Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности

Қаулы · № А-6/1250 · қабылданған 16.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59582/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/1250 ·16.06.2011
16.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/1250 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-6/1250
Қабылданған күні
16.06.2011
Көрсетілген редакция
16.06.2011 59582_211496.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11BA000150
ЭКБ идентификаторы
59582
Редакция идентификаторы
59582_211496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:11

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № С-44/10 «Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № а-7/1097 «Қала бюджетінің қаражатынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (2010 жылғы 13 тамыздағы № 1-1-126 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 19 тамыздағы «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) № А-7/1097 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

5 5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Көкшетау қаласы әкімдігінің

2011 жылғы 16 маусымдағы
№ А-6/1250 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиеші, медбике, өндірістік оқыту шебері, бастауыш әскери дайындық жөніндегі басшы, аға вожатый, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.

Қолданыстағы