Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и форм проверочных листов по оказанию медицинских услуг

Бұйрық · № 360 · қабылданған 06.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59575/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и форм проверочных листов по оказанию медицинских услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 360 ·06.06.2011
14.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и форм проверочных листов по оказанию медицинских услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 360 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и форм проверочных листов по оказанию медицинских услуг
Атауы (қаз.)
Медициналық қызметтерді көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
360
Қабылданған күні
06.06.2011
Көрсетілген редакция
14.11.2012 AI59575_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007045
ЭКБ идентификаторы
59575
Редакция идентификаторы
AI59575_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:14

0 Медициналық қызметтерді көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3, 4-тармақтарына, 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі саладағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) тиісінше осы бұйрыққа 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын, жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-қорында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 360 бұйрығына
1-қосымша
Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Осы медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасына тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің әр түрлі тобына жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) медициналық қызметтерді саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып, пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыз нәтиженің туу ықтималдығы;

2 2) тексерілетін субъектілер – мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, ведомстволық қарауына байланысты емес;

3 3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері.

3 3. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады.

4 4. Бірінші кезеңде тексерілетін субъектілер тәуекелдің жоғары, орташа, төмен дәреже топтарына бөлінеді.

5 5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді:

1

1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша (бұдан әрі - стратегиялық бағыттар) стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, сондай-ақ жедел көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, санитариялық авиация ұйымдары мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ұйымдары жатады;

2 2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттарды қоспағанда стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жатады;

3

3) тәуекелдің төмен дәрежелі тобына қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсететін ұйымдар; инвазиялық әдістер қолдану және дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың пайдалану көмегімен косметологиялық көмек көрсететін ұйымдар жатады.

6 6. Екінші кезеңде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу пайыздармен айқындалған, көрсетілген медициналық қызмет сапасының сәйкестік көрсеткіші ескеріле отырып жүзеге асырылады (бұдан әрі – Сәйкестік көрсеткіші).

Сәйкестік көрсеткіші көрсетілген медициналық сапаны бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарда көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100 % және шектік мәндерінің (бұдан әрі - Шектік мән) айырмашылығы ретінде анықталады.
Көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың Шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған.
Тексеру жүргізуді жоспарлау үшін Сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады.

7 7. Тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жататын тексерілген субъектілер ішінен тексеру жүргізу жоспарына орташа Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді:

50 % және одан төмен;
соңғы 3 жыл бойы 50 %-дан 60 %-ға дейін.
Орташа және төмен тәуекел дәрежелеріне жататын тексерілген субъектілердің ішінен тексеру жоспарына Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді:
40 % және одан төмен;
соңғы 3 жыл бойы 40 %-дан 60 %-ға дейін;

8 8. Бір тәуекел топтың ішінде субъектілерді тексеру жүргізу жоспарына басымды кіргізуге негіздемелер:

1 1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен кезең;

2 2) алдыңғы тексеру жүргізу кезінде анықталған елеулі бұзушылықтардың бар болуы;

3 3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы болып табылады.

9 9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады:

1 1) көрсетілген медициналық қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға қосымшасының сәйкес келмеуі;

2 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы;

3 3) тексерілген субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы;

4 4) медицина қызметкерінің маман сертификатының болмауы;

5 Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері

5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
Медициналық қызметтерді көрсету
саласында тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
2011 жылғы "__" _______ № __
қосымша
Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері
Р/с

