Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых домами-интернатами для умственно-отсталых детей, психоневрологическими интернатами, домами-интернатами для престарелых и инвалидов общего типа

Қаулы · № 719 · қабылданған 14.05.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5949/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых домами-интернатами для умственно-отсталых детей, психоневрологическими интернатами, домами-интернатами для престарелых и инвалидов общего типа Қолданыста 14.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых домами-интернатами для умственно-отсталых детей, психоневрологическими интернатами, домами-интернатами для престарелых и инвалидов общего типа

Қолданыста Қаулы № 719 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых домами-интернатами для умственно-отсталых детей, психоневрологическими интернатами, домами-интернатами для престарелых и инвалидов общего типа
Атауы (қаз.)
Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
719
Қабылданған күні
14.05.2000
Көрсетілген редакция
14.05.2000 AI5949_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000719_
ЭКБ идентификаторы
5949
Редакция идентификаторы
AI5949_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы

"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Ұсынылып отырған Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

3 Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану Ережесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 мамырдағы
N 719 қаулысымен
бекітілген
Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану Ережесі

1. Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражат заңнамаға сәйкес мынадай бағыттар бойынша:

қамқорлыққа алынғандарды тамақтандыруды және дәрігерлік көмек көрсетуді жақсартуға;
емдеу-еңбек шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлерінде және қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлерінде тұратын қамқорлыққа алынғандарды көтермелеуге;
емдеу-еңбек шеберханалары, қосалқы шаруашылықтар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге;
интернаттарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуге;
мәдени шараларды өткізуге және демалысты ұйымдастыруға пайдаланылады.

2. Интернаттардың тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан алынатын қаражаты интернаттардың "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына енгізіледі және мақсатты орны бойынша қатаң жұмсалады.

3. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты жұмсау үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен, шығыстар сметасы жасалады және бекітіледі.

4. Тауарлар мен ақылы қызметтерді сатудан түсетін қаражаттың есебін жүргізу және олардың пайдаланылуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тауарлар мен ақылы қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражаттың иелік етушісі, бюджет қаражатына иелік ету құқығы берілген, интернаттардың басшылары болып табылады.

6. Тауарлардың және интернаттар көрсететін қызметтердің бағасын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.