Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан

Бұйрық · № 51 · қабылданған 31.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59746/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 51 ·31.05.2011
12.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 51 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Генерального Прокурора Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
31.05.2011
Көрсетілген редакция
12.11.2012 AI59746_4.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007056
ЭКБ идентификаторы
59746
Редакция идентификаторы
AI59746_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:16

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай есепті одан әрі жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5854 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53бұйрығына:
осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы Нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

2 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

2 «2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған есепке алу Комитетімен электрондық деректер банкін (бұдан әрі – орталықтандырылған деректер банкі немесе ОДБ) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»;

3 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

3

«3. Деректер банкі әкімшілік тәжірибе субъектілері ұсынатын «Әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша карточка» № 1-ӘҚ (1-қосымша), «Заңды күшке енбеген облыстық және оларға теңестірілген соттар қаулыларын қайта қарау тәртібінде қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша карточка» № 2-ӘҚ (2-ші қосымша), «Заңды күшке енген облыстық және оларға теңестірілген соттар және ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары мен анықтамаларын қайта қарау тәртібінде қаралған әкімшілік істерді есепке алу карточкасы» № 3-ӘҚ (3-ші қосымша) ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – АЕҚ) және әкімшілік жаза тағу туралы қаулыны орындау туралы хабарлама (4-ші қосымша), сонымен қатар құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы қажетті мәліметтер қамтылған әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату туралы (5-ші қосымша) және әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуын қысқарту туралы (8-қосымша) хабарламалар негізінде қалыптасады.»;
7-тармақта:
екінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы құрастырушы мемлекеттік органдар № 1-ӘҚ нысанды карточкаларды толтырмайды»;
үшінші және төртінші бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәліметтердің нақтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына АЕҚ сәйкес деректемелерін толтырушы әкімшілік практика субъектінің қызметшісі жауапты тұлға болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын әкімшілік практика субъектілері карточканы 22 деректерге дейін толтырады.
Сондай-ақ, ішкі істер органдары үшін 22-30 деректемені толтыру қажет.»;

8 8-тармақ келесі мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

9-тармақта:
бірінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік практика субъектілері № 1-ӘҚ нысанды АЕҚ-ны тек заңды күшке енген қаулылар бойынша қояды.»;
екінші бөлімнен кейін келесі мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Әкімшілік практика субъектілері (деректерді Бірыңғай статистикалық жүйеде ББСЖ импорттауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан басқа) № 1-АП нысанды АЕҚ-ны он күн мерзімділігімен – әр айдың 10, 20, 30 күндері жолдайды. Мемлекеттік органдар № 1-ӘҚ нысанды АЕҚ ББСЖ толтырып, орталықтандырылған деректер банкіне онлайн режимінде енгізеді.»;
«төртінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«Айыппұлды ҚР ӘҚБК 708-709 баптарына сәйкес өндіріп алу туралы қаулыны орындау кезінде сот орындаушылары, уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар) 3 жұмыс күні ішінде әкімшілік практика субъектісіне әкімшілік жаза тағу туралы қаулыны орындау туралы хабарламаны жолдайды (осы Нұсқаулыққа қоса берілген 4-қосымша).»;
бесінші бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік практика субъектісі келіп түсетін хабарламалар негізінде АЕҚ-ға айыппұл тағу туралы қаулыны орындау жөніндегі белгіні қояды.»;
20-тармақтың бірінші бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

20 «20. 9-деректемеде ҚР ӘҚБК нормалары бойынша құқық бұзушылықтардың біліктіліктері көрсетіледі, 9.1-деректемеде жеке тұлғалар үшін кінә түрі келесі кодтау жолымен көрсетіледі: «1» - қасақана; «2» - абайсызда.»;

22 22-тармақ келесі мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«11.5 және 11.6-деректемелерде әкімшілік істерді тоқтатудың негізі мен себептері көрсетіледі.»;

23 23-тармақ келесі мазмұндағы бөліммен толықтырылсын

«Мемлекетке залал келтіру ҚР ӘҚБК 122, 123, 124, 125, 126, 127, 130, 135-1, 140, 141, 143, 147, 147-1, 147-4, 155, 156, 162, 168-3, 172, 175, 176, 177, 178, 179, 179-3, 188-1, 196-1, 204, 224, 227, 235, 265, 287, 302, 306, 306-2, 361, 421, 426, 427, 429, 433 баптарымен анықталады.»;

25 25-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

25 «25. 13.1-деректемеде – өтелген айыппұл мөлшері (теңге сомасында).

