Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата по обеспечению горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов

Қаулы · № 766 · қабылданған 02.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59656/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата по обеспечению горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов Күшін жойған Қаулы ·№ 766 ·02.07.2011
21.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата по обеспечению горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов

Күшін жойған Қаулы ·№ 766 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата по обеспечению горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов
Атауы (қаз.)
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
766
Қабылданған күні
02.07.2011
Көрсетілген редакция
21.11.2012 AI59656_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000766
ЭКБ идентификаторы
59656
Редакция идентификаторы
AI59656_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:03

0 Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабы 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 766 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаты - азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат (бұдан әрі – сертификат);
3) жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – ЖЖМ) – авиациялық техниканы пайдалану кезінде пайдаланылатын отындардың, майлардың, жағармайдың және барлық маркідегі арнайы сұйықтықтардың жалпы атауы;
4) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық зерттеу рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
5) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлға;
6) сертификаттау талаптары – азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі – ЖЖМҚҰ) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін сертификаттау талаптары;
7) сертификаттық зерттеу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарды сертификаттау талаптарына сәйкестігіне тексеру.
2. Сертификаттау тәртібі
3. ЖЖМҚҰ-ны сертификаттау тәртібі рәсімдердің мынадай дәйектілігін көздейді:
1) өтініш берушінің уәкілетті органға сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім беруі;
2) уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
3) уәкілетті орган комиссиясының сертификаттық зерттеу орнына барып, Комиссияның сертификаттық зерттеу жүргізуі;
4) уәкілетті органның шешім қабылдауы және сертификат беруі (берудн бас тартуы).
4. Өтінімге Өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беруі тиіс:
1) жарғысының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің сертификатқа міндеттемесі;
3) Өтініш берушіге уәкілетті органның қарамағындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын ұйым сертификаттық зерттеуге берген алдын ала қорытындының көшірмесі;
4) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініш берушінің және (немесе) жанар-жағармай материалдары қызметтерінің құрылымы;
5) технологиялық жабдықтардың тізбесі және олардың техникалық сипаттамасы;
6) авиаотынды теміржол цистерналарынан қабылдаудан бастап әуе кемесіне құйғанға дейінгі операциялардың және ЖЖМ сапасын бақылаудың Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен технологиялық карталарының көшірмелері;
7) Өтініш берушінің азаматтық авиация ұйымдарының басқа қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспары;
8) авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарының (ЖЖМ қызметтері) инженерлік-техникалық құрам бойынша деректері, лауазымдары және орындайтын функциялары көрсетілген Өтініш беруші қызметкерлерінің тізімі;
9) Өтініш берушінің штатында жұмыс істейтін қызметкерлердің арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы Өтініш беруші шығарған бұйрық;
10) Өтініш берушінің штатында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы машиналардың әуе кемесіне баруына (одан кетуіне) басшылық жасау жөніндегі жұмысқа рұқсат беру туралы Өтініш беруші шығарған бұйрық;
11) Өтініш берушіге аккредиттеу жөніндегі орган берген ЖЖМ зертханаларын аккредиттеу аттестаты;
12) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен өлшем бірліктерін тексеру кестесі;
13) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен ЖЖМҚҰ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
14) Өтініш беруші әзірлеген және бекіткен:
жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулық;
жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
лауазымдық нұсқаулықтар;
технологиялық нұсқаулықтар;
жанар-жағармай материалдары қоймасының, сорғы станцияларының және ысырмаларды басқарудың технологиялық схемалары;
сорғы станцияларын басқарудың электрлі схемалары;
15) статикалық электр жерлендiргiш құрылғыларын және жайтартқыштарды тексеру актілері;
16) инженер-техникалық және басшы персоналды оқыту және техникалық даярлау, олардың біліктілігін арттыру жоспары, сондай-ақ штатты жасақтау және кадрлар резервін дайындау жоспарлары.
Осы тармақтың 2) – 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бірінші басшының қолымен куәландырылған көшірмелер түрінде және өтініш берушінің мөрімен ұсынылады.
5. Сертификаттаудың ең ұзақ мерзімі уәкілетті орган өтінімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
3. Өтінім бойынша алдын ала бағалау жүргізу және шешім қабылдау тәртібі
6. Уәкілетті орган өтінім мен берілген құжаттар бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асырады және қарау нәтижелері бойынша осы Қағиданың 8 және 9-тармақтарының 1), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ЖЖМҚҰ-ға сертификаттау жүргізуге өтінімінің қабылданғаны туралы шешімді жібереді.
7. Өтінімді алдын ала бағалау кезінде:
1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттардың болуы;
2) өтініш берушінің осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігі белгіленеді.
8. Өтінімді алдын ала бағалау барысында уәкілетті орган:
1) өтініш берушіден өтінімде берілген барлық мәселелер бойынша қосымша ақпаратты жазбаша сұратады;
2) өтініш берушіге сертификаттау рәсімдері, өтініш беруші сертификатталатын сертификаттау талаптары туралы хабарлайды;
3) өтініш берушінің қызметкерлері штатының жасақталуы және кадрлар даярлау жүйесі мәселелерін қарайды;
4) сертификат берген кезде қандай пайдалану және техникалық шектеулер белгіленетінін өтініш берушіге түсіндіреді;
5) өтінімді алдын ала бағалау барысында анықталған кемшіліктердің тізбесімен хабарламаны және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды өтініш берушіге жібереді.
9. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе толық көлемде берілмесе, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде негізделген ескертулерді хабарлайды және/немесе осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген жетіспейтін құжаттарды сұратады. Бұл ретте сертификаттау мерзімі уәкілетті орган өтініш берушіге ескертулер берген сәттен бастап ескертулерді жою және/немесе өтініш беруші толық құжаттар пакетін ұсынған күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
10. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе оларды жойғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеу жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құру туралы шешім шығарады.
Комиссия белгіленген тәртіппен ЖЖМҚҰ-ның сертификаттау талаптарына сәйкестігіне сертификаттық зерттеу жүргізеді.
4. Сертификаттық зерттеу жүргізумен сертификатты беру тәртібі
11. Сертификаттық зерттеу кезінде Комиссия сертификаттық зерттеу жүргізу орнына барады және мыналарды:
1) ЖЖМҚҰ-ның ұйымдық құрылымын;
2) ЖЖМҚҰ-ның ақпараттық және құжаттамалық базасын;
3) ЖЖМҚҰ-ның техникалық жарақталуын;
4) ЖЖМҚҰ объектілерінің нақты жай-күйі мен олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарайды.
12. Сертификаттық зерттеу мерзімі өтінім бойынша шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
13. Сертификаттық зерттеу осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеудің үлгілік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
14. Сертификаттық зерттеу нәтижелері бойынша Комиссия ЖЖМҚҰ-ның жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес екі данада сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды. Актіге Комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысу үшін беріледі.
15. Сертификаттың ұсынылатын үш жылдан аспайтын қолданылу мерзімі көрсетілген сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытынды жазылған Комиссия Актісі сертификат беру үшін негіз болып табылады.
16. Уәкілетті орган осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес сертификатты ресімдеу мен беруді акт жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүргізеді.
Сертификат иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берілуі мүмкін емес.
17. Егер:
1) Комиссияның тиісті Актісінде сертификаттау талаптарына ЖЖМҚҰ-ның сәйкессіздігі белгіленсе;
2) соттың өтініш берушіге қатысты азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге тыйым салатын шешімі болған жағдайларда, сертификат беруден бас тартылады.
18. Сертификат беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге бас тарту себебі көрсетілген жазбаша дәлелді жауап беріледі.
19. Уәкілетті орган:
1) ЖЖМҚҰ сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда;
2) осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес өтініш беруші қабылдаған міндеттемелерін сақтамаған жағдайда.
Уәкілетті орган сертификаттың қолданылу мерзімін тоқтата тұру туралы шешімді Заңның 10-бабына сәйкес уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жүргізген тексерулер мен өзге де бақылау қорытындылары бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды;
3) сертификаты бар ЖЖМҚҰ-ның өтініші бойынша сертификаттың қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрады.
20. Тоқтатыла тұрған сертификаттың қолданысын уәкілетті орган:
1) сертификаты бар ЖЖМҚҰ анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін және уәкілетті органға анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін – осы Қағиданың 19-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша;
2) сертификаты бар ЖЖМҚҰ сертификаттың қолданысын қалпына келтіру туралы еркін нысандағы өтінішін бергеннен кейін – осы Қағиданың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қалпына келтіреді.
21. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім, егер сертификаты бар ЖЖМҚҰ тоқтата тұру себептерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоя алатын жағдайда қабылданады. Тоқтата тұру себептерін жою мүмкін болмаған жағдайда сертификат қайтарылып алынады.
22. Сертификат тоқтатыла тұрған жағдайда немесе қайтарылып алынғанда уәкілетті орган сертификаты бар ЖЖМҚҰ-ға сертификатты тоқтата тұру мерзімін немесе қайтарып алу себептерін көрсетіп және негіздей отырып, сертификатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу туралы тиісті шешімді жібереді.
Сертификаты бар ЖЖМҚҰ сертификатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу себептерімен (немесе) мерзімімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
23. Сертификат қайтарылып алынған жағдайда оны қайта беру осы Қағидада көзделген тәртіппен сертификаттау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
24. Сертификаты бар ЖЖМҚҰ атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және сертификаттау талаптарының сәйкессіздігіне әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болғанда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
Сертификатқа өзгерістер енгізілген кезде бұрын берілген сертификаттың тіркеу нөмірі сақталады, ал уәкілетті орган жүргізетін Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдардың Сертификаттарын беру тізіліміне бұл туралы тиісті жазба жазылады.
25. Сертификат бүлінген немесе жоғалған жағдайда, уәкілетті орган сертификаттың телнұсқасын береді.
26. Сертификаттың телнұсқасын алу үшін сертификаты бар ЖЖМҚҰ уәкілетті органға сертификаттың бүлінгенін немесе жоғалғанын растайтын негіздемесімен мен құжаттарымен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты (жоғалған жағдайдан басқа) береді.
27. Сертификатқа өзгерістер енгізу үшін сертификаты бар ЖЖМҚҰ уәкілетті органға бұл өзгерістер басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті өзгерістерді растайтын негіздемелерімен және құжаттармен бірге еркін нысандағы өтініш және бұрын берілген сертификатты береді.
28. Сертификаттың телнұсқасын беруді және сертификатқа өзгерістер енгізуді уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде жүргізеді.

