Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының көмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 526/6
- Қабылданған күні
- 01.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2013 AI59680_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PC000299
- ЭКБ идентификаторы
- 59680
- Редакция идентификаторы
- AI59680_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:03
0 Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының көмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Меншік нысанына қарамастан Екібастұз өңірінің кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында (келісім бойынша) жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің квоталық жұмыс орындарына жұмысқа орналасуларына ықпал етуді қамтамасыз етсін.