О создании Республиканских государственных казенных предприятий "Республиканский велотрек "Сарыарка" и "Комплекс лыжных и биатлонных стадионов "Алатау" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканских государственных казенных предприятий "Республиканский велотрек "Сарыарка" и "Комплекс лыжных и биатлонных стадионов "Алатау" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" және "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 757
- Қабылданған күні
- 02.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI59521_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000757
- ЭКБ идентификаторы
- 59521
- Редакция идентификаторы
- AI59521_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:02
0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" және "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы;
2 2) кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 757 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-10, 15-11-жолдармен толықтырылсын:
«15-10. «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-11. «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».