Об установлении стоимости разовых талонов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении стоимости разовых талонов
- Атауы (қаз.)
- Бір жолғы талондардың кұнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 343
- Қабылданған күні
- 14.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 AI59422_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NM000132
- ЭКБ идентификаторы
- 59422
- Редакция идентификаторы
- AI59422_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:12
0 Бір жолғы талондардың кұнын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабының 6-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына және Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы берген хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректеріне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондар құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй- жайлардағы (оқшауланған блоктардағы), сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінің
Қостанай облысы бойынша
Салық Департаментінің
Қарасу ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
_______________ Б. Сүлейменов
4 Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондар құны
Мәслихатының
2011 жылғы 14 маусымдағы
№ 343 шешіміне
1-қосымша
Дүркін-дүркін сипаттағы қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондар құны
Рет
саны
Қызмет түрлері
Талондардың
теңгедегі
құны
1
Газеттер мен журналдар, тұқым,
сондай-ақ отырғызылатын материал
(екпелер, көшет) бақша дақылдарын,
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи
гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы,
бағбандық, бақшашылық және саяжай
учаскелерінің өнімдерін, жануар мен
құстардың жемдерін сыпыртқылар,
сыпырғылар, орман жидегін,бал,
саңырауқұлақ және балық сатуды
(стационарлық үй-жайда жүзеге
асырылатын қызметтерді қоспағанда)
179
2
Үй жануарлары мен құстарды бағу
289
3
Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке
трактор иелерінің көрсететін қызметін
254
5 Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны
Мәслихатының
2011 жылғы 14 маусымдағы
№ 343 шешіміне
2-қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы)
сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғаларға бір жолғы талондар құны
Рет
саны
Қызмет түрлері
Талондардың
теңгедегі
құны
1
Өнеркәсіп тауарларын және
азық-түлік тауарларын өткізу
286