Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов

Қаулы · № 770 · қабылданған 03.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59633/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов Күшін жойған Қаулы ·№ 770 ·03.07.2011
28.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов

Күшін жойған Қаулы ·№ 770 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прохождения обучения по программе подготовки медиаторов
Атауы (қаз.)
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
770
Қабылданған күні
03.07.2011
Көрсетілген редакция
28.07.2023 59633_646931.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000770
ЭКБ идентификаторы
59633
Редакция идентификаторы
59633_646931
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:02

0 Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы

"Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының 9-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2011 жылғы 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысымен
бекітілген
Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы

1. Осы Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды (даушарларды) реттеу саласында кәсіпқой медиаторларды даярлауға және оларға тиісті сертификаттар беруге арналған.

2. Қағида кәсіпқой медиатор мәртебесін алу, медиатордың біліктілігін арттыру және медиацияны оқыту үшін білімнің қажетті минимумын көздейді.

3. Қағида Заңға сәйкес медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Медиаторлар ұйымы) медиаторларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуіне және бекітуіне негіз болып табылады.

4. Кәсіпқой медиаторларды даярлау осы Қағиданың талаптарына сәйкес әзірленген Медиаторлар ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

5. Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты тыңдаушылардың медиатор ретінде кәсіби негізде қызметін жүргізу үшін қажет білімді алу, шеберлікті, дағдыларды игеруі, медиацияны оқыту және біліктілігін арттыру болып табылады.

6. Кәсіпқой медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.

7. Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша тыңдаушылардың контингентін жоғары білімі бар мамандар құрайды. Жиырма бес жасқа толмаған адамдарға кәсіпқой медиатор мәртебесін алып, оқытудан өтуіне болады, алайда медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыру құқығына олар жиырма бес жасқа толғанда ие болады.

8. Медиаторларды даярлау бағдарламасы "Жалпы медиация курсы", "Мамандандырылған медиация курсы" және "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" (жаттықтырушыларға арналған тренинг) оқу бағдарламаларынан тұрады.

9. "Жалпы медиация курсы" Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келетін кәсіпқой медиатор болғысы келетіндердің барлығын даярлауға арналған және көлемі 48 сағаттан кем болмауға тиіс. Оқу басталғанға дейін тұлға Медиаторлар ұйымына мынадай құжаттарды:

1) жоғары білім туралы дипломның көшірмесін (дипломның түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін нотариалды куәландырылған көшірмесін);

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

3) Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын;

4) Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтер қамтылған соттылығы жоқ екені туралы анықтаманы ұсынуға тиіс.

"Жалпы медиация курсы" оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адамдар медиациядан сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізуге құқылы.

10. "Мамандандырылған медиация курсы", "Жалпы медиация курсын" өткен адамдарға арналған. "Мамандандырылған медиация курсы" нақты мамандану бойынша кәсіпқой медиаторды дайындауға арналған және көлемі 50 сағаттан кем болмауға тиіс. "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адам сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде, оның ішінде нақты мамандануы бойынша кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізеді.

11. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" медиация бойынша оқу өткізгісі келетін кәсіпқой медиаторды даярлауға арналған және көлемі 32 сағаттан кем болмауға тиіс. Бұл ретте кәсіпқой медиатордың "Жалпы медиация курсы" және "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламалары бойынша сертификаттары болуға тиіс.

12. Оқу бағдарламаларының мазмұны әрбір оқу бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарымен және 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тақырыптармен берілген.

13. Медиаторларды оқыту бағдарламасы теориялық бөлікті (дәріс оқу), практикалық сабақтар, тренингтер, іскерлік ойындар өткізуді көздейді. Медиаторларды оқытудың практикалық бағытына байланысты дәріс сабақтарының көлемі сабақтардың жалпы көлемінің 40 пайызынан аспауға тиіс.

14. Медиаторларды даярлау жөніндегі үш оқу бағдарламасының әрқайсысы қорытынды аттестаттаумен және 4-қосымшаға сәйкес нысанда сертификат берумен аяқталады. Аталған құжат оқытуды жүргізген Медиаторлар ұйымының мөрімен куәландырылады.

15. Қорытынды аттестаттау медиатордың білімі мен дағдыларын тексерудің екі деңгейін қамтиды: теориялық білім әңгімелесу немесе тестілеу нысанындағы емтиханда тексеріледі; практикалық дағдылар имитациялық медиация нәтижелері бойынша тексеріледі және бағаланады, оны құрамын оқытуды өткізіп отырған ұйымның басшысы айқындайтын емтихан комиссиясы өткізеді. Бұл ретте емтихан комиссиясы үш мүшеден - Медиаторлар ұйымының екі өкілінен және басқа Медиаторлар ұйымының бір өкілінен тұрады.

16. Қорытынды аттестаттаудың нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және олар тыңдаушылардың назарына жеткізіледі.

17. Оқу тобының саны 15 адамнан аспайды.

18. Тыңдаушылар оқу кезеңінде қағаз (электронды) тасымалдағыштардағы оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі.

19. Шетелде медиатор мәртебесін алған және Қазақстан Республикасында медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асырғысы келетін адам "Жалпы медиация курсы" және "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламалары бойынша дайындықтан өту міндетінен босатылады, бірақ тиісті сертификатты беріп, медиаторларды кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бекітілген оқу бағдарламалары бойынша Медиаторлар ұйымында аттестаттаудан өтуге тиіс.

