Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Бұйрық · № 226 · қабылданған 17.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59716/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 226 ·17.06.2011
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 226 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из специального государственного архива Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
226
Қабылданған күні
17.06.2011
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI59716_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007052
ЭКБ идентификаторы
59716
Редакция идентификаторы
AI59716_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:11

0 "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері таныстырылсын.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету РЕГЛАМЕНТІ

Қазақстан Республикасы
ҰҚК Төрағасының
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету РЕГЛАМЕНТІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын Гаага конвенциясына (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалылығы мен тиісінше ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы мемлекеттік мұрағаттарынан (бұдан әрі – ҰҚК АрММ) шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою түрінде мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) ұсынылады.

2

2. Мемлекеттік қызмет көрсету осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық арнайы мемлекеттік мұрағатымен (бұдан әрі – ҰҚК Орталық АрММ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарының арнайы мемлекеттік мұрағаттарымен (бұдан әрі – ҰҚКД АрММ) ұсынылады.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: ішінара автоматтандырылған.

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1166 Жарлығы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

5 5. Тұтынушыларға олардың өтініштері бойынша қағаз тасымалдағыштарда апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін не болмаса жазбаша түрде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне осы Регламенттің 1-қосымшасында аталған ҰҚК Орталық АрММ және ҰҚКД АрММ қатысады.

7 7. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі;

2

2) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылының тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;

3 3) апостиль – құжатқа қол қойған адам қолының түпнұсқасын куәландыратын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжатты бекіткен мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқасын растайтын арнайы мөртабан;

4 4) құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың шағын жүйелері;

5 5) ҰҚК АрММ – пайдаланушылардың мүдделері үшін олардың қызметіне қатысты мұрағаттық құжаттарды жинақтауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын бөлімшелер.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8

8. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюды, сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 15.00 сағатқа дейінгі түскі үзілісті есептемегенде, күн сайын сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз ҰҚК Орталық АрММ және ҰҚКД АрММ жүзеге асырады.

9

9. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою тәртібі туралы толық ақпарат ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz., «Маңызды сілтемелер» бөлігінде орналастырылады. Тұтынушы мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою бойынша өтінішінің қарастырылу барысы туралы ақпаратты аталған өтінішті қабылдаған ҰҚК АрММ-ға хабарласу арқылы алуға құқылы.

10 10. ҰҚК АрММ-дан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1 1) тұтынушының осы Регламенттің 15-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – 8 сағат ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге кететін ең көп уақыт – 30 минут;

3 3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтетін ең көп уақыт – 30 минут.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болады:

1 1) осы Регламенттің 15-тармағында аталған құжаттар тізбесін тұтынушының толық ұсынбауы;

2 2) тұтынушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы;

3 3) тұтынушы сұраған мұрағаттық құжаттардың ҰҚК Орталық АрММ-да және ҰҚКД АрММ-да болмауы.

12 12. Мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі кезеңдер жүзеге асырылады:

1 1) ҰҚК АрММ қызметкерінің тұтынушы өтінішін қарастыруы;

2 2) автоматтандырылған деректер базасы бойынша мұрағаттық құжаттарды іздеу;

3 3) тұтынушы ұсынған құжаттар жинағын тексеру және қабылдау;

4 4) ҰҚК АрММ-дан мұрағаттық құжаттарды талап ету;

5 5) мұрағаттық анықтамаларды әзірлеу (мұрағаттық құжаттардан көшірмелер түсіру, қылмыстық іс материалдары бойынша мұрағаттық анықтамаларды әзірлеу);

6 6) әзірленген құжаттар сапасын тексеру;

7 7) құжатты техникалық өңдеу (құжаттың бірнеше парақтарын біріктіру);

8 8) апостиль мөртабанын қойып оны толтыру немесе оны компьютерлік әдіспен орындау;

9 9) құжаттарды апостиль мөртабанын қоюға ұсынылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тіркеу журналында тіркеу;

10 10) апостиль қойылған мұрағаттық анықтаманы немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін тұтынушыға қол қойғызу арқылы беру.

Тұтынушы сұрап отырған құжаттар ҰҚК АрММ-да жоқ болған жағдайда, сондай-ақ олар пошта байланысы арқылы хабарласқан жағдайда, өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіп бойынша қарастырылуы тиіс.