Ин­ди­ка­тор­лар­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Шек­тік мәні
1. Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
1
Негіз­сіз ем­де­у­ге жат­қы­зу оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге бар­лық ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар­дың жал­пы са­ны­нан негіз­сіз ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар­дың пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
2
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу ке­зін­де қай­тыс болған оқи­ға­лар са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге жос­пар­лы тәр­тіп­пен бар­лық ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар­дың ста­ци­о­нар­да қай­тыс болған оқи­ға­лар­дың пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
3
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу оқи­ға­ла­рын­да­ғы опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі өлім-жі­тім са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге жос­пар­лы тәр­тіп­пен бар­лық опе­ра­ция жа­сал­ған­дар­дың ішін­де опе­ра­ци­ядан кей­ін қай­тыс болған оқи­ға­лар­дың пай­ы­зы
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу оқи­ға­ла­рын­да ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
4
Боса­ну ке­зін­де және босан­ған­нан кей­ін­гі мер­зім­де қай­тыс болған әй­ел­дер­дің са­ны, оның ішін­де бас­қа­ру бо­ла­тын се­беп­тер­ден:
- аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту;
- ге­сто­здар;
- аборт­тар.
Босан­ған әй­ел­дер­дің жал­пы са­ны­нан қай­тыс болған әй­ел­дер­дің пай­ы­зы
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 1 %-дан ас­па­уы ти­іс
5
0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлім-жі­тім жағ­дай­ла­ры­ның са­ны, оның ішін­де есеп­ті ке­зең­ге бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша
0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың, оның ішін­де 0-ден 14 жас­қа дей­ін­гі шы­ға­ры­л­ған ба­ла­лар­дың са­ны­нан 1 жас­қа дей­ін­гі қай­тыс болған ба­ла­лар­дың пай­ы­зы (оның ішін­де 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар)
Бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
6
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік ин­фек­ция оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па­лар­мен тір­кел­ген оқи­ға­лар­дың са­ны/ шы­ға­ры­л­ған­дар­дың са­ны 100-ге кө­бей­ту
1 %-ға дей­ін
7
Қай­та­лап тү­су оқи­ға­ла­ры­ның са­ны (бір ай­дың ішін­де бір ау­ру бой­ын­ша қай­та тү­су)
Ем­де­у­ге жат­қызуға қай­та тү­су са­ны/есеп­ті ке­зең­ге ем­де­у­ге жат­қы­зу­шы­лар­дың жат­қы­зу­шы­лар­дың жал­пы са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
8
Негіз­гі кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар сәй­кес­сіз­ді­гі оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге ди­а­гноз­дар ай­ыр­ма­шы­лы­ғы оқи­ға­ла­ры­ның са­ны/бар­лық па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық зерт­те­улер­дің са­нын 100-ге кө­бей­ту
2 %
9
Өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың са­ны/ал­дың­ғы ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мәні 10 %-ға тө­мен­де­уі ти­іс
2. Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық және кон­суль­та­ци­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
10
Есеп­ті ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да жал­пы өлім-жі­тім көр­сет­кі­ші
1 000 ха­лық­қа шақ­қан­да есеп­теу көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
11
Қан-ай­на­лым жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры­нан өлім-жі­тім көр­сет­кі­ші
100 000 ха­лық­қа шақ­қан­да есеп­теу көр­сет­кі­ші
Өз көр­сет­кі­шін 1 % тө­мен­де­ту
12
Есеп­ті ке­зең­ге бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ана өлім-жі­тім оқи­ға­ла­ры­ның са­ны, оның ішін­де бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер­ден:
- аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту;
- ге­сто­здар;
- аборт­тар
100 000 ті­рі ту­ған­дар­ға шақ­қан­да есеп­теу көр­сет­кі­ші
Бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
13
Есеп­ті ке­зең­ге бе­кі­ті­л­ген аумақ­та тұ­ра­тын ұр­пақ­ты бо­лу жас­та­ғы, оның ішін­де экс­тра­ге­ни­тал­ды па­то­ло­ги­я­сы бар әй­ел­дер­дің аборт са­ны