13.2-деректемеде ҚР ӘҚБК 708, 709-баптарының негізінде айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны беру күні көрсетіледі, 13.3-деректемеде – осы баптар бойынша айыппұлды өндіріп алу туралы қаулының орындалу күні, 13.4-деректемеде мәжбүрлеу тәртібінде өндірілген айыппұл мөлшері көрсетіледі.»;
13.5-деректемесінде әкімшілік тұтқын түріндегі, арнайы құқығынан айыру немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы ұзартылған күні белгіленеді, ал 13.6-деректемеде судья, органның лауазымды тұлғасы айыппұл тағу туралы қаулыны орындауға дейінгі ұзартқан мерзімі көрсетіледі.»;

27 27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

27 «27. 14.3-деректемесінде – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көрсетіледі.

14.4-құқық бұзушының жынысы көрсетіледі.
14.5-деректемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер бейнеленеді.
15-деректемеде жұмыс орны, лауазымы, оқу орны көрсетілген.
16-деректемеде алкогольді, есірткі, уландырғыш заттарды пайдаланып мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар туралы мәліметтер бейнеленген.»;

28 28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

28 «28. 17-деректемеде тиісті кодтау жолымен заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны көрсетіледі.»;

29 29-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

29 «29. 18-деректемеде заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі (жеке кәсіпкердің), оның заңды мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.»;

29-1 29-1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

29-1 «29-1. 19-деректемеде ҚР ӘҚБК 672-бабына сәйкес наразылық шығарылған күні, ал 20-тармақта оның қарау қорытындысы көрсетіледі.

20.1-деректемеде ҚР ӘҚБК 655-бабы тәртібінде шағымдалған немесе наразылық білдірілген қаулы белгіленеді, 20.2-деректемеде шағымды немесе наразылықты қарау нәтижесі, 20.3-деректемеде шағым немесе наразылық бойынша істі қарау күні, ал 20.4-деректемеде істі қайта қарайтын жоғары тұрған органның атауы көрсетіледі.»;

32 32-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

32 «32. 22-ден 30-ға дейінгі деректемелерді ішкі істер органдары толтырады.»;

33-тармақта:
он алтыншы бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекетке жасалған нұқсан сомасы осы Нұсқаулықтың 23-тармағына сәйкес көрсетіледі.»;
жиырма бірінші бөлімнен кейін келесі мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Туған жері» 14.1-деректемесінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар облысы немесе қаласы көрсетіледі. Егер туған жері басқа ел болса – тек елі көрсетілерді.»;
39-тармақтың бірінші бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

39

«39. Әкімшілік практика субъектісі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жүктелген тікелей құқық бұзушы немесе лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының (ұйғарымның) орындалуы туралы нақтылаушы құжаттарды алғаннан кейін (түбіртек, төлем туралы ұсыныс қағазы, өндірілген жаза туралы сот орындаушысының  хаты) 3 жұмыс күні ішінде электрондық нұсқада белгілейді (егер ведомстволық деректер банкі бар болса) немесе көрсетілген кезеңде пошта байланысы арқылы (егер ведомстволық деректер банкі болмаған жағдайда) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Басқармаға жолдайды.»;

42 42-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

42

«42. Әкімшілік практика субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 70, 75, 701, 702 және  704 баптарының негізінде, сонымен қатар заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы туралы Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазбаны енгізгеннен кейін конкурстық басқарушының және банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату балансының қорытынды есебін бекіту туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымы бойынша әкімшілік жазадан немесе әкімшілік шарадан тұлғаны босату кезінде хабарламаны үш тәулік ішінде осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде немесе пошта байланысымен Басқармаға жолдайды.»;
42-тармақтан кейін келесі мазмұндағы 42-1-тармағымен толықтырылсын:
«42-1 «Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес, әкімшілік жаза тағу туралы қаулыны орындауды қысқарту кезінде сот орындаушысы үш тәулік ішінде хабарламаны электронды түрде немесе пошта арқылы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Басқармаға жолдайды.»;
Нұсқаулыққа қоса берілетін 1, 2, 4, 5 және 8 қосымшалар осы бұйрыққа тиісінше 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жазылсын;
Нұсқаулық осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;

2 2) күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012.09.24 № 113 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2 2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықты орындауды бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4 1-ӘҚ нысанды Әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу карточкасы