13 13. Тұтынушылардан мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдауды ҰҚК АрММ қызметкерлері осы Регламенттің1-қосымшасында аталған ҰҚК қабылдау бөлмесі немесе ҰҚКД кезекшілік қызметтері арқылы жүзеге асырады.

Шет мемлекеттердің азаматтары ұлттық қауіпсіздік органдарына дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер арқылы өтініш береді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

14

14. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы тұтынушының өтінішін АрММ қызметкері белгіленген нысандағы журналда (осы Регламенттің2-қосымшасы) тіркейді. Тұтынушыға өтініштің нөмірі және қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, құжаттар берілген орын және күн (уақыт), құжаттарды қабылдаған ҰҚК АрММ қызметкерінің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдануы туралы қолхат (осы Регламенттің 3-қосымшасы) беріледі.

15 15. Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін тұтынушы (оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) белгіленген үлгідегі өтініш (осы Регламенттің 4-қосымшасы);

2 2) тұтынушы қандай да бір себептермен өзі келе алмайтын жағдайда, уәкілетті адамға берілген нотариус (не болмаса басқа уәкілетті тұлға) растаған сенімхат;

3 3) заңды тұлғалардың өкілдері үшін – заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген өзге адамның қолы қойылған, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне сәйкес сол ұйымның мөрі басылған сенімхат;

4 4) апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы төленгені туралы түбіртек.

Ресми құжаттарға апостиль қойдыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әрбір құжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеу күнінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады. Төлем түрі – қолма қол ақшамен немесе екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық қауіпсіздік органының заңды мекенжайы (бюджеттік классификатор коды 108113) бойынша салық органының дербес шотына төленетін қолма-қол ақшасыз есептесу.
Апостиль қою үшін құжаттар дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер арқылы түскен кезде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 546-бабы негізінде мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек ұсыну талап етілмейді.

16 16. Дайын құжаттарды нақты тұтынушыға немесе оның уәкілетті тұлғасына тапсыруды қолхатта көрсетілген мерзім ішінде ҰҚК АрММ қызметкері жүзеге асырады.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына ҚФБ қатысады: ҰҚК Орталық АрММ, ҰҚКД АрММ, ҰҚК қабылдау бөлмесі, ҰҚКД кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері.

18 18. Әрбір ҚФБ-ға әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимыл жасаудың мәтіндік кестелік сипатталуы әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 5-қосымшасында ұсынылған.

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі және ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың логикалық кезектілігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін тәсім осы Регламенттің 6-қосымшасында көрсетілген.

20 20. Жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша қағаз жеткізгіштерде апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе жазбаша түрде қызмет көрсетулерден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетулердің аяқталу нысаны болып табылады.

53 Мемлекеттік қызмет көрсетуші ҰҚК АрММ ТІЗБЕСІ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуші ҰҚК АрММ ТІЗБЕСІ
Р/с

АрММ ата­у­ла­ры
Ор­на­ла­су ме­кен­жайы
1.
2.
3.
1.
ҚР ҰҚК Ор­та­лық ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Аста­на қа­ла­сы, Сол жа­ға­лау, Түр­кі­стан кө­ше­сі, 8/1
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің те­ле­фо­ны: (8-7172) 76-11-36
2.
ҰҚК Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­за­қов кө­ше­сі, 275а
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-727) 375-93-75; (8-727) 275-88-01
3.
ҰҚК Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 155
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7162) 25-28-54
4.
ҰҚК Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 68/70
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7282) 60-55-04; (8-7282) 21-27-72
5.
ҰҚК Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 25
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7132) 21-91-91; (8-7132) 93-40-07
6.
ҰҚК Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 20 «А»
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7122) 27-12-76; (8-7122) 99-51-90
7.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ми­тин кө­ше­сі, 15
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7232) 57-00-20; (8-7232) 28-21-31
8.
ҰҚК Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр кө­ше­сі, 7
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7262) 45-74-83
9.
ҰҚК Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Орал қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 24
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7112) 51-24-66; (8-7112) 98-81-66
10.
ҰҚК Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­хар жы­рау даң­ғы­лы, 17
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7212) 41-04-48; (8-7212) 49-84-02
11.
ҚР ҰҚК Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 77
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны; (8-7142) 52-01-00
12.
ҚР ҰҚК Қы­зы­лор­да об­лы­сы және Бай­қо­ңыр қа­ла­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қо­на­ев тұй­ы­ғы, 1
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7242) 27-01-45
13.
ҚР ҰҚК Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7292) 42-02-42: (8-7292) 46-00-18
14.
ҰҚК Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Ака­де­мик Бек­тұ­ров кө­ше­сі, 24
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7182) 55-38-08; (8-7182) 39-16-67
15.
ҰҚК Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Пет­ро­павл қа­ла­сы, К. Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7152) 46-34-03
16.
ҚР ҰҚК Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша де­пар­та­мен­ті­нің ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 36
ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің те­ле­фо­ны: (8-7252) 55-04-10