Ұр­пақ­ты бо­лу жас­та­ғы әй­ел­дер са­ны/аборт са­ны 1000-ға кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мәні 10 %-ға тө­мен­де­уі ти­іс
14
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы өлім-жі­ті­мі са­ны, оның ішін­де бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер:
- ты­ныс алу ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры;
- ішек ин­фек­ци­я­ла­ры;
- туа біт­кен да­му ке­мі­стікте­рі;
- пе­ри­на­таль­дық ке­зең се­беп­те­рі
1 000 ті­рі ту­ған­дар­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
Бас­қа­ру­ға бо­ла­тын се­беп­тер бой­ын­ша ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
15
Ал­дың­ғы есеп­ті ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­дел­ген ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­ның са­ны /ал­дың­ғы ке­зең­де­гі негіз­дел­ген ша­ғым­ның са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мәні 10 %-ға тө­мен­де­уі ти­іс
16
Үй­де қай­тыс болған ба­ла­лар­дың көр­сет­кі­ші
Үй­де қай­тыс болған ба­ла­лар­дың көр­сет­кі­ші / 14 жас­қа дей­ін қай­тыс болған ба­ла­лар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Өз көр­сет­кі­шін 5 % тө­мен­де­ту
17
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния на­у­қа­ста­рын ги­пер­то­ни­я­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния на­у­қа­ста­рын ги­пер­то­ни­я­лық дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да ем­де­у­ге жат­қы­зу са­ны/бар­лық ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зи­я­мен «Д» есеп­те тұр­ған­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
10 %-дан кем емес
18
Ха­лық­ты про­фи­лак­ти­ка­лық флю­о­ро­гра­фи­я­мен қам­ту
Про­фи­лак­ти­ка­лық флю­о­ро­гра­фи­я­мен қам­ты­л­ған ха­лық са­ны/тір­кел­ген ха­лық са­нын 100-ге кө­бей­ту
60 %-дан кем емес
19
Флю­о­ро­гра­фия әді­сі­мен зерт­те­ліп-қа­рал­ған тұ­лға­лар­дың ара­сын­да ту­бер­ку­лез на­у­қа­стар­ды анық­тау көр­сет­кі­ші
Тек­се­ру жос­пар­лы флю­о­ро­гра­фи­я­лық зерт­теп-қа­рау ке­зең­де анық­тал­ған ту­бер­ку­лез оқи­ға­ла­ры­ның са­ны / тек­се­ру ке­зе­ңіне жос­пар­лы флю­о­ро­гра­фи­я­лық зерт­теп қа­рау жүр­гі­зі­л­ген тұ­лға­лар са­нын 100-ге кө­бей­ту
60 %-дан кем емес
20
Ту­бер­ку­лез­бен ауыр­ған на­у­қа­стар­дың ал­ғаш анық­тал­ған­дар ара­сын­да ас­қын­ған оқи­ға­лар­дың са­ны
Ас­қын­ған ту­бер­ку­лез оқи­ға­ла­ры бар жа­ңа өк­пе ау­ру­ла­ры бар на­у­қа­стар­дың са­ны / ере­сек­тер мен жа­сө­спі­рім­дер­дің ара­сын­да жа­ңа өк­пе ау­ру­ла­ры бар на­у­қа­стар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
1,5 %-дан кем емес
21
Есеп­ті ке­зең­ге 1-2 са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік ау­ру­ла­ры бар ал­ғаш анық­тал­ған на­у­қа­стар­дың са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге 1-2 са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік ди­а­гно­зы ал­ғаш қой­ы­л­ған на­у­қа­стар­дың са­ны / қа­тер­лі іс­ік ди­а­гно­зы ал­ғаш қой­ы­л­ған­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Же­ке көр­сет­кі­шін жыл сай­ын 1 % ұл­ғай­ту
22
Қа­тер­лі іс­ік ау­ру­ла­ры бар 5 жыл және одан көп өмір сү­ре­тін на­у­қа­стар са­ны
5 жыл және одан көп уа­қыт қа­да­ға­ла­уда­ғы қа­тер­лі іс­ік на­у­қа­ста­ры­ның са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы / Қа­тер­лі іс­ік се­бе­бі бой­ын­ша «Д» есеп­те­гі­лер­дің жал­пы са­нын 100 % кө­бей­ту
Же­ке көр­сет­кі­шін жыл сай­ын 1 % ұл­ғай­ту
23
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту се­бе­бі­нен ана өлім-жі­ті­мі­нің са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аку­ше­ри­я­лық қан ке­ту се­бе­бі­нен ана өлім-жі­ті­мі­нің са­ны / жа­ңа босан­ған­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да 10 % азай­ту
24
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ге­сто­здар се­бе­бі­нен ана өлім-жі­ті­мі­нің са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы ге­сто­здар се­бе­бі­нен ана­лар өлім-жі­ті­мі­нің са­ны/жа­ңа босан­ған­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да өз көр­сет­кі­ші­нің 10 % азай­ту
25
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аборт­тар се­бе­бі­нен ана өлім-жі­ті­мі­нің са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да­ғы аборт­тар се­бе­бі­нен ана өлім-жі­ті­мі­нің са­ны/жа­ңа босан­ған­дар­дың са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да 10 % азай­ту