1 Уәкілетті органның атауы Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша ұйымды сертификаттық зерттеу жүргізуге Ө Т І Н І М

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
1-қосымша
Уәкілетті органның атауы Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша ұйымды сертификаттық зерттеу жүргізуге Ө Т І Н І М
1.___________________________________________________________________
(Авиакәсіпорнының авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның атауы)
2. __________________________________________________________________
(басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
3. ЖЖМ қызметінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне
сертификаттық зерттеу жүргізуді өтінеді.
4. Ұйым туралы мәліметтер:
1) Меншік нысаны ____________________________________________________
2) Тіркеу туралы куәлік _____________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берді)
3) Банктік реквизиттер ______________________________________________
(е/ш №, кор.шот,МФО, банктің атауы және орналасқан жері)
4) Заңды мекенжайы және басқа да реквизиттер ________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық мекенжайы, тел., факс, АФТН және т.б.)
5. Қоса берілген құжаттар: __________________________________________
(дәлелді құжаттамалар пакеті неше парақта)
Басшы: ___________________________________   _________________
(Т.А.Ә.)                        (қолы)
Бас бухгалтер: __________________________   _________________
(Т.А.Ә.)                 (қолы)
Күні ________________
М.О.
Құжаттарды қабылдады: ________________________ 20 ж. «__»____________
(уәкілетті органның лауазымды тұлғасы)

2 Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификатына өтінім берушінің МІНДЕТТЕМЕСІ

