Об утверждении Правил устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил устройства временных приспособлений и наплавных сооружений для причаливания, швартовки и стоянки судов, плотов и иных плавучих объектов, посадки на суда и высадки с судов пассажиров, погрузки, выгрузки и хранения грузов
- Атауы (қаз.)
- Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидасын бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 765
- Қабылданған күні
- 02.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI59632_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000765
- ЭКБ идентификаторы
- 59632
- Редакция идентификаторы
- AI59632_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:03
0 Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидасын бекiту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 765 қаулысымен
бекітілген
Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы 1. Жалпы ережелер
1
1. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2
2. Қағида Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсіруге, жүктерді тиеуге, түсіруге және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.
3 3. Қағида Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4 4. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар);
2 2) арқандап байлау – кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемелерге жақындап келуі және бекітілуі бойынша іс-қимылдар.
2 2. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілердің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібі
5 5. Құрылыстар тасымалдардың транзиттік, аралық және соңғы пункттерінде орнатылады.
6 6. Құрылыстар жағалауға кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне, сондай-ақ жолаушыларға, жүктер, багажды мен багажды түсіріп, тиеуді кезінде қамтамасыз ететіндей түрде қауіпсіз қызмет көрсетуді арқандап байланады.
7 7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8 8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
9 9. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1500 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10 10. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылыстар:
1 1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен;
2 2) тіркеп сүйреу кнехталарымен, кеменің алдыңғы және артқы жағы үшін арқандап байлау құралдарымен және жағалау жақтан тірек құралдарымен;
3 3) ені кемеден құрылысқа кемінде 1 метр және құрылыстан жағалауға кемінде 2 метр орташа шыбығы бар, биіктігі 110 сантиметр тұтқалармен қоршалған берік және қауіпсіз басқыштар;
4 4) мүгедектер арбашасындағы мүгедектерді отырғызуға және түсіруге арналған құралдар;
5 5) құрылыс корпусында теплоходтың отырғызу алаңы деңгейінде орнатылған отырғызу алаңы, теплоходтың негізгі палубасы деңгейінде отырғызу эстакадасымен. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспайды;
6 6) жерге тұйықтағыш құрылғымен жабдықталады.
11
11. Жолаушы үй-жайлары бар дебаркадерлері болмаған елді мекендерде павильондар, ал қала маңындағы желілер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар салынады. Бұл ретте осындай павильондардың иелері жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қажетті құрылғылармен жабдықтайды.
12
12. Құрылыстарға кіреберіс жолдар жиектемесі, қарсы келетін автокөліктің жүріп өтуі үшін жүру бөлігінің жеткілікті ені бар қатты жабынмен, автокөлік тұруға арналған орынмен, периметрі бойынша жарықтандырумен, қоқысты жинау орнымен, ал жолаушылар порттарында (жолаушы айналымы күніне 300-ден астам адам) қосымша – су құбырымен және кәрізбен жабдықталады.