26
Қант диа­бе­ті ас­қы­ну­ла­ры­мен ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған, тір­кел­ген ха­лық ішін­де­гі на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гей­і­нің көр­сет­кі­ші
Қант диа­бе­ті ас­қы­ну­ла­ры­мен тір­кел­ген ха­лық ішін­де­гі ем­де­ліп шық­қан на­у­қа­стар­дың са­ны *100 / Қант диа­бе­ті­мен тір­кел­ген ха­лық ішін­де­гі ем­де­ліп шық­қан на­у­қа­стар­дың са­ны
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да қа­зір­гі ке­зең көр­сет­кі­ші­нің мәнін 10 % азай­ту
3. Же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сын ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
27
Бір тәу­лік ішін­де бір ау­ру бой­ын­ша бі­рін­ші ша­қы­ру сәті­нен ба­стап бір ау­ру бой­ын­ша қай­та­лап ша­қы­ру оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
1000 ша­қы­ру­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
28
На­у­қас­қа же­ту уа­қы­тын ор­та­ша қа­лып­тас­қан уа­қыт­тан асы­ру
1000 ша­қы­ру­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
200 мың­нан аса хал­қы бар ел­ді ме­кен­дер­де көр­сет­кіш­тер­дің мәні 15 %-дан ас­па­уы ти­іс және 200 мың­нан кем хал­қы бар ел­ді ме­кен­дер­де ин­ди­ка­тор­дың мәні 2 %-дан ас­па­уы ти­іс
29
Ша­қы­ру ке­зін­де бри­га­да­ның кө­зін­ше болған өлім-жі­тім
1000 ша­қы­ру­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні нөл­ге ұм­ты­луы ти­іс
30
Жет­кі­зі­л­ген­дер­дің іші­нен ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған­дар­дың са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
1000 ша­қы­ру­лар­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 5 %-дан ас­па­уы ти­іс
31
Же­дел кө­мек бри­га­да­сы және ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған на­у­қа­стар­дың ди­а­гноз­да­ры­ның ара­сын­да­ғы сәй­кес­сіз­дік
1000 ша­қы­ру­ға есеп­теу көр­сет­кі­ші
Ин­ди­ка­тор­дың мәні 5 %-дан ас­па­уы ти­іс
32
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­ның жал­пы са­ны
Есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­ның жал­пы са­ны/өт­кен жыл­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­ті ке­зең­ге негіз­дел­ген ша­ғым­ның жал­пы са­нын 100-ге кө­бей­ту
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да мәні 10 %-ға тө­мен­де­уі ти­іс
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 360 бұйрығына
2 қосымша
Нысан
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы
Құрастыру орны                          күні «__» ___________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
№ р/с
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Фак­ті бой­ын­ша көр­сет­кіш­тер
1
2
3
1
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту ли­цен­зи­я­сы­ның, ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­дың бо­луы (нө­мі­рі, се­ри­я­сы, бе­рі­л­ген кү­ні)
2
Дә­рі­гер­лер­мен, ор­та ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­ле­рі­мен то­лық­ты­ры­луы (қыз­мет­ті ат­қа­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті) (%)
3
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рін­де ма­ман сер­ти­фи­кат­та­ры­ның бо­луы (жал­пы дә­рі­гер­лер са­ны %, жал­пы ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны %)
4
Ма­ман­дар са­нат­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (са­нат­тар бой­ын­ша %)
5
Соң­ғы 5 жы­л­ға бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­сы­нан өту ту­ра­лы ма­ман­дар ку­ә­лі­гі­нің бо­луы (қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны %)
6
Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­дың бо­луы
7
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну (%)
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­дың то­зуы (%)
8
Есеп­ке алу – есеп­тік құ­жат­тау жүр­гі­зу са­па­сы, жұ­мыс рә­сім­де­рін құ­жат­тау
9
Па­ци­ент­тер мен ау­ру­ха­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­ды жұқ­ты­руы­ның ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры: ЖИТС, АИТВ, ви­ру­сты ге­па­тит
10
Бе­кі­ті­л­ген тұр­ғын­дар­дың, оның ішін­де жұ­мысқа жа­рам­ды­лар ара­сын­да­ғы жал­пы өлім-жі­тім көр­сет­кі­ші­нің өсуі неме­се тө­мен­де­уі
11
Бе­кі­ті­л­ген тұр­ғын­дар­дың ара­сын­да­ғы ана өлім-жі­тім оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
12
