Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О соблюдении законодательства о труде и охране труда в организациях области

Өзге акт · № 855 · қабылданған 10.05.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5969/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О соблюдении законодательства о труде и охране труда в организациях области Күшін жойған 10.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О соблюдении законодательства о труде и охране труда в организациях области

Күшін жойған Өзге акт № 855 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О соблюдении законодательства о труде и охране труда в организациях области
Атауы (қаз.)
Облыс ұйымдарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдылықтарды сақтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
855
Қабылданған күні
10.05.2000
Көрсетілген редакция
10.05.2000 5969_261862.kaz
Соңғы өзгеріс
10.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000326
ЭКБ идентификаторы
5969
Редакция идентификаторы
5969_261862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс ұйымдарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдылықтарды сақтау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
Облыс ұйымдарында еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықты сақтау жағдайын талдау, азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтiк кепiлдiктерi заңдылықтарын жұмыс берушiлердiң жол беретiн көптеген бұзушылықтары мен қысымшылық көрсетулерi, өндiрiстiк жарақаттану деңгейi аудан және қала әкiмдерiнiң қолданатын ұйымдық шараларының, құқықтық қорғау және мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдарының жүргiзетiн профилактикалық жұмыстарының оңды нәтиже бермейтiнiн көрсетуде.
Барлық меншiк түрлерiнiң, соның iшiнде шетелдiк басқарудағы, кәсiпорындары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"  , "Еңбектi қорғау туралы"  заңдарын және еңбек қатынастары мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн бұлжытпай сақтау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң, құқық қорғау және мемлекеттiк бақылау-қадағалау органдарының облыс кәсiпорындарында еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықтарды орындауды және оның бұзылуының алдын алуды ұйымдастыру жөнiндегi жүргiзiп отырған жеткiлiксiз жұмысы атап көрсетiлсiн.

2. Ұлан (Әубәкiров А.А.), Абай (Төлеубеков Қ.Қ.), Жарма (Белихин И.В.), Қатонқарағай (Сейiтов А.С.), Күршiм (Сiләмов Б.Б.) аудандары әкiмдерiнiң назары облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 31 наурыздағы N 664  шешiмiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторлары лауазымын енгiзу туралы бөлiгiнiң орындалуы жөнiндегi атқарушылық нашар тәртiпке аударылсын.

3. Облыс аудандары мен қалаларының әкiмдерi, облыстық комитеттер мен басқармалардың басшылары аймақтардың аумақтарында орналасқан кәсiпорындар мен ведомстволық ұйымдарда еңбек және еңбектi қорғау туралы заңдылықты сақтау мәселесi бойынша мамыр-маусымда кеңейтiлген кеңестер, алқалар өткiзуге мiндеттелсiн. Орын алған заң бұзушылықтарды жою және оның алдын алу, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң қауiпсiз еңбек жағдайларын және оны қорғауды жақсартуы мен жасауы жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын. Барлық жерлерде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен қолдана отырып, халықтың құқықтық жалпы оқуын ұйымдастырсын.

4. Барлық меншiк түрлерi кәсiпорындарының басшыларына "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", "Еңбектi қорғау туралы" заңдардың және еңбек қатынастары саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сөзсiз сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiби аурулардың алдын алуға ерекше назар аудару ұсынылсын.
Ұжымдық еңбек шарттарын жасасқан кезде еңбек жағдайлары мен қорғауды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар көзделсiн.

5. Облыстың мемлекеттiк еңбек инспекциясы (Замятин И.П.) еңбеккерлердi еңбектiң қауiпсiз түрлерiне оқыту, қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оларға нұсқау беру және бiлiмдерiн тексеру, шағын кәсiпкерлiктiң жұмыс берушiлерiне iс жүзiнде көмек көрсету мақсатында кәсiпорын құру туралы ұсыныс енгiзсiн.

6. Облыстың мемлекеттiк еңбек инспекциясы (Замятин И.П.), облыстық төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою және тау-кен техникалық қадағалау жөнiндегi инспекция (Құнанбаев Н.С.) құқық қорғау органдарымен бiрлесiп еңбек, еңбектi қорғау және техникалық қауiпсiздiк туралы заңдылықтар мен нормативтiк актiлердiң сақталуына мемлекеттiк қадағалау мен бақылау жасауды күшейтсiн. Берiлген құқықтарға сәйкес өндiрiстегi бақытсыз оқиғаларды және еңбекшiлердiң денсаулықтарына басқа да зиян келулерiн дер кезiнде тексермегенi (жасырғаны) үшiн басшыларға және басқа да лауазымды адамдарға талап қатайтылсын.

7. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (Шерубаев А.С., Замятин И.П.) таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауына немесе жеткiлiксiздiгiне байланысты төлемдердiң капитализациясын жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда өндiрiсте зиян шеккендерге өтемақылық төлемдер төлеу жөнiнде нормативтiк құжат қабылдау туралы Қазақстан Республикасының °кiметiне хат әзiрлесiн.

8. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, облыстық ұйымдардың басшылары

атқарылған жұмыс туралы 2000 жылғы 16 маусым мен 15 желтоқсанға ақпарат
түсiрсiн.

9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары

Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн. Ақпарат жинау және қорытындылау облыстық
еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына
(Шерубаев А.С., Замятин И.П.) тапсырылсын.