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
2-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификатына өтінім берушінің МІНДЕТТЕМЕСІ
Мен, _____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
______________________________________________________ азаматтық әуе
кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі
ұйым _______________________________________________________________,
(нормативтік құжаттар атауы)
сертификаттық талаптарына сәйкес келетінін, құжаттамада берілген ақпарат азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның нақты жағдайына сәйкес келетінін растаймын және
1) сертификаттық талаптар мен нормативтік құжаттама ережелеріне сәйкес сұйық қойманы, сорғы станциясын, құю пункттерін, құбыр жолдарын және ЖЖМ қызметінің басқа да объектілерін пайдалануға және күтіп ұстауға;
2) сертификаттық талаптар мен нормативтік құжаттамалар ережелеріне сәйкес авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтардың сақталуын, құюға беруге дайындауды және сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның сертификаттық және нормативтік талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде әуежайда полеттардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шектеулер енгізуге және бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндеттенемін.
Ұйым басшысы: _______________________________ ________
(Т.А.Ә.)               (қолы)
М.О.                  20 ж. «__»__________

3 Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттауды 20_жылғы «_»_____ жүргізуге берген өтінім бойынша ШЕШІМ

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
3-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттауды 20_жылғы «_»_____ жүргізуге берген өтінім бойынша ШЕШІМ
Сіздің азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материаларымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттауға берілген өтініміңіз бен құжаттамаңызды қарап, төмендегілерді хабарлаймыз:
1. Сертификаттық зерттеу ___ бастап ____ дейінгі мерзімде жүргізіледі.
2. Зерттеу ____________________________________________________
(нормативтік актілердің атауы және нұсқауы)
________________________________ талаптарына сай келуіне жүргізіледі.
3. Сертификаттық зерттеу ______________________________________ _____________________________________________________________________
(ұйым атауы, мекенжайы)
_________________________________ объектілерін тексеру жолымен жүзеге
асырылады.
4. Жұмыстар ____________________________ негізінде жүргізіледі.
Ұйым басшысы: _________________________________ __________
(Т.А.Ә.)                (қолы)
МО                      20__ ж. «___»___________

4 Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеудің үлгі бағдарламасы

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
4-қосымша
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеудің үлгі бағдарламасы
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Тексеру күні, бұйрық нөмірі _________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә, лауазымдары: _________________________________
_________________________________