Бе­кі­ті­л­ген тұр­ғын­дар­дың ара­сын­да­ғы нә­ре­сте­лер өлім-жі­ті­мі оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
13
Ау­ру­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы, ди­а­гно­сти­ка­сы және олар­ды ем­де­удің жа­ңа әді­сте­рі мен құ­рал­да­ры
14
Жүк­ті­лік­тің ас­қы­нуы про­фи­лак­ти­ка­сы мақ­са­тын­да жүк­ті­лік­ті ер­те анық­тау (12 ап­та­ға дей­ін) және уа­қы­тын БМСК ме­ди­ци­на­лық ба­қы­ла­у­ға алу
15
Фи­зио­ло­ги­я­лық және па­то­ло­ги­я­лық жүк­ті­лік ке­зін­де әй­ел­дер­ге же­тек­ші­лік ету
16
Пер­зент­ха­на­дан шық­қан жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ді па­т­ро­наж­бен уақ­ты­лы және то­лық қам­ту
17
0 ден 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды қо­са ал­ған­да, олар­дың үй­де қай­тыс бо­луы оқи­ға­ла­ры­ның са­ны­ның өсуі неме­се тө­мен­де­уі
18
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек стра­те­ги­я­лық бо­лып та­бы­ла­тын ау­ру­лар­дан үй­де қай­тыс болған ең­бек­ке жа­рам­ды тұ­лға­лар са­ны­ның өсуі мен тө­мен­де­уі
19
Ме­ди­ци­на­лық кө­мек ба­сым­ды бо­лып та­бы­ла­тын ау­ру­лар бой­ын­ша ең­бек­ке жа­рам­ды тұ­лға­лар­дың ал­ғаш рет мү­ге­дек­тікке шы­ғу оқи­ға­ла­ры­ның са­ны­ның өсуі неме­се тө­мен­де­уі
20
Про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе жүр­гі­зу, жос­пар­ла­уды ба­ға­лау және
про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе­лер­дің күн­тіз­бе­лік мер­зі­мін сақ­тау
21
Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу (күн­діз­гі ста­ци­о­нар)
22
Ди­а­гно­сти­ка­ның уақ­ты­лы жүр­гі­зіл­ме­уі және ас­қын­ған қа­тер­лі іс­ік­тер­дің са­ны
23
Ал­ғаш анық­тал­ған­дар ара­сын­да­ғы ас­қын­ған ту­бер­ку­лез фор­ма­ла­ры­ның са­ны
24
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­лар­дың са­рап­та­ма­сы (ам­бу­ла­то­ри­я­лық кар­та­лар)
25
Іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті (аудит) жұ­мысы­ның көр­сет­кіш­те­рі:
1) па­ци­ент­тер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау нәти­же­ле­рі;
2) ұй­ым бө­лім­ше­ле­рі қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін тал­дау;
3) ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сы мен ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ық­пал ете­тін және жұ­мыс кем­ші­лік­тер­ді ес­кер­ту мен ал­дын алу және жұ­мыс кем­ші­лік­те­рін жо­ю­ға ба­ғыт­тал­ған бағ­дар­ла­ма­лық ша­ра­лар­ды әзір­леу;
4) ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын қам­та­ма­сыз ету мә­се­ле­сі бой­ын­ша ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рін оқы­ту және әді­сте­ме­лік кө­мек;
5) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін көр­се­ту ере­же­ле­рін сақ­тау;
6) ди­а­гно­сти­ка және ем­деу хат­та­ма­ла­рын сақ­тау.
26
Іс-ша­ра­лар­дың тәр­ті­бін рет­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын сақ­тау:
1) ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сы­на іш­кі және сырт­қы са­рап­та­ма­ны ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу;
2) аза­мат­тар­дың те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін алуын қам­та­ма­сыз ету;
3) ақы­лы қыз­мет­тер­ді көр­се­ту;
4) туу, қай­тыс бо­лу және пе­ри­на­тал­дық қай­тыс бо­лу жағ­дай­ла­рын ку­әлан­ды­ра­тын ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­лар ны­сан­да­рын тол­ты­ру және бе­ру;
5) ха­лы­қа­ра­лық ау­ру­лар­дың ста­ти­сти­ка­лық жік­те­ме­сіне (ХАЖ-10) сәй­кес ста­ци­о­нар және ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын ем­де­у­ге жа­та­тын ау­ру­лар тіз­бе­сін сақ­тау;
6) қал­пы­на кел­ті­ре ем­де­уді және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды көр­се­ту­ді, оның ішін­де және ба­ла­лар­ды ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру;
7) аза­мат­тар­дың уа­қыт­ша ең­бек­ке жа­рам­сызды­ғын ку­әлан­ды­ра­тын ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­жат­та­рын тол­ты­ру және бе­ру;
8) пал­ли­а­тив­тік кө­мек пен мей­ір­би­ке­лік кү­тім­ді көр­се­ту;
9) ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да аза­мат­тар­ға кон­суль­та­тив­тік-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек көр­се­ту;
10) ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да қан мен оның қан ком­по­нет­те­рін бе­ру (до­на­ция) до­нор­ды ме­ди­ци­на­лық зерт­теп қа­рау;
