреуден үшеуге дейін бес бұрышты жұлдыз орналасады. Көлбеу бойынша жұлдыздардың орталарының арасындағы қашықтық 30 мм болады. Оқаның жоғарғы шетінен жұлдыздың ортасына дейінгі қашықтық - 12 мм.

10 10. Кіші құрамның жеңдегі айырым белгілері биіктігі 50 мм болатын қаракөк түстес оқадан тұрады. Оқа қалыңдығы 2 мм алтын түстес баумен жиектеледі. Оқаның көлбеу осі бойынша ені 8 мм алтын түстес екі жолақ салынады. Жолақтың төменгі шетінен оқаның төменгі шетіне дейінгі қашықтық - 7 мм.

Қатардағы құрамның айырым белгілері болмайды.
Жеңдегі айырым белгілері пиджактың екі жеңіне тігісінен тігісіне дейін жеңнің төменгі шетінен 8-10 сантиметр қашықтықта тігіледі.
Жұлдыздардың, жолақтардың орналасуы мен айырым белгілерінің мөлшерлері темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілеріне қосымшада келтірілген.

11 11. Күртедегі, жейде мен әйелдер жейдесіндегі кеудедегі айырым белгілері нысаны бойынша жеңдегі айырым белгілеріне сәйкес болады, биіктігі 40 мм, ені кеудедегі қалтаның еніне тең болатын тік төртбұрыш болып табылады.

Кеудедегі айырым белгілері күртенің, жейде мен әйелдер жейдесінің кеудедегі қалтасының үстіне тігіледі.
Жоғары құрамға арналған кеудедегі айырым белгілері жеңдегі айырым белгілері тәріздес жасалады.
Аға, орта және кіші құрамға арналған кеудедегі айырым белгілері маталық материалдың негізінде баспа-таңба (басылыс) әдісімен жасалады.
Кеудедегі айырым белгілерінің эскиздері мен мөлшерлері темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілеріне қосымшада көрсетілген.

12 12. Нысанды киімнің белгілері жағадағы, жеңдегі, кеудедегі және бас киімдегі болып бөлінеді.

13 13. Жағадағы белгі жоғары құрам үшін лавр жапырақтары түріндегі және қалған құрам үшін техникалық белгі түріндегі кесте болып табылады.

Президенттің, вице-президенттердің және басқарушы директорлардың нысанды киімінің жағасын ұзындығы 100 мм жеті лавр жапырағымен кестелеу, қалған жоғары басшы құрам басшыларының нысанды киімінің жағасын ұзындығы 75 мм бес лавр жапырағымен кестелеу көзделген. Аға, орта және кіші құрамға арналған нысанды костюмнің жағасына техникалық белгі орнатылады.
Техникалық белгі алтын түстес металдан жасалған, ұлттық ою-өрнегі бар жартылай шеңбермен көмкерілген айқасқан ажыратылмалы кілт пен балға болып табылады. Белгінің төменгі жағында стильденген доңғалақ бейнеленеді. Техникалық белгінің диаметрі - 20 мм.

14 14. Кеудедегі белгі эллипс тәріздес қанаттары бар доңғалақ болып табылады.

Кеудедегі белгінің өлшемі: доңғалақтық габаритері - 20 х 10 мм, қанаттарының ауқымы - 70 мм.
Жоғары басшы құрамға арналған кеудедегі белгі алтын түстес жіппен кестеленеді. Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға арналған кеудедегі белгі алтын түстес металдан жасалады.
Кеудедегі белгі нысанды костюмнің және жазғы нысанды жейденің (әйел жейдесінің) оң жағында кеуде тұсында орналасады.

15

15. Тиістілік белгісі (шеврон) нысанды костюмнің матасынан жасалады. Шеврон сары түсті жиектемесі бар диаметрі 80 мм шеңбер болып табылады. Жиектеменің ені – 2 мм. Шеңбердің ортасында диаметрі 45 мм «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логотипі орналасады. Шеңбердің жоғары жағында «Қазақстан» деген жазу болады. Әріптерінің биіктігі - 7 мм. Шевронның төменгі жағында «ҚТЖ» деген жазу болады. Әріптердің биіктігі - 10 мм. Қара көк түстес аяның екі жағында логотип пен жиектеменің арасында ұлттық ою-өрнек орналасады. Ою-өрнектің ені - 6 мм. Шеврон аға, орта, кіші және қатардағы құрам костюмінің сол жақ жеңінде жеңнің жоғарғы жиегінен 8-10 мм қашықтықта орнатылады.