54 Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларының өтініштерін тіркеу журналы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларының өтініштерін тіркеу журналы
Тір­кел­ген өті­ніш­тің рет­тік нө­мі­рі
Тір­кеу кү­ні
Апо­стиль қою үшін ха­бар­лас­қан же­ке тұл­ға­ның аты-жө­ні неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Өті­ніш­тің қы­сқа­ша маз­мұ­ны
Өті­ніш­те­гі па­рақ­тар­дың са­ны
Өті­ніш­ті қа­был­да­ған тұл­ға­ның аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы

55 Қолхат

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
3-қосымша
Қолхат
_________________________________________
субъект атауы
_________________________________________
өтінішті қабылдау күні және тіркеу нөмірі
_________________________________________________
сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі
_________________________________________________
_________________________________________________
қоса беріліп отырған құжаттардың саны және атаулары
_________________________________________________
құжаттарды тапсыру күні (уақыты) мен орны
_________________________________________________
құжаттарды қабылдаған ҰҚК АрММ
қызметкерінің аты-жөні
Мөлшері 8см x 7см

56 ӨТІНІШ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
4-қосымша
____________________________
____________________________
____________________________
__________________ бастығына
кімнен______________________
____________________________
жеке куәлік (паспорт) нөмірі
____________________________
____________________________
жеке/заңды тұлғаның байланыс мәліметтері
ӨТІНІШ
Маған
_____________________________________________________________
______________________________________________________қатысты
одан әрі пайдалану (ұсыну) үшін апостиль мөртаңбасын қоя отырып,
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
мұрағаттық анықтама (мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін) беруіңізді
сұраймын.                   (қажеттінің астын сызу)
Жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы
________________________________________________
(қолы және күні)
М.О (заңды тұлға үшін)