11) ха­лық­тың ны­са­на­лы топ­та­рын жап­пай про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ди­ци­на­лық тек­се­ріп-қа­ра­удан өт­кі­зу;
12) ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық–са­ни­та­ри­я­лық кө­мек ұй­ым­да­ры дең­гей­ін­де ер­те жас­та­ғы ба­ла­лар­ға ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
13) ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ту­бер­ку­лез­дің жұқ­па­лы фор­ма­сы­мен ауы­ра­тын, ем­де­уден бас тар­тқан неме­се қа­шып жүр­ген на­у­қа­стар­ды анық­тау, есеп­ке алу және мәж­бүр­леп ем­де­у­ге жі­бе­ру бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зуі, сон­дай-ақ ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­дар­да бо­лу ре­жі­мі;
14) ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық–са­ни­та­ри­я­лық кө­мек көр­се­ту (бұ­дан әрі - БМСК) аза­мат­тар­ды БМСК ұй­ым­да­ры­на бе­кі­ту;
15) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және орал­ман­дар­дың те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін алуын қам­та­ма­сыз ету;
16) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз ету;
17) па­ци­ент­тер­ді те­гін және же­ңіл­дік­ті ре­цеп­тер­мен  қам­та­ма­сыз ету;
18) де­крет­тел­ген кон­тин­гент­ке жыл сай­ын­ғы жос­пар­лы про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ріп қа­рау жүр­гі­зу, де­крет­тел­ген кон­тин­гент­ті про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ріп қа­ра­у­мен қам­ту.
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
БМСК – бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 360 бұйрығына
3 қосымша
Нысан
Стационар және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы
Құрастыру орны                           күні «__» _________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
№ р/с
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Фак­ті бой­ын­ша көр­сет­кіш­тер
1
2
3
1
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту ли­цен­зи­я­сы, ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ла­ры­ның бо­луы (нө­мі­рі, се­ри­я­сы, бе­рі­л­ген кү­ні)
2
Дә­рі­гер­лер­мен, ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­мен то­лық­ты­ры­луы ат­қа­ру қыз­ме­тін (қыз­ме­тін қо­са ко­эф­фи­ци­ен­ті) (%)
3
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рін­де ма­ман сер­ти­фи­кат­та­ры­ның  бо­луы (жал­пы дә­рі­гер­лер са­ны, % жал­пы ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны %)
4
Ма­ман­дар са­нат­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (са­нат­тар бой­ын­ша %)
5
Қыз­мет­кер­лер­дің соң­ғы 5 жы­л­ға бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­сы­нан өту ту­ра­лы ма­ман­дар ку­ә­лі­гі­нің бо­луы (қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны %)
6
Тір­кеу-есеп құ­жат­та­ма­сын жүр­гі­зу са­па­сы, жұ­мыс үде­рі­сі­нің құ­жат­та­ма­сы
7
Па­ци­ент­тер мен ау­ру­ха­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­ды жұқ­ты­руы­ның ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры: ЖИТС, АИТВ, ви­ру­стық ге­па­тит
8
Па­ци­ент­тер мен ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау, АІИ оқи­ға­ла­ры­ның бо­луы, АІИ ал­дын алу үшін қа­был­дан­ған ша­ра­лар
9
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну (%)
10
Ал­дың­ғы ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да негіз­дел­ме­ген ем­де­у­ге жат­қы­зу оқи­ға­ла­ры­ның са­ны (1-3 күн­ге жат­қы­зу)
11
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу ке­зін­де қай­тыс болған оқи­ға­лар са­ны
12
Ал­дын-ала зерт­теп-қа­ра­у­сыз жос­пар­лы на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
13
Бей­ін­ді емес ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ла­ры­ның бар бо­луы
14
Ау­ру­лар ди­а­гно­сти­ка­сы мен ем­деу хат­та­ма­сы­мен ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар­ға сәй­кест­ік дең­гейі
15
Тө­сек­тік қор­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну көр­сет­кіш­те­рі (тө­сек­те на­у­қа­стар­дың бо­луы­ның ор­та­ша ұз­ақ­тығы, тө­сек­тің жұ­мысы, тө­сек­тің тұ­рып қа­луы, ем­де­у­ге жат­қы­зу мер­зім­де­рі­нің негіз­де­ме­сіз бұ­зы­луы)
16
Опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі ас­қы­ну пай­ы­зы
17
Жос­пар­лы ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ын­да опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі өлім-жі­тім