1 "Жалпы медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
1-қосымша
"Жалпы медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Р/с

Та­қы­рып­тар­дың ата­уы
Бар­лық са­ға­ты
Оның ішін­де
Дә­ріс
Прак­ти­ка­лық са­бақ
1.
Да­у­лар­ды ба­ла­ма­лы ше­шу ұғы­мы және түр­ле­рі
2
2
2.
Ме­ди­а­ция ұғы­мы
2
2
3.
Ме­ди­а­ция жө­нін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы
1
1
4.
Ме­ди­а­ци­я­ның негіз­гі қа­ғи­дат­та­ры
2
2
5.
Ме­ди­а­ция құ­рал­да­ры
6
2
4
6.
Ме­ди­а­ци­яда­ғы қа­был­дау және ком­му­ни­ка­ция
8
4
4
7.
Ме­ди­а­тор және ме­ди­а­ция рә­сі­мі
2
2
8.
Ме­ди­а­ция рә­сі­мін жүр­гі­зу қа­ғи­да­сы
2
2
9.
Ме­ди­а­ция рә­сі­мі­нің нәти­же­сі
1
1
10.
Ме­ди­а­ци­яда­ғы ақ­па­рат
1
1
11.
Та­рап­тар­дың мүд­де­ле­рі­мен жұ­мыс іс­теу
6
2
4
12.
Ме­ди­а­ци­яда­ғы ке­ліс­сө­здер про­це­сі­нің ерекше­лік­те­рі
4
2
2
13.
Ме­ди­а­ция рә­сі­міне қа­ты­су­ға та­рап­тар­дың өкіл­де­рін, са­рап­шы­лар­ды  және бас­қа да тұ­лға­лар­ды тар­ту
1
1
14.
Да­у­шар­лар ұғы­мы және олар­ды жік­теу
2
2
15.
Ме­ди­а­ци­яда на­ра­зы­лық­тар­мен жұ­мыс іс­теу
2
1
1
16.
Ме­ди­а­ци­я­ны ал­ға жы­л­жы­ту және ме­ди­а­ци­яда­ғы әдеп нор­ма­ла­ры
2
1
1
17.
Ме­ди­а­ци­я­ның ше­тел­дік тә­жі­ри­бе­сі
2
2
18.
Қо­ры­тын­ды ба­қы­лау
2
2 прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­мен жұ­мыс іс­теу, те­сті­леу
19.
жиы­ны
48
30
18

2 "Мамандандырылған медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
2-қосымша
"Мамандандырылған медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Р/с

Та­кы­рып­тар­дың ата­уы
Бар­лық са­ға­ты
Оның ішін­де
Дә­ріс
Прак­ти­ка­лық са­бақ
1.
Аза­мат­тық құқық­тық, қа­ты­на­стар­дан туын­дай­тын да­у­лар­ды ше­шу ерекше­лік­те­рі
5
2
3
2.
Ең­бек құқық­тық қа­ты­на­ста­ры­нан туын­дай­тын да­у­лар­ды ше­шу ерекше­лік­те­рі
5
2
3
3.
От­ба­сы құқық­тық қа­ты­на­ста­ры­нан туын­дай­тын да­у­лар­ды ше­шу ерекше­лік­те­рі
6
2
4
4.
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың іс­те­рі бой­ын­ша да­у­лар­ды (да­у­шар­лар­ды) ше­шу ерекше­лік­те­рі
5
2
3
5.
Қыл­мыстық іс­тер бой­ын­ша да­у­шар­лар­ды ше­шу ерекше­лік­те­рі
6
2
4
6.
Кор­по­ра­тив­тік да­у­лар­ды ше­шу ерекше­лік­те­рі
5
2
3
7.
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да ме­ди­а­ци­я­ны қол­да­ну
5
2
3
8.
Әле­умет­тік ме­ди­а­ция.
Көр­ші­лер да­у­ла­рын­да ме­ди­а­ци­я­ны қол­да­ну
5
2
3
9.
Эт­но­са­ра­лық ерекше­лік­тер және ме­ди­а­ция
5
2
3
10.
Қо­ры­тын­ды ба­қы­лау
3
3 прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­мен жұ­мыс іс­теу, те­сті­леу
11.
жиы­ны
50
18
32

3 "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
3-қосымша
"Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары
Р/с №
Та­қы­рып­тар­дың ата­уы
Бар­лық са­ға­ты
Оның ішін­де
Дә­ріс
Прак­ти­ка­лық са­бақ
1.
Ме­ди­а­ци­я­ны оқы­ту негіз­де­рі
7
3
4
2.
Ме­ди­а­ци­я­ны оқы­ту ке­зін­де топ­пен жұ­мыс іс­теу
7
3
4
3.
Ме­ди­а­ци­я­ны оқы­ту ке­зін­де ой­ын ар­қы­лы өза­ра іс-қи­мыл жа­сау
7
3
4
4.
Ме­ди­а­ция жат­тық­ты­ру­шы­сы­ның же­ке жұ­мысы
8
3
5
5.
Қо­ры­тын­ды ба­қы­лау
3
3 прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­мен жұ­мыс іс­теу, те­сті­леу
6.
жиы­ны
32
12
20

4 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
4-қосымша
___________________________________________________________
(ме­ди­а­тор­лар ұй­ы­мы­ның ата­уы)
___________________________________________________________ СЕР­ТИ­ФИ­КАТ № ______________________
(сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі) Осы Сер­ти­фи­кат
______________________________________________
(Т.А.Ә.)
___________________
(бағ­дар­ла­ма ата­уы)
ме­ди­а­тор­лар­ды да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу­ды та­бысты аяқ­та­ға­нын ку­әлан­ды­ра­ды. ____________________________           ___________________
(жат­тық­ты­ру­шы ме­ди­а­тор­дың                     (қо­лы)
Т.А.Ә.) ____________________________           ___________________
(ме­ди­а­тор­лар ұй­ы­мы                         (қо­лы)
бас­шы­сы­ның Т.А.Ә.) М.О. ___________________________
(сер­ти­фи­кат­ты бе­ру кү­ні)

Қолданыстағы