Тек­се­рі­ле­тін эле­мент
Сәй­кест­ікті ба­ға­лау (+/-)
Сәй­кес­сіз­дік ұста­ны­мы­ның нө­мі­рі
1
2
3
4
1. Дәлел­деу құ­жат­та­ма­сы­ның бо­луы
1.1
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның жар­ғы­сы
1.2
Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік
1.3
Жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну құқы­ғы­ның ак­ті­сі
1.4
Са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы
1.5
Эко­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның қо­ры­тындысы
1.6
Сақ­тан­ды­ру­дың мін­дет­ті түр­ле­рін рас­тай­тын сақ­тан­ды­ру по­ли­сте­рі
1.7
ЖЖМ қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же
1.8
Авиа­оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету­де­гі опе­ра­ци­я­лар
1.9
Авиа­оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі­нің ба­қы­лау опе­ра­ци­я­ла­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­сы
1.10
ЖЖМ қыз­ме­ті­нің әу­е­жай­дың қыз­мет­те­рі­мен өза­ра іс-қи­мыл схе­ма­сы
1.11
Қол­да­ны­с­та­ғы авиа­оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі­нің си­патта­ма­сы
1.12
АОЦ-дан қа­был­да­удан әуе ке­ме­сіне бер­ген­ге дей­ін­гі авиа­отын­ның са­па­сын ба­қы­лау схе­ма­сы
1.13
Жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­ның са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нұс­қа­улық
1.14
Жал­пы си­патта­ғы авиа­оты­н­мен қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нор­ма­тив­ті және нұс­қа­улық құ­жат­та­ма­лар­дың тіз­бе­сі
1.15
Тех­ни­ка­лық пер­со­нал жө­нін­де­гі жиын­тық де­ректер
1.16
ЖЖМ қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­ры
1.17
ЖЖМ қыз­ме­ті­нің құ­ры­лы­мы
1.18
ЖЖМ қой­ма­сы мен ЖЖМ зерт­ха­на­сы­ның өл­шеу құ­рал­да­рын есеп­ке алу ве­до­мо­сы
1.19
Өл­шеу құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тек­се­ру кесте­сі
1.20
Ре­зер­ву­ар­лар­ды та­за­лау кесте­сі
1.21
Өрт сөн­ді­ру қа­уіп­сіз­ді­гі­нің ша­ра­ла­ры ту­ра­лы нұс­қа­улық­тар тіз­бе­сі
1.22
Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар тіз­бе­сі
1.23
Ең­бек­ті қор­ғау және қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы жө­нін­де нұс­қа­улық­тар тіз­бе­сі
1.24
Сы­нақ зерт­ха­на­сын ак­кре­дит­теу ат­те­ста­ты
1.25
Қой­ма­ны және ысыр­ма­лар­ды бас­қа­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық схе­ма­сы
2. Өн­ді­рі­сті ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру
НҚА ата­уы
2.1
Ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар ара­сын­да­ғы мін­дет­тер­ді, өкі­лет­тікті және жа­у­ап­кер­ші­лік­тер­ді бө­лу сәй­кест­і­гі
2.2
ЖЖМ қыз­ме­ті шта­ты­ның то­лық­ты­ры­луы, штат­тық кесте­сі
2.3
Ма­ман­дар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру
2.4
Бас­қа­ру, нор­ма­тив­ті-тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық құ­жат­та­ма­лар­мен қам­та­ма­сыз ету
2.5
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­мен қам­та­ма­сыз ету
2.6
Пер­со­нал­дың мін­дет­те­рін және жа­у­ап­кер­ші­лік­те­рін бел­гі­леу және сәй­кестен­ді­ру
2.7
Пер­со­нал­ға мін­дет­те­рін ат­қа­руы­на рұқ­сат бе­ру (Ар­найы сұй­ық­тық­тар­мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық (КҚМ және КЖМ), Ар­найы ма­ши­на­лар­дың ке­луі және ке­туі бас­шы­лы­ғы бой­ын­ша жұ­мыстар­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық)
3. Авиа­Ж­ЖМ мен ар­найы сұй­ық­тық­тар­дың са­па­сын ба­қы­лау
НҚА ата­уы
3.1. Кі­ріс ба­қы­ла­уы
3.1.1
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның және олар­да­ғы өнім­дер­дің іле­с­пе құ­жат­та­ма­мен сәй­кест­і­гін бел­гі­леу
3.1.2
Ке­ліп түс­кен авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­тар­дың та­за­лы­ғын ба­ға­лау
3.1.3
Авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­тар­дың сал­мақ­тық тығ­ы­зды­ғын тал­дау
3.1.4
Кі­ріс ба­қы­ла­у­ы­ның (жур­на­лы­ның) нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құ­жат­та­ма­лар­ды жүр­гі­зу
3.2. Қа­был­да­уды ба­қы­лау
НҚА ата­уы
3.2.1
Өнім­ді тал­дау нәти­же­ле­рін және оның пас­порт­тық де­ректер­ге және МемСТ-ке сәй­кест­і­гін тек­се­ру
3.2.2
Сы­нақ зерт­ха­на­ла­рын ак­кре­дит­теу ат­те­ста­тын есеп­ке ала оты­рып, авиа­ци­я­лық ке­ро­син үшін мас­са­лық тығ­ы­зды­ғы­на, фрак­ци­я­лық құ­ра­мы­на, тұт­қыр­лы­ғы­на, қыш­қыл­ды­ғы­на, жа­рық тем­пе­ра­ту­ра­сы­на, кри­стал­да­ну­дың ба­ста­лу тем­пе­ра­ту­ра­сы­на, нақ­ты шай­ыр құ­ра­мы­на, су­да ери­тін қыш­қыл­дар мен сі­л­ті­ге тал­дау жа­сау
3.2.3
Жа­рам­ды­лық тал­да­уды ре­сім­деу
3.3. Қой­ма­лық ба­қы­лау
3.3.1
Ба­қы­ла­удың ке­зең­ді­лі­гін сақ­тау
3.3.2
МемСТ та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін тал­дау және рас­тау
3.4. Әу­е­ай­лақ­тық ба­қы­лау
3.4.1
Сал­мақ­тық тығ­ы­зды­лы­ғы
3.4.2
Шы­ғыс ре­зер­ву­ар­да­ғы, та­за­лау және құю құ­рал­да­рын­да­ғы өнім­нің та­за­лы­ғы
3.4.3
Авиа­май­лар­дың (3.1 -3.4-т. ұқсас) және ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды кі­ріс, қа­был­да­уды және қой­ма­лық ба­қы­лау
3.4.4
Про­ба­лар­ды ірік­теу және олар­ды та­сы­мал­дау
4. Авиа­Ж­ЖМ мен ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды құ­ю­ға бе­ру­ге дай­ын­дау