18
Ана өлім-жі­тім оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
19
Нә­ре­сте өлім-жі­тім оқи­ға­ла­ры­ның са­ны
20
Ау­ру­ха­на­і­ші­лік жұқ­па көр­сет­кі­ші
21
Қай­та тү­су көр­сет­кіш­те­рі (бір ай­дың ішін­де бір ау­ру­дың қай­та­ла­нуы)
22
Кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар­дың сәй­кес­сіз­дік оқи­ға­ла­ры
23
Про­фи­лак­ти­ка, ди­а­гно­сти­ка, ем­деу және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­дың жа­ңа әді­сте­рі мен құ­рал­да­рын қол­да­ну
24
Ме­ди­ци­на­лық ай­ғақ­тар бой­ын­ша қан пре­па­рат­та­ры және ком­по­нент­те­рі­мен қам­та­ма­сыз ету
25
Іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті (аудит) жұ­мысы­ның көр­сет­кіш­те­рі:
1) па­ци­ент­тер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау нәти­же­ле­рі;
2) ұй­ым бө­лім­ше­ле­рі қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін тал­дау;
3) ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сы мен ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ық­пал ете­тін және кем­ші­лік­тер­ді ал­дын алу және жұ­мыс кем­ші­лік­те­рін жо­ю­ға ба­ғыт­тал­ған бағ­дар­ла­ма­лық ша­ра­лар­ды әзір­леу;
4) ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сын қам­та­ма­сыз ету мә­се­ле­сі бой­ын­ша ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рін оқы­ту және әді­сте­ме­лік кө­мек;
5) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін көр­се­ту ере­же­ле­рін сақ­тау;
6) Ди­а­гно­сти­ка және ем­деу хат­та­ма­ла­рын сақ­тау
26
Іс-ша­ра­лар­дың тәр­ті­бін рет­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын сақ­тау:
1) же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем және са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция ны­са­нын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
2) аза­мат­тар­дың те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін алуын қам­та­ма­сыз ету;
3) ақы­лы қыз­мет­тер­ді көр­се­ту;
4) ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­лар ны­сан­да­рын тол­ты­ру және бе­ру;
5) ха­лы­қа­ра­лық ау­ру­лар­дың ста­ти­сти­ка­лық жік­те­ме­сіне (ХАЖ-10) сәй­кес ста­ци­о­нар және ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын ем­де­у­ге жа­та­тын ау­ру­лар тіз­бе­сін сақ­тау;
6) қал­пы­на кел­ті­ре ем­де­уді және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды көр­се­ту­ді, оның ішін­де және ба­ла­лар ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­ды ұй­ым­да­сты­ру;
7) аза­мат­тар­дың уа­қыт­ша ең­бек­ке жа­рам­сызды­ғын ку­әлан­ды­ра­тын ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­жат­та­рын тол­ты­ру және бе­ру;
8) пал­ли­а­тив­тік кө­мек пен мей­ір­би­ке­лік кү­тім­ді көр­се­ту;
9) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем және са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция ны­са­нын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
10) мен­шік ны­са­ны­на және ве­дом­ство­лық ти­іс­ті­лі­гіне қа­ра­ма­стан ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін (бұ­дан әрі - ста­ци­о­нар­лар) ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­туі;
11) мен­шік ны­са­ны­на және ве­дом­ство­лық ти­іс­ті­лі­гіне қа­ра­ма­стан ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын кө­мек көр­се­ту;
12) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және орал­ман­дар­дың те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін алуын қам­та­ма­сыз ету;
13) ден­са­улық сақ­та­удың мем­ле­кет­тік емес сек­то­рын­да ем­де­у­ге тый­ым са­лы­на­тын ау­ру­лар­ды ем­деу;
14) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз ету.
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы
АІИ – ауруханішілік инфекциялар
ТМККК - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 360 бұйрығына
№ 4 қосымша
Нысан
Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы
Құрастыру орны                        күні «__» ___________20____ж
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
Объектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________
Ұйым басшысы ________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
Р/с №
Та­лап­тар тіз­бе­сі
Фак­ті­лер бой­ын­ша көр­сет­кіш­тер
1
2
3
1
Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ли­цен­зи­я­сы, ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ла­ры­ның бо­луы (нө­мі­рі, се­ри­я­сы, бе­рі­л­ген кү­ні)