57 1-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсететін ҰҚК ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
5-қосымша
1-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсететін ҰҚК ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы
Негіз­гі үде­ріс іс-қи­мы­лы (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
№ іс-қи­мыл (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­мы)
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің неме­се ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің және АрММ қыз­мет­ке­рі
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ қыз­мет­ке­рі
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың ата­уы
(үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­лар­дың) және олар­дың си­патта­ма­сы
ҰҚК АрММ қыз­мет­ке­рін ша­қыр­ту
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­ды із­деу. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру және қа­был­дау
АрММ-дан мұ­ра­ғат­тық іс­ті та­лап ету. Мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­ды өң­деу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
ҰҚК АрММ қыз­мет­ке­рі­нің тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­шін қа­ра­уы
Өті­ніш­ті тір­кеу, тұ­ты­ну­шы­ға өті­ніш­тің нө­мі­рі және қа­был­дан­ған кү­ні, сұ­ра­ты­лып отыр­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің тү­рі, қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың са­ны мен ата­у­ла­ры, құ­жат­тар бе­рі­л­ген орын және күн (уа­қыт), құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған ҰҚК АрММ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­да­нуы ту­ра­лы қол­хат бе­ру.
Мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дан кө­шір­ме алу, мұ­ра­ғат­тық іс ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша анық­та­ма әзір­леу
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
15-тен 30 ми­нут­қа дей­ін
15-тен 30 ми­нут­қа дей­ін
2-ден 5 са­ғат­қа дей­ін (әзір­ле­не­тін құ­жат­тар­дың са­ны­на бай­ла­ны­сты)
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
Қа­был­дау ке­зін­де­гі негіз­гі үде­ріс іс-қи­мы­лы (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы)
1
№ іс-қи­мыл (жұ­мыс ағы­мы, ба­ры­сы)
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ қыз­мет­ке­рі
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ қыз­мет­ке­рі
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ қыз­мет­ке­рі
3
Іс-қи­мыл­дың ата­уы
(үде­рі­стің, рә­сім­де­удің, опе­ра­ци­я­лар­дың) және олар­дың си­патта­ма­сы
Әзір­лен­ген құ­жат­тар­дың са­па­сын тек­се­ру. Құ­жат­ты тех­ни­ка­лық өң­деу
Әзір­лен­ген құ­жат­тар­ды тір­кеу
Дай­ын құ­жат­ты тұ­ты­ну­шы­ға тап­сы­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Апо­стиль мөр­та­ба­нын қою және оны тол­ты­ру неме­се оны ком­пью­тер­лік әдіспен орын­дау.
Апо­стиль мөр­та­ба­нын қо­ю­ға ұсы­ны­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рін тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу
Тұ­ты­ну­шы­ға апо­стиль қой­ы­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рін тап­сы­ру. Апо­стиль мөр­та­ба­нын қо­ю­ға ұсы­ны­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рін тір­кеу жур­на­лын­да тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар­ды ал­ға­ны жө­нін­де қол қо­юы.
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 ми­нут
15 ми­нут
15 ми­нут
6
Ке­ле­сі
іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
5
6
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою.
Негіз­гі үде­ріс (жұ­мыс ағы­мы, ба­ры­сы)
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі неме­се ҰҚКД ке­зек­ші­лік қыз­ме­ті­нің қыз­мет­ке­рі
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны­ның АрММ
1. АрММ қыз­мет­ке­рін ша­қыр­ту (5-15 ми­нут).
1. Тұ­ты­ну­шы­ның өті­ні­шін АрММ қыз­мет­ке­рі­нің қа­ра­уы (15-тен 30 ми­нут­қа дей­ін).
2. Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­ды із­деу (5-тен 10 ми­нут­қа дей­ін).
3. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру және қа­был­дау (5-тен 10 ми­нут­қа дей­ін).
4. Өті­ніш­ті тір­кеу, тұ­ты­ну­шы­ға өті­ніш­тің нө­мі­рі және қа­был­дан­ған кү­ні, сұ­ра­ты­лып отыр­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің тү­рі, қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың са­ны мен ата­у­ла­ры, құ­жат­тар бе­рі­л­ген орын және кү­ні (уа­қыт), құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған ҰҚК АрММ қыз­мет­ке­рі­нің аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­да­нуы ту­ра­лы қол­хат бе­ру (15-30 ми­нут).
5. Мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­ды өң­деу, мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дан кө­шір­ме­лер тү­сі­ру, мұ­ра­ғат­тық іс ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар әзір­леу (2-5 са­ғат).
6. Әзір­лен­ген құ­жат­тар­дың са­па­сын тек­се­ру.
Құ­жат­ты тех­ни­ка­лық өң­деу. Апо­стиль мөр­та­ба­нын қою және оны тол­ты­ру неме­се оны ком­пью­тер­лік әдіспен орын­дау (30 ми­нут).
7. Әзір­лен­ген құ­жат­тар­ды тір­кеу. Құ­жат­тар­ды апо­стиль мөр­та­ба­нын қо­ю­ға ұсы­ны­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рін тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу (15 ми­нут).
8. Апо­стиль қой­ы­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­ны неме­се мұ­ра­ғат­тық құ­жат кө­шір­ме­ле­рін тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру. Тұ­ты­ну­шы­ға апо­стиль қой­ы­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рін тап­сы­ру. Апо­стиль мөр­та­ба­нын қою үшін ұсы­ны­л­ған мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­лар мен мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рін тір­кеу жур­на­лын­да тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар­ды ал­ға­ны жө­нін­де қол қо­юы (15 ми­нут).
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Ба­ла­ма­лы үде­ріс (жұ­мыс ағы­мы, ба­ры­сы) неме­се ке­ңе­юі
ҰҚК АрММ
1. Тұ­ты­ну­шы ұсын­ған құ­жат­тар па­ке­тін тек­се­ру және қа­был­дау.
Осы Ре­гла­мент­тің 15-тар­ма­ғын­да атап көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар па­ке­ті то­лық тап­сы­рыл­ма­ған не бол­ма­са ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың дұ­рыс еме­сті­гі бел­гі­лі болған жағ­дай­да қыз­мет көр­се­ту тоқ­та­ты­ла­ды.
2. Ауыз­ша негіз­дел­ген бас тар­ту

58 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау тәсімі

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті арнайы мемлекеттік мұрағатынан
шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
6-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл жасау тәсімі

Қолданыстағы