НҚА ата­уы
4.1. Қой­ма­ға қа­был­дау ке­зін­де та­лап­тар­ды сақ­тау
4.1.1
Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­дың жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру. Ре­гла­мент­тік жұ­мыстар­дың орын­да­луы
4.1.2
Та­у­а­рас­ты су­дың бо­луын анық­тау
4.1.3
Ре­зер­ву­ар­да­ғы авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық қал­ды­ғы­ның та­за­лы­ғын, олар­дың са­па­сын және мар­ка­сын ба­қы­лау
4.1.4
Ре­зер­ву­ар­да­ғы қал­дық­ты тек­се­ру
4.1.5
Те­мір­жол эс­та­ка­да­сы­ның жай-күйі (бар бол­са)
4.1.6
Т/ж ци­стер­на­ла­ры­на тө­мен және жо­ға­ры құ­ю­ға ар­нал­ған қон­дыр­ғы
4.1.7
Жер­ге ор­на­ту тро­сы және өт­пе­лі кө­пір­лер­дің жай-күйі
4.1.8
Пас­порт­тың бо­луы және олар­дың МемСТ та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
4.1.9
Нүк­те­лік про­ба­лар­ды ірік­теу
4.1.10
Құю аяқ­тал­ған­нан кей­ін (30 ми­нут­тан соң) қа­был­дау ба­қы­лау үшін дон­на­лық және нүк­те­лік про­ба­лар­ды ірік­теу
4.1.11
Ыдыс­қа өнім­нің ке­ліп тү­су­ін ба­қы­лау (дай­ын­да­у­шы пас­пор­ты, ыдыс­та­ғы таң­ба және ыдыс­тың бү­т­ін­ді­гі)
4.2. Сақ­тау және қой­ма­і­ші­лік қай­та құ­ю­лар
НҚА ата­уы
4.2.1
Сақ­тау мер­зім­де­рін сақ­тау
4.2.2
Авиа­Ж­ЖМ мен ар­найы сұй­ық­тық­тар са­па­сын өзгер­ту және ара­ла­сты­ру жағ­дай­ла­рын бол­дыр­мау
4.2.3
Қай­та құю ке­зін­де Авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­тар­дың са­па­сы­ның өзге­ру жағ­дай­ла­рын бол­дыр­мау
4.2.4
Қай­та құю ба­стал­ған­ға дей­ін тал­дау жүр­гі­зу (тығ­ы­здық­ты тал­дау, та­за­лық дең­гей­ін тек­се­ру, қай­та құю же­лі­ле­рін­де­гі та­за­лау құ­рал­да­ры­нан қал­дық­ты тө­гу)
4.2.5
Та­за­лау құ­рал­да­рын­да­ғы қы­сым ауы­суын ба­қы­лау
4.2.6
Ре­зер­ву­ар­лық жур­нал­ды жүр­гі­зу
5. Авиа­Ж­ЖМ ӘК-ке құ­ю­ға бе­ру
НҚА ата­уы
5.1
Өнім­нің жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру және құ­ю­ға бе­ру, өнім­нің та­за­лық дең­гей­ін тек­се­ру үшін про­ба­лар мер­зі­мін сақ­тау, ірік­теу орын­да­ры
5.2
Ны­сан­дар­ды сақ­тау және ре­зер­ву­ар­лық жур­нал­ға неме­се ба­қы­лау та­ло­ны­на жа­зу­ды ен­гі­зу (ОҚС, ҚК неме­се құю ко­лон­ка­ла­ры болған­да)
5.3
Құю құ­рал­да­ры­нан та­за­лық дең­гей­ін, құю пункт­те­рін­де­гі су бө­лу­ді, (ауы­сым­да 1 рет­тен кем емес) сон­дай-ақ ОҚ, МҚ және ҚК тек­се­ру мер­зім­де­рін сақ­тау
5.4
Қы­сым ауы­суы бой­ын­ша құю пунк­те­рін­де­гі суб­ө­лу және сү­зу құ­рал­да­ры­ның жұ­мыс қа­бі­ле­тін ба­ға­лау (ауы­сым­да 1 рет) және қы­сым ауы­суын өл­шеу жур­на­лын тол­ты­ру
5.5
Авиа­отын­ның құ­ра­мын­да КҚС тек­се­ру үшін сы­на­ма­лар­ды ірік­теу (ауы­сым­да 1 рет­тен кем емес)
5.6
Құ­ю­дың жы­л­жы­ма­лы құ­рал­да­рын және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­та­рын ауы­сым ба­ста­лар ал­дын­да­ғы жай-күй­ін тек­се­ру (АТК және ЖЖМ өкіл­де­рі­нің қа­ты­суы­мен). Әуе ке­ме­сіне отын құ­ю­ға рұқ­сат бе­ру жө­нін­де­гі жур­нал­ды жүр­гі­зу
5.7
Ба­қы­лау та­лон­да­ры­ның бо­луы және дұ­рыс ре­сім­де­луі
5.8
Ұшу ала­ңын­да­ғы құю және гид­рант­ты ко­лон­ка­лар­да және құю құ­рал­да­рын­да­ғы ұшу ала­ңын­да өнім­нің та­за­лы­ғын тек­се­ру
5.9
За­уыт­тық орам­да­ғы авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды бе­ру ке­зін­де та­лап­тар­ды сақ­тау. Осын­дай ЖЖМ шы­ғын­да­уда са­па­ны ба­қы­лау
5.10
ОБИ (ПОЗТ жабды­ғы) кө­ме­гі­мен ме­ха­ни­ка­лық қо­сын­ды­лар­дың су­дың бо­луын тек­се­ру.
6. Авиа­Ж­ЖМ зерт­ха­на­сы
НҚА ата­уы
6.1
Сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның ак­кре­дит­теу ат­те­ста­ты­ның бо­луы
6.2
ЖЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды то­лық та­лап еті­ле­тін тал­дау өт­кі­зу үшін жаб­дық­тар­дың және ас­пап­тар­дың бо­луы
6.3
Ас­пап­тар мен жаб­дық­тар­ды дай­ын­да­у­шы за­уыт­тар­дың тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма­ла­ры­ның бар бо­луы
6.4
Зерт­ха­на өл­шеу құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі және мем­ле­кет­тік тек­се­ру мер­зім­де­рін сақ­тау
6.5
Жаб­дық­тар­дың жер­ге ор­на­ту кон­тур­ла­ры және жер­ге ор­на­ла­сты­ра­тын эле­мент­тер мен жер­ге ор­на­лы­стыр­ғы­штар­дың ке­дер­гі­сін өл­шеу ара­сын­да шы­н­жыр­дың бо­луын тек­се­ру хат­та­ма­сы
6.6
Құ­жат­та­ма­лар­ды жүр­гі­зу (жур­нал­дар, ак­ті­лер, тал­да­у­лар)
6.7
Со­ру жел­дет­кі­ші­нің бо­луы және ти­ім­ді жұ­мыс іс­те­уі
6.8
Та­ра­зы­лар мен та­ра­зы бөл­ме­сі
6.9
Газ же­лі­сі және газ бал­ло­ны ор­на­лас­қан орын
7. Қой­ма­да­ғы авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық мөл­ше­рін және са­па­сын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету
НҚА ата­уы
7.1
Ком­му­ни­ка­ци­я­ның, сый­ым­ды­лық­тың және ыдыс­тың гер­ме­ти­ка­лы­ғы­ның сақ­тал­мауы­нан қой­ма­да­ғы авиа­Ж­ЖМ және ар­найы сұй­ық­тық са­па­сы­ның өзге­ру­іне, ЖЖМ бас­қа түр­ле­рі­мен ара­ла­суы­на, су­ла­нуы­на жол бер­меу
7.2
Авиа­отын­ды қа­был­дау және сақ­тау жө­нін­де сый­ым­ды­лық­тың және бас­қа да жаб­дық­тың қа­жет болған­да аузын қап­та­ма­мен жа­бу
7.3
Қа­был­дау құ­быр тө­мен­гі нүк­те­сін­де­гі қал­дық­ты ағы­зу кра­ны­ның бо­луы