2
Дә­рі­гер­лер­мен, ор­та ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­ле­рі­мен то­лық­ты­ры­луы (қыз­ме­тін қо­са ат­қа­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті) (%)
3
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рін­де ма­ман сер­ти­фи­кат­та­ры­ның бо­луы (дә­рі­гер­лер­дің жал­пы са­ны­нан %, жал­пы ор­та ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­лер­дің са­ны­нан %)
4
Ма­ман­дар са­нат­ты­лы­ғы­ның дең­гейі (са­нат­тар бой­ын­ша %)
5
Қыз­мет­кер­лер­дің соң­ғы 5 жыл­да бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­сы­нан өтуі ту­ра­лы ку­ә­лі­гі­нің бо­луы (қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы са­ны­нан %)
6
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ды ти­ім­ді пай­да­ла­ну (%)
7
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру дең­гей­ле­рі­нің бел­гі­лен­ген нор­ма­тив­те­ріне сәй­кест­ік (%)
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың то­зуы (%)
8
Шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған дә­рі­лік заттар­дың бо­луы
9
Бір ау­ру тү­рі бой­ын­ша ал­ғаш­қы ша­қы­ру­дан кей­ін бір тәу­лік ішін­де бір­не­ше қай­та­лап ша­қы­ру­дың са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы (нақ­ты оқи­ға­лар, тал­дау)
10
Есеп­ті ке­зең­ге же­дел кө­мек бри­га­да­сы­ның уа­қыт­ты асы­рып ке­лу ша­қы­ру­ла­ры­ның са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы (се­беп­тер­ді тал­дау)
11
Ша­қы­ру­лар ке­зін­де­гі қай­тыс бо­лу оқи­ға­ла­ры­ның са­ны (бри­га­да кел­ген­ге дей­ін­гі қай­тыс бо­лу, бри­га­да кел­ген кез­де­гі қай­тыс бо­луы)
12
Ме­ди­ци­на­лық ай­ғақ­тар­сыз на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қызуға жет­кі­зу­дің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
13
1 ша­қы­ру­ға жұм­сал­ған уа­қыт
14
БМСК ұй­ым­да­ры­на бе­рі­л­ген ак­тив­тер­дің са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
15
На­у­қа­сты ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ын­да же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек бри­га­да­сы мен ста­ци­о­нар­да қой­ы­л­ған ди­а­гноз­дар­дың ай­ры­ма­шы­лы­ғы
16
Өт­кен жы­л­ғы ұқсас ке­зең­мен са­лы­стыр­ған­да­ғы негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың жал­пы са­ны (ша­ғым­дар­дың туын­дау се­беп­те­рін тал­дау)
17
Тір­кеу - есеп құ­жат­та­ма­ла­рын жүр­гі­зу са­па­сы, жұ­мыс үде­рі­сі­нің құ­жат­та­ма­сы
18
Іш­кі ба­қы­лау қыз­ме­ті (аудит) жұ­мысы­ның көр­сет­кіш­те­рі:
1) па­ци­ент­тер­дің өті­ніш­те­рін қа­рау нәти­же­ле­рі;
2) ұй­ым бө­лім­ше­ле­рі қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін тал­дау;
3) ме­ди­ци­на­лық кө­мек са­па­сы мен ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға ық­пал ете­тін және жұ­мыс кем­ші­лік­те­рі­нің ал­дын алу мен кем­ші­лік­те­рін жо­ю­ға ба­ғыт­тал­ған бағ­дар­ла­ма­лық ша­ра­лар­ды әзір­леу;
4) ме­ди­ци­на­лық қыз­мет са­па­сын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қыз­мет­кер­лер­ді оқы­ту және әді­сте­ме­лік кө­мек;
5) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін көр­се­ту ере­же­ле­рін сақ­тау;
6) ди­а­гно­сти­ка және ем­деу хат­та­ма­ла­рын сақ­тау.
19
Іс-ша­ра­лар­дың тәр­ті­бін рет­те­у­ші нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің та­лап­та­рын сақ­тау:
1) же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек және са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция ны­са­нын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
2) ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сы­на іш­кі және сырт­қы са­рап­та­ма­ны ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және орал­ман­дар­дың те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мін алуын қам­та­ма­сыз ету;
4) те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі шең­бе­рін­де дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз ету;
5) ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма­лар ны­сан­да­рын тол­ты­ру және бе­ру;
6) ха­лы­қа­ра­лық ау­ру­лар­дың ста­ти­сти­ка­лық жік­те­ме­сіне (ХАЖ-10) сәй­кес ста­ци­о­нар және ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын ем­де­у­ге жа­та­тын ау­ру­лар тіз­бе­сін сақ­тау.

Қолданыстағы