16

16. Бас киімдегі белгі (кокарда) алтын түстес ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аясы қара көк түсті диаметрі 40 мм төменгі жағы созылған шеңбер болып табылады. Төменгі жағында стильденген доңғалақ бейнеленеді. Қара көк түсті аяда айқасқан ажыратылмалы кілт пен балға орналасқан. Негізі лавр жапырақтарымен көмкерілген.
Кокарданың ұзындығы төрт өлшем үшін: Президенттің, Вице-президенттің бас киімінде 140 мм, басқарушы директорлардың бас киімінде 120 мм, жоғарғы басшы құрамның бас киімінде 100 мм, басқа санаттағылардың бас киімінде 90 мм. Бас киімге арналған кокарда жоғары басшы құрам үшін кестеленген түрде, ал қалған санаттағылар үшін металдан жасалады.
Президент, Вице-президент, басқарушы директорлар фуражкаларының қалқаншаларында біріне қарама-қарсы орналасқан ұзындығы 100 мм жеті лавр жапырағынан тұратын екі бұтақтың кестесі көзделген.

17 17. Галстукке арналған қысқыш ұзындығы 70 мм алтын түсті металл пластинка болады. Пластинканың шетінен 25 мм қашықтықта диаметрі 12 мм шеңбердің ішінде Компанияның алтын түсті логотипі орналасады.

18 18. Түймелері сары түсті металдан жасалады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың логотипі бар.

Түймелер үлкендерінің диаметрі - 25 мм және кішкентайларының диаметрі 14 мм болып бөлінеді.

19 19. Президентке, Вице-президентке, басқарушы директорларға, жоғары, аға, орта, кіші және қатардағы құрамға арналған погонсыз нысанды киімнің және айырым белгілерінің үлгілері темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері қосымшада көрсетілген.

1 4-қосымшаға

Темір жол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (пагонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері
Теміржол көлігі қызметкерлеріне арналған нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің нұсқалары
Жоғары құрамға арналған нысанды киімнің үлгілері
Аға және орта құрамға арналған нысанды киімнің үлгілері
Кіші және қатардағы құрамға арналған нысанды киімнің үлгісі
Кіші және қатардағы құрамға арналған нысанды киімнің үлгісі (әйелдер костюмі)
Нысанды фуражка
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Президентіне арналған
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Вице-Президентіне арналған
Басқарушы директорларға арналған
Жоғары құрамға арналған
(Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының директорлары, «Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының президенттері)
Жоғары құрамға арналған
(Жылжымалы құрам және жолаушылар тасымалын мониторгтеу департаменттерінің директорлары; Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің еңбекке ақы төлеудің 1-деңгейіндегі бас менеджері; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының директорларының орынбасарлары, бас инженері; «Локомотив», «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының вице-президенттері, бас инженерлері)
Жоғары құрамға арналған
(Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің ревизорлары; Жылжымалы құрам және жолаушылар тасымалын мониторгтеу департаменттерінің еңбекке ақы төлеудің 1-деңгейіндегі бас менеджерлері; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының, «Локомотив» және Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдарының атқарушы директорлары; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының департаменттерінің директорлары; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» филиалдарының директорлары)
Жоғары құрамға арналған
(Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің өңірлік бас ревизоры; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» және «Магистральдық желі дирекциясы» филиалдарының департамент директорларының орынбасарлары; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының директорлары; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «жол бөлімшесі» және «магистральдық желі бөлімшесі» филиалдарының директорларының орынбасарлары, бас инженерлері; ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалдарының басқармаларының бастықтары; ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Достық станциясы» және «Нұр-Сұлтан станциясы» филиалдарының директорлары)
Аға құрамға арналған
Орта құрамға арналған
Кіші құрамға арналған
Аға, орта, кіші және қатардағы құрамға арналған нысанды киімнің белгілері

Қолданыстағы