7.4
Ағы­зу ма­ги­стра­лын­да сор­ғы аг­ре­гат­та­ры­ның со­ру же­лі­ле­рін­де қор­ға­ныс тор­ғы сүз­гі­нің бо­луы
7.5
Ал­дын ала сүз­гі­ден өт­кі­зу неме­се ұқсас жаб­дық пунк­т­ін­де ма­но­метр­лар­мен ФГН-120 неме­се ФОСН-400 бо­луы
7.6
Ре­зер­ву­ар­лар­да ты­ныс алу кла­пан­да­ры­ның, та­у­а­рас­ты су­лар­ды және қал­дық ағын­ды­ла­рын жо­ю­ға, сы­на­ма­лар­ды ірік­те­у­ге ар­нал­ған қон­дыр­ғы­ның бо­луы
7.7
Ре­зер­ву­ар­лар­дың іш­кі тот­та­ну­ға қар­сы жа­рам­ды жа­мы­л­ғы­сы­ның бо­луы
7.8
Ре­зер­ву­ар­лар­да екі­құ­быр­лы бай­ла­удың бо­луы
7.9
Авиа­ке­ро­син­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған та­за­лау сый­ым­ды­лық­та­ры­ның (ре­зер­ву­ар­лар­дың) кесте­сі
7.10
Сый­ым­ды­лық­ты та­за­лау сыз­ба­сы (кри­стал­ға қар­сы сұй­ық­тық­ты және авиа­ци­я­лық май­лар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар)
7.11
ОҚ неме­се ОҚС-ға авиа­отын­ды бе­ру­ге сү­зу пунк­ті жабды­ғы­ның (ТФ-10 сүз­гі­сі, ТФБ сүз­гі­сі, СТ-2500 сүз­гі-бө­лу­ші­сі) бар бо­луы және сәй­кест­і­гі
7.12
Сү­зу пунк­т­ін­де қал­дық­ты құ­ю­ға ар­нал­ған кол­лек­тор­дың, ал та­за­лау және су бө­лу құ­рал­да­рын­да ма­но­метр­дің бо­луы
7.13
ОҚ сүз­гі­ле­рі­нің ТФБ сү­зу эле­мент­те­рі­мен неме­се ұқсас жаб­дық­тар­мен қам­та­ма­сыз еті­луі
7.14
Өт­пе­лі құю аг­ре­гат­та­ры­ның сүз­гі-суб­ө­лу жаб­дық­та­ры
7.15
Авиа­отын­ға КҚС бе­ру же­лі­ле­рін­де ни­кел­ді то­ры­нан сү­зу эле­мент­те­рі­мен қо­са, отын неме­се гид­рав­ли­ка­лық ұшақ сүз­гі­сі­нің бо­луы (12 ТФ 29CM үл­гі­сін­де неме­се ұқсас түр­ле­рі)
7.16
ОҚ, МҚ сый­ым­ды­лық­та­рын та­за­лау сыз­ба­сы­ның бо­луы және орын­да­луы. Та­за­лау мер­зім­де­рін сақ­тау
7.17
Ыдыс­тар­ды сақ­тай­тын орын неме­се ЖЖМ және ар­найы сұй­ық­тық­ты сақ­та­у­ға ар­нал­ған алаң­дар
7.18
Мұ­най­а­у­ла­ғы­штар. ЖЖМ жи­на­у­ға ар­нал­ған қал­дық­тар­ды және сый­ым­ды­лық­тар­ды та­за­лау сүз­гі­сі
7.19
Өң­дел­ген мұ­най өнім­де­рін жи­нау
8. Қой­ма­лар­дың және ЖЖМ қыз­ме­ті­нің бас­қа да объ­ек­ті­ле­рін тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну
НҚА ата­уы
8.1 Сор­ғы стан­ци­я­ла­ры
8.1.1
Сор­ғы­лар­ды құ­быр­лар­мен және ре­зер­ву­ар­лар­мен бай­лау схе­ма­сы
8.1.2
Электр бө­лі­гі­нің схе­ма­сы
8.1.3
Аг­ре­гат­тар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар
8.1.4
Ысыр­ма­лар­ды және сор­ғы стан­ци­я­ла­рын бас­қа­ру схе­ма­сы­ның бар бо­луы
8.1.5
Жер­ге ор­на­ту кон­ту­ры схе­ма­сы­ның бо­луы
8.1.6
ҚТ және ӨҚ жө­нін­де­гі нұс­қа­улық
8.2. Құ­быр­лар
НҚА ата­уы
8.2.1
Кә­сі­по­рын бас­шы­сы бе­кіт­кен тех­но­ло­ги­я­лық схе­ма
8.2.2
Құ­быр­лар­ға және ре­зер­ву­ар­лар­ға гра­ду­и­род­ты кесте
8.2.3
Құ­быр­лар­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де нұс­қа­улық­тар (ОҚС бар бол­са)
8.2.4
Же­ра­с­ты құ­быр­ла­ры­ның ка­тод­ты қор­ға­ны­сы қор­ға­ла­тын құ­быр­да әле­ует­ті тек­се­ру — жы­лы­на 4 рет) (бар бол­са)
8.2.5
Құ­быр­лар­дың же­ра­с­ты жол­да­рын бел­гі­леу
8.2.6
Құ­быр­ды бо­яу және таң­ба­лау
8.3. Ре­зер­ву­ар­лық парк
НҚА ата­уы
8.3.1
Тігі­нен және көл­де­нең ре­зер­ву­ар­лар­ға ар­нал­ған жаб­дық жиын­тығ­ы­ның то­лық­тығы
8.3.2
Ре­зер­ву­ар пас­порт­та­ры­ның, гра­ду­и­род­ты кесте­лер­дің, най­за­ғай­дан қор­ғау схе­ма­сы­ның бо­луы
8.3.3
Пай­да­ла­на­тын ре­зер­ву­ар­лар­дың тот­та­ну­ға қар­сы жа­мы­л­ғы­сы­ның бо­луы
8.3.4
Най­за­ғай­дан қор­ғау тек­се­ру ак­ті­сі­нің бо­луы
8.3.5
Ре­зер­ву­ар­лар­ды пай­да­ла­ну (тех­қыз­мет көр­се­ту, де­фек­то­ско­пия)
8.3.6
Ре­зер­ву­ар­лар неме­се ре­зер­ву­ар топ­та­ры­ның құ­лау жай-күйі
8.3.7
Ре­зер­ву­ар­лық парк­ті та­за­лау (та­за­лау кесте­сі – авиа­отын үшін жы­лы­на 2 рет, авиа­май­лар үшін — жы­лы­на 1 рет, КҚС – жы­лы­на 2 рет, ОҚ, МҚ – жы­лы­на 1 рет)
8.3.8
ЖЖМ қой­ма­сы­ның ау­ма­ғы­на шө­птен та­зар­ту
8.4. Құю пункт­те­рі
НҚА ата­уы
8.4.1
Тө­мен құю ас­па­бы­ның бо­луы
8.4.2
Жі­бе­рі­л­ген отын мөл­ше­рін есеп­ке алу
8.4.3
Қа­жет­ті КҚС қа­жет­ті мөл­ше­рін қо­су
8.4.4
Ста­ти­сти­ка­лық элек­тр­лен­ді­ру­дің за­ряд­та­рын ней­трал­дау
8.4.5
Жаб­дық­ты гид­рав­ли­ка­лық соқ­қы­дан қор­ғау (бар бол­са)
8.4.6
Ди­стан­ци­я­лық неме­се ав­то­мат­ты жі­бе­ру, сор­ғы­ны тоқ­та­ту
8.4.7
Бе­рі­л­ген дең­гей­ге дей­ін ОҚ сый­ым­ды­лы­ғы толған­нан кей­ін отын­ды жі­бе­ру­ді ав­то­мат­ты тоқ­та­ту
8.4.8
Қал­дық­ты құю ке­зін­де отын­ды жи­нау және пай­да­ға асы­ру
8.4.9
Тө­гі­л­ген отын­ды шаю және жи­нау
8.4.10
Авиа­отын шы­ғы­нын және қы­сы­мын ба­қы­лау
8.4.11
Сү­зу және суб­ө­лу
9. Авиа­Ж­ЖМ-ге ар­нал­ған шы­ғыс
НҚА ата­уы
9.1
Тү­тік құ­быр­лар­ды сақ­тау
9.2
Тү­тік құ­быр­лар­ды гид­рав­ли­ка­лық сы­нау:
- ОҚ және ОО ор­на­тар ал­дын­да;
- пай­да­ла­ну про­це­сін­де
9.3
Сы­нау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
9.4
Стренг тұ­та­стығ­ын тек­се­ру
9.5
Сы­нау нәти­же­сі бой­ын­ша ак­ті­лер­ді ре­сім­деу және құю құ­рал­да­ры­ның фор­му­ляры­на және жур­нал­ға ен­гі­зу
10. Қой­ма­лар­дың тех­но­ло­ги­я­лық жабды­ғын бо­яу және таң­ба­лау
НҚА ата­уы
10.1
Ави­о­тын, авиа­бен­зин, авиа­май және өрт­ке қар­сы құ­рал­дар­ды бо­я­у­дың та­ну бел­гі­ле­рін сақ­тау
