О создании Республиканских государственных казенных предприятий "Республиканский велотрек "Сарыарка" и "Комплекс лыжных и биатлонных стадионов "Алатау" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканских государственных казенных предприятий "Республиканский велотрек "Сарыарка" и "Комплекс лыжных и биатлонных стадионов "Алатау" Комитета по спорту Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" және "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 757
- Қабылданған күні
- 02.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI59521_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000757
- ЭКБ идентификаторы
- 59521
- Редакция идентификаторы
- AI59521_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:02
0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" және "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы;
2) кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 757 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-10, 15-11-жолдармен толықтырылсын:
«15-10. «Сарыарқа» республикалық велотрегі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15-11. «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».