О внедрении единой системы клиринговых расчетов в хозяйственном обороте Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысының шаруашылық айналымында клирингтік есептесудің бірыңғай жүйесін енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы төлем жасамау дағдырысының проблемаларын шешу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1644 қаулысына сәйкес және шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналымдық қаражаттарын үнемдеу және өзара бережақтар жөніндегі түйінді мәселелерді шешу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Банктік операцияларды жеделдетуді, аймақ өңіріндегі төлем төлеудің санын және айналмалы қаражаттарды өсіруді қамтамасыз ететін клирингтік есептесу орталығын құру туралы «Жылуэнергия» акционерлік қоғамының, «Ақтөбе жылу – энергия орталығы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының, «Әлемкапитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Тұран Әлем Банкі» ашық акционерлік қоғамының облыстық филиалының ұсыныстары қабылдансын.
Тармақ 2
2. Облыстық қазынашылық басқармасы (Л. В. Нарсеева):
Тармақ 1
1. Клирингтік есептесу орталығы арқылы банктер аралық клиринг жүргізуді жүзеге асырсын;
Тармақ 2
2. Тауарлармен жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілер келісім-шарттарында банктік реквизиттерді қосымша келісімсіз мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың есептері клирингтік есептесу орталығындағы шаруашылық субъектілерінің есеп – шоттарына жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жентеміров), Ақтөбе қаласының әкімі (Е. Н. Сағындықов) клирингтік есептесуді тек қана клирингтік есептесу орталығы арқылы жүргізсін. Осындай қызметтердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге Клирингтік есептесу орталығының ақысыз қызмет көрсететіні еске алынсын. Жергілікті бюджетке міндетті төлемдер бойынша бережағы бар шаруашылық жүргізуші субъектілермен бюджеттің есептесуін белгіленген тәртіппен, Клирингтік есептесу орталығында ашылған шот арқылы жүргізсін.
Тармақ 4
4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімші мекемелері белгіленген үлгі бойынша Клирингтік есептесу орталығына кредиторлық қарыздар туралы апта сайын мәлімет беріп отырсын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері, облыстық экономика басқармасы (Н. Қ. Әбдібеков) шаруашылық жүргізуші субъектілердің дебиторлық және кредиторлық қарыздарының жағдайы туралы ақпараттардың клирингтік сесптесу орталығына ағымдағы айдың біріне, 15-нен 20-на дейнгі кезеңде ұсынылуына көмектессін.
Тармақ 6
6. Жаңадан құрылған клирингтік есептесу – орталығына Қазақстан Республикасы Ұлттық банктен тиісті лицензия алғаннан кейін Актөбе облысы бойынша салық комитетімен клирингтік операторларымен және клирингтік есептесуге қатысушылармен клирингтік операцияларды жүргізу Ережесінің
шарттарын және қолданыстағы салық заңдарын сақтау туралы келісім жасасын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунге жүктелсін.