10.2
Құ­быр­ды бо­яу және авиа­отын қоз­ға­лы­сы­ның ба­ғы­тын таң­ба­лау (сы­зу­мен неме­се қал­қан­да)
10.3
Ре­зер­ву­ар­лар­да жа­зу­дың бо­луы (өрт қа­уіп­ті, сақ­та­ла­тын мұ­най өні­мі­нің мар­ка­сы және ре­зер­ву­ар нө­мі­рі)
10.4
Тығ­ын­дау ар­ма­ту­ра­сы­ның бо­яу және оның таң­ба­ла­уы
10.5
Отын құ­я­тын кө­лік құ­рал­да­рын бо­яу
11. Отын құ­ю­дың жы­л­жы­ма­лы құ­рал­да­ры
НҚА ата­уы
11.1
Та­ра­ту шланг­та­ры­на гид­рав­ли­ка­лық сы­нақ жүр­гі­зу
11.2
Та­ра­ту шлан­гы­ның стренг тұ­та­стығ­ын тек­се­ру
11.3
Жер­ге ор­на­ту­дың электр тро­ста­ры­ның бү­т­ін­ді­гі және бо­луы, әле­ует­ті те­ңе­сті­ру
11.4
Отын құю құ­рал­да­рын­да­ғы сүз­гі эле­мент­те­рін ауы­сты­ру
11.5
ОҚ, МҚ сый­ым­ды­лық­та­рын, ПВКЖ бак­та­рын та­за­лау
11.6
Отын құ­ю­дың жы­л­жы­ма­лы құ­рал­да­рын­да ке­зең­дік жұ­мыстар­ды орын­дау жур­на­лы
11.7
Өл­шеу құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тек­се­ру (ма­но­метр­лер және т.б.)
12. ЖЖМ қыз­ме­тін мет­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету
НҚА ата­уы
12.1
Қол­да­ны­ла­тын өл­шеу құ­рал­да­ры но­мен­кла­ту­ра­сы­ның бо­луы және олар­ды есеп­ке алу
12.2
Мет­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­ты адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық
12.3
Мем­ле­кет­тік тек­се­ру­ге ти­іс­ті өл­шеу құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
12.4
Өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру кесте­сі
12.5
Ре­зер­ву­ар­да­ғы мұ­най өнім­де­рі­нің кө­ле­мін анық­тау үшін 1 см ин­тер­вал­мен гра­ду­ир­леу кесте­сі
12.6
Ба­за­лық би­ік­тікті өл­шеу ак­ті­ле­рі
13. Ста­ти­сти­ка­лық электр­ден қор­ға­ну
НҚА ата­уы
13.1
Ғи­ма­рат­ты, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты, құ­быр­ды, ме­талл кон­струк­ци­я­ла­рын және ре­зер­ву­ар­лар­ды жер­ге ор­на­ту кон­ту­ры­ның бо­луы және олар­ды қо­су (екі жер­ден кем емес)
13.2
Оты­н­мен жаб­дық­тау мен әуе ке­ме­сі ара­сын­да элек­тр­лік әле­ует­ті те­ңе­сті­ру
13.3
Авиа­отын­ды қай­та құю же­лі­ле­рін­де ста­ти­сти­ка­лық элек­тр­лік ин­дук­ци­я­лық ней­тра­ли­за­тор­лар­дың бо­луы (та­ра­ту­шы тү­тік құ­быр­ға жа­қын сүз­гі­ден кей­ін)
14. Тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі
НҚА ата­уы
14.1
Кірі­спе, ал­ғаш­қы, қай­та­ла­ма, жос­пар­дан тыс, ағым­да­ғы нұс­қа­улық­тар­ды өт­кі­зу
14.2
Нұс­қа­лық­тар­ды өт­кі­зу­ді есеп­ке алу жур­на­лын жүр­гі­зу
14.3
Құю-ағы­зу эс­та­ка­да­ла­рын­да өт­пе­лі кө­пір­ше­лер­ді ор­на­ту ке­зін­де тех­ни­ка қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
14.4
Тік ре­зер­ву­ар­лық тө­бе­лер­де қор­ға­ныс қор­ша­у­ла­рын ор­на­ту
14.5
Жұ­мыс орын­да­рын­да ең­бек­ті қор­ғау, өрт қа­уіп­сіз­ді­гі жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар­дың бо­луы
14.6
Қой­ма ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін кө­лік құ­рал­да­рын­да ұш­қын­дар­ды сөн­дір­гіш­тер­дің бо­луы
14.7
ЖЖМ қыз­ме­ті объ­ек­ті­ле­рін­де ал­ғаш­қы өрт сөн­ді­ру құ­рал­да­ры­ның бо­луы және жа­рам­ды­лы­ғы
14.8
ЖЖМ ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­тау тік ре­зер­ву­ар­ла­рын­да өрт сөн­ді­ру­дің ста­ци­о­нар­лы құ­рал­да­ры­ның бар бо­луы (су ре­зер­ву­ар­ла­ры, кө­бік­ті ре­зер­ву­ар­лар, ста­ци­о­нар­лы кө­бік ге­не­ра­тор­ла­ры, тер­мо­ха­бар­лау дат­чик­те­рі)
14.9
Ағын­ды-со­ру жел­дет­кі­ші­нің жа­рамды­ғы
14.10
ЖЖМ ма­те­ри­ал­да­ры зерт­ха­на­сы­ның еде­ні жан­бай­тын, сұй­ық­тық­ты жұ­тып ал­май­тын ма­те­ри­ал­дар­дан жа­са­луы
14.11
Электр кү­ші­нің және жа­рық же­лі­ле­рі­нің, электр шам­да­ры­ның жа­ры­лу қа­уіп­сіз орын­да­луы
15. Най­за­ғай­дан қор­ға­ну
НҚА ата­уы
15.1
Ре­зер­ву­ар­лық парк­тер­де, ашық тү­сті мұ­най өнім­де­ріне ар­нал­ған қой­ма үй-жай­ла­ры­ның эс­та­ка­да­сын­да, сор­ғы стан­ци­я­ла­рын­да және ЖЖМ зерт­ха­на­сын­да най­за­ғай­дан қор­ға­ну­дың бо­луы
15.2
Най­за­ғай­дан қор­ғаудың бар­лық ке­дер­гі­сін тек­се­ру және өл­шеу
16. ЖЖМ қыз­ме­ті­нің негіз­гі ма­ман­да­ры
НҚА ата­уы
16.1
ЖЖМ қыз­ме­ті­нің ба­стығы
16.2
ЖЖМ жө­нін­де­гі ин­же­нер
16.3
ЖЖМ қой­ма­сы­ның ба­стығы
16.4
2 тех­ник-зерт­ха­на­шы, 1 ин­же­нер–же­тек­ші
17. ЖЖМ қыз­ме­ті­нің негіз­гі жұ­мыс­кер­ле­рі
НҚА ата­уы
17.1
ЖЖМ бой­ын­ша 4 дә­ре­же­де­гі авиа­ци­я­лық тех­ник – 5 адам
17.2
4 дә­ре­же­де­гі отын құю стан­ци­я­ла­ры­ның опе­ра­то­ры – 1 адам
17.3
4 дә­ре­же­де­гі жаб­дық ма­ши­ни­сі
Ескертпе:
( *) осы Өтініш беруші үшін міндетті емес;
(-1) Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеу қою шартымен Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) Өтініш берушінің сертификатын беруге кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер.
Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда).
Комисия мүшелері:______________________________________
______________________________________
______________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Таныстырылды:
Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші): _________________
(Т.А.Ә., қолы)
Сертификаттық тексеруді жүргізу күні 20___жыл «__»______________