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                     А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
1-қосымша
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған деректер
банкіне алу туралы Нұсқаулыққа
1-қосымша
1-ӘҚ нысанды Әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу карточкасы
1._______________________________________________________________­__
құқық бұ­зу­шы­лық­ты анық­та­ған ор­ган­ның ата­луы
1.1._______________________________________________________________
со­ның ішін­де, мем­ле­кет­тік ор­ган ба­ста­ма­сы бой­ын­ша
2._______________________________________________________________­__
құқық бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған орын
3._______________________________________________________________­__
іс­ті, ма­те­ри­ал­ды (хат­та­ма­ны) қа­ра­ған уәкі­лет­ті ор­ган
3.1. Ве­дом­ство­лы­ғы (сот­ты­лы­ғы) бой­ын­ша түс­кен кү­ні «__» _____ 20_ж.
3.2. Сот ор­ган­да­ры­на қа­рау үшін жол­да­ған кү­ні «__» __________ 20_ж.
4. Іс­те­гі ма­те­ри­ал­дың (хат­та­ма­ның) нө­мі­рі________­ба­стал­ған кү­ні «__»_________20_ж.
4.1. Бас тар­ту ма­те­ри­а­лы­ның нө­мі­рі_________________________________
ҚІҚ­БТ кү­ні «__»___________20__ж.
5._______________________________________________________________­__
іс­ті қа­ра­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның аты-жө­ні
6. Тір­кеу кү­ні «__»___20 ж.
6.1. «__»__________20__ж.
№_______________________________________________________________­_­__
тір­кел­ген кү­ні және әкім­ші­лік прак­ти­ка субъ­ек­ті­сі­нің тір­кеу нө­мі­рі
7. ҚСжА­ЕКБ ке­ліп түс­кен кү­ні «__»__________20__ж.
Тү­зе­ту кү­ні «__»_____________ 20__ж.
8. Субъ­ект: же­ке тұл­ға «1», же­ке кә­сіп­кер «2», заң­ды тұл­ға «3», ше­тел заң­ды тұл­ға­сы «4», ше­тел­дік қа­ты­су­да­ғы заң­ды тұл­ға «5», ла­у­а­зым­ды тұл­ға «25», «26» ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға те­ңе­сті­рі­л­ген;
8.1. ор­ган қыз­мет­кер­ле­рі және жұ­мыс­шы­ла­ры: ӘМ ҚАЖК «6», қар­жы по­ли­ци­я­сы «7», іш­кі іс­тер «8», қор­ға­ныс ми­ни­стр­лік­те­рі «9», ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік «10», ке­ден қыз­ме­ті «11», ше­ка­ра қыз­ме­ті «12», про­ку­ра­ту­ра­лар «13», са­лық қыз­ме­ті «14», тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі «15», ҚР іш­кі әс­кер ІІМ «16», Рес­пуб­ли­ка­лық Гвар­дия «17», сот­тар «18», Әкім­дер «19», де­пу­тат­тар «20», Пре­зи­дент­тікке үміт­кер­лер «21»; сот орын­да­у­шы­ла­ры «22», ар­найы қыз­мет­тер «24», сот­тың бас­қа да қыз­мет­ші­ле­рі «55», ҚМ тех­ни­ка­лық қыз­ме­ті «56»; ми­ни­стр­лік­тер қыз­мет­ші­ле­рі: әді­лет «51», қар­жы «27», бі­лім және ғы­лым «28», ауыл ша­ру­а­шы­лық «29», сырт­қы іс­тер «30»,
мұ­най және газ «31», ден­са­улық қор­ғау «32», ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­гия «33», қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау «34», эко­но­ми­ка­лық да­му және са­уда «35», ту­ризм және спорт «36», мә­де­ни­ет «37», ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау «38», кө­лік және ком­му­ни­ка­ция «39», бай­ла­ныс және ақ­па­рат жө­нін­де­гі (45);
агент­тік қыз­мет­ші­ле­рі: ста­ти­сти­ка бой­ын­ша «40», жер ре­сур­ста­ры­мен бас­қа­ру «41», та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­ды рет­теу «42», мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі бой­ын­ша «44», Ұлт­тық кос­мо­стық агент­тік «47»,
Ұлт­тық банк «48», Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің орын­да­луын қа­да­ға­лау бой­ын­ша есеп ко­ми­те­ті «49», әкім­дік­тер қыз­мет­кер­ле­рі және олар­дың құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі «50», өзге де мем­ле­кет­тік құ­ры­лым­дар қыз­мет­ші­ле­рі «23», бә­се­ке­ле­стікті қор­ғау жө­нін­де­гі (ан­ти­мо­но­по­ли­я­лық агент­тік) «52», бас­қа­лар «53», жұ­мыс іс­те­мей­т­ін­дер «54».
