Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о создании и государственном учете зоологических коллекций"

Бұйрық · № 14-1/245 · қабылданған 06.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59590/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о создании и государственном учете зоологических коллекций" Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/245 ·06.05.2011
03.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о создании и государственном учете зоологических коллекций"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 14-1/245 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача свидетельства о создании и государственном учете зоологических коллекций"
Атауы (қаз.)
"Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14-1/245
Қабылданған күні
06.05.2011
Көрсетілген редакция
03.12.2015 AI59590_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007017
ЭКБ идентификаторы
59590
Редакция идентификаторы
AI59590_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:25

0 "Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров. Ж.Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 6 мамырдағы
№ 14-1/245 бұйрығымен
бекітілген
«Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді.

Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы;

2 2) мемлекеттік қызмет көрсету - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті жеке және заңды тұлғаларға беруі;

3 3) тұтынушы - мемлекеттік қызмет алуға құжаттарын ұсынған жеке немесе заңды тұлға.

2

2. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжай бойынша көрсетеді.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

4

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесіне (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

5 5. Ережеге 2-қосымшамен бекітілген нысан бойынша Зоологиялық коллекцияны тізілімге енгізу туралы куәлікті (қағаз тасығышта) беру немесе оны беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында басқа органдардың қатысы қаралмаған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініңwww.minagri.gov.kz, Комитеттің - www.fhc.kz және www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

8 8. Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы ұсынылатын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.

9 9. Куәлік берген кезде сарапшы тұтынушыны Ережемен таныстырады.

10 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдап алуды бір маман жүзеге асырады.

11 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттар тізімін ұсынады.

12 12. Тұтынушының ұсынылатын құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекет (өзара іс-әрекет) жазбасы

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) қабылданып алынған құжаттарды Комитет кеңсесінің маманы қарайды және бақылауға алады;

2 2) тиісті дәрежеде тіркелген, ресімделген құжаттар Комитет төрағасына және одан кейін сарапшыға (орындаушыға) (бұдан әрі - сарапшы) беріледі;

3 3) сарапшы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, зоологиялық коллекциялар тізіліміне енгізілгендігі туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) береді, немесе дәлелді бас тарту әзірлейді;

4 4) ресімделген куәлікке Комитет төрағасы қол қояды және мөрмен растайды.

Құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

14 14. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары қарастырылмаған.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) іске қосылған:

1 1) кеңсе маманы;

2 2) Комитет төрағасы, немесе оның орынындағы тұлға;

3 3) сарапшы (орындаушы).

16 16. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің сабақтастығы мен өзара іс-әрекетінің (рәсімдерінің) кестелік мәтіндік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

35 Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) сабақтастығы мен өзара әрекеттестігінің кестелік мәтіндік сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы

«Зоологиялық коллекцияларды құру және
мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) сабақтастығы мен өзара әрекеттестігінің кестелік мәтіндік сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыстар ағы­ны­ның) іс-әре­кет­те­рі
1
Үде­рі­стің (ба­ры­сы­ның, жұ­мыстар ағы­ны­ның  іс-әре­кет­те­рі­нің №
1
2
3
4
5
2
ҚФБ ата­уы
Кең­се ма­ма­ны
Ко­ми­тет тө­ра­ға­сы
Са­рап­шы (орын­да­у­шы)
Ко­ми­тет Тө­ра­ға­сы
Са­рап­шы (орын­да­у­шы)
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) атау және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­тің құ­жат­тар­ды қа­был­дау, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­сты­ру, жур­нал­да тір­кеу
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­су
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және дұ­рыс ре­сім­де­лу­ін тек­се­ру
Қа­рал­ған құ­жат­та­ры­мен та­ны­сты­ру
Зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­ны ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-
әкім­ші­лік ше­шім)
Тір­кеу кү­ні мен нө­мі­рі және мем­ле­кет тік қыз­мет­ті  алу кү­ні көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­ны ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­леу
Ре­сім­дел­ген құ­жат­қа қол қою және мөр­мен рас­тау
Тұ­ты­ну­шы­ның ку­ә­лік­ті ал­ғанды­ғы жө­нін­де жур­нал­ға қол қо­юы
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1 күн
1 күн
1 күн
30 ми­нут
2-кесте. Пайдалану нұсқалары Негізгі үдеріс - мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шешім бекітілген жағдайда
Негіз­гі үде­ріс (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
2
3
4
5
Кең­се ма­ма­ны
Ко­ми­тет Тө­ра­ға­сы
Са­рап­шы (орын­да­у­шы)
Ко­ми­тет Тө­ра­ға­сы
Са­рап­шы (орын­да­у­шы)
№ 1 іс-әре­кет
Өті­ніш­тер­ді, құ­жат­тар­ды қа­был­дай­ды, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­сты­ра­ды  тір­кеу кү­ні мен нө­мі­рі және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ре­ді (30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, бұ­ры­шта­ма қо­яды (1 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және дұ­рыс ре­сім­де­лу­ін тек­се­ре­ді, Зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­ны ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ре­ді, неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­лей­ді
(1 күн)
№ 4 іс-әре­кет
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­мен та­ны­са­ды, ре­сім­дел­ген ку­ә­лік­ке қол қо­яды және мөр­мен рас­тай­ды
(1 күн)
№ 5 іс-әре­кет
(30 мин)
Зоо­ло­ги­я­лық кол­лек­ци­я­ны ті­зі­лім­ге ен­гі­зу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ре­ді
3-кесте. Пайдалану нұсқалары Баламалы үдеріс-мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде шешім бекітілген жағдайда
Ба­ла­ма­лы үде­ріс (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
Кең­се ма­ма­ны
Ко­ми­тет тө­ра­ға­сы
Са­рап­шы (орын­да­у­шы)
№ 1 іс-әре­кет
Өті­ніш­ті, құ­жат­тар­ды қа­был­дау, кө­шір­ме­лер­ді түп­нұс­қа­ла­ры­мен са­лы­сты­ра­ды, тір­кеу кү­ні мен нө­мі­рі және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні көр­се­ті­л­ген та­лон бе­ре­ді
(30 мин)
№ 2 іс-әре­кет
Ұсын­ған құ­жат­тар­мен та­ны­сты­ру, бұ­ры­шта­ма қо­яды
(1 күн)
№ 3 іс-әре­кет
Ұсын­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және дұ­рыс ре­сім­де­лу­ін тек­се­ре­ді, дәлел­ді бас тар­ту­ды әзір­лей­ді (1 күн)
№ 4 іс-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қо­яды
№ 5 іс-әре­кет
Дәлел­ді бас тар­ту бе­ре­ді

36 Әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

«Зоологиялық коллекцияларды құру және
мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба

Қолданыстағы