5 Азаматтық әуе кемелері жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеу АКТІСІ

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
5-қосымша
Азаматтық әуе кемелері жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды сертификаттық зерттеу АКТІСІ
_____________________________________ 20__ жылғы «__»__________
(уәкілетті органның атауы)
№ _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Комиссия төрағасы: ________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Сертификаттық зерттеу жүргізілді __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Қорытынды мәтіні:
Комиссия төрағасы: ________________________________________
(Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері: ________________________________________
________________________________________
________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Таныстырылды:
Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші): _____ ___________
(қолы)  (Т.А.Ә.)

6 Уәкілетті органның атауы

Азаматтық әуе кемелерін
жанар-жағармай материалдарымен
қамтамасыз ету бойынша сертификаттау
және сертификат беру қағидасына
6-қосымша
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы
Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру СЕРТИФИКАТЫ
ЖЖМ сериясы № 000000-00
20__ж «__» _______ берген 20__ж «__» ______ дейін жарамды
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, банктік деректер
Осы сертификат ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның атауы
осы Куәлікке Қосымшасында көрсетілген қолданылу саласына жататын қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификатты Сертификаттық тексеру актісінің негізінде
20__ жылғы «__» _______ № ____ ________________________________
(уәкілетті органның атауы)
комиссиясы берді.
Инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын ______________________________
(уәкілетті органның атауы)
МО                              Уәкілетті органның басшысы
_______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
ЖЖМ сериясы № 000000-00
сертификатына қосымша
СЕРТИФИКАТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ата­уы
Сәй­кест­і­гіне тек­се­ру жүр­гі­зі­ле­тін НҚ ма­ғы­на­сы
Ес­керт­пе
1
Қой­ма­ға авиа­ци­я­лық жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­рын қа­был­дау
2
Сақ­тау
3
Авиа­Ж­ЖМ са­па­сын ба­қы­лау
4
Авиа­Ж­ЖМ құ­ю­ға бе­ру­ге дай­ын­дау
5
Авиа­Ж­ЖМ та­сы­мал­дау және әуе ке­ме­ле­ріне отын құю
6
Ар­найы сұй­ық­тық­тар­ды қол­да­ну­ға, қа­был­дау, сақ­тау, са­па­сын ба­қы­лау және дай­ын­дау
М.О. Уәкілетті органның жетекшісі
___________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)

Қолданыстағы