9. Құқық бұ­зу­шы­лық дә­ре­же­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ӘҚБ­К___­ба­бы­___б.___т.
9.1. Кінә ны­са­ны: «1» - қа­са­қа­на, «2» - абай­сызда.
9.2. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тың жа­сал­ған (анық­тал­ған) кү­ні «_»_______20__ж.
9.3. Құқық бұ­зу­шы­лық фа­бу­ла­сы­_____________________________________
10. Әкім­ші­лік іс­ті қа­ра­ған күн «__» 20__ж ________________
10.1 Сот ор­ган­да­ры­на түс­кен кү­ні «__»______________20___ж.
11. Жа­за­ның әкім­ші­лік ша­ра­ла­ры (ҚР ӘҚБК 46, 57-бап­та­ры):
11.1. негіз­гі: «01» - ес­кер­ту; «02» - ай­ып; «03» - тұт­қын; «04» - ар­найы құқық­тан ай­ы­ру; «05» - ли­цен­зя­дан ай­ы­ру/тоқ­та­ты­лу; «06» - же­ке кә­сіп­кер және заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­луы/тый­ым са­лы­нуы; «07» - ше­тел­дік­тер­ді неме­се аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ды әкім­ші­лік ке­ті­ру; кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға тәр­би­е­лік ық­пал ету­дің мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ныл­ды (11)
200__­жыл­дың «__»___________­мер­зі­міне дей­ін.
11.2. қо­сым­ша: «04» - ар­найы құқық­тан ары­лу; «05» - ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру/тоқ­та­ту; «06» - же­ке кә­сіп­кер және заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­луы/тый­ым са­лы­нуы; «07» - ше­тел­дік­тер­ді неме­се аза­мат­тығы жоқ тұ­лға­лар­ды әкім­ші­лік ке­ті­ру; «08» - алып қою; «09» - кәм­пес­ке­леу; «10» - мәж­бүр­лік алым
2005 жыл­дың «__»_____________ мер­зі­міне дей­ін.
11.3. Әкім­ші­лік - құқық­тық: «12» - жол жү­ру ере­же­ле­рін бі­лу­ін тек­се­ру; «13» - мед. си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры
11.4. Әкім­ші­лік өн­ді­рі­стің қы­сқар­ты­л­ған кү­ні «___»______20__ж.
11.5 тоқ­та­ту негіз­де­рі: іс-әре­кетi­мен өкiн­ген­дi­гiн бiл­дiруiне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 67 ба­бы бой­ын­ша (01), құқық бұ­зу­шы­лық еле­усiз болған жағ­дай­да ҚР ӘҚБК 68 ба­бы (02), ескi­ру мерзi­мiнiң өтуiне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 69 ба­бы (03), жа­сау ак­тiсi негiзiн­де боса­ту ҚР ӘҚБК 70 ба­бы (04), жағ­дай­дың өзге­руiне, на­у­қа­ста­ну­ға бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 71 ба­бы (05), та­рап­тар­дың бі­тім­гер­ші­лік­ке ке­лу­іне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 71-1 ба­бы (06), кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды боса­ту ҚР ӘҚБК 75 ба­бы бой­ын­ша (07)
11.6 iс жүр­гi­зу бой­ын­ша өн­ді­рі­сті бол­дыр­май­тын мән-жай­лар­дың қы­сқар­ты­луы­на жа­та­ды ҚР ӘҚБК 580 ба­бы: әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық оқи­ға­ла­ры­ның бол­мауы (01); әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық құ­ра­мы­ның бол­мауы, со­ның iшiн­де әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ту үшiн же­ке адам­ның құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған кез­де осы Ко­дек­сте көз­дел­ген жас­қа тол­мауы неме­се құқық­қа қар­сы әре­кет жа­са­ған же­ке адам­ның ақыл-есiнiң дұ­рыс бол­мауы (02); әкiм­шiлiк жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гiлей­тiн заң­ның неме­се оның же­ке­ле­ген ере­же­лерiнiң кү­шi жой­ы­луы (03); ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық Ке­ңесi әкiм­шiлiк жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гiлей­тiн заң­ды неме­се оның кей­бiр ере­же­лерiн ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на сәй­кес кел­мей­дi деп та­нуы сал­да­ры­нан олар­дың кү­шi жой­ы­луы (04); әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ту мерзi­мiнiң өтуi (05); әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ты­ла­тын адам жөнiн­де сол факт бой­ын­ша әкiм­шiлiк жа­за қол­да­ну ту­ра­лы су­дья­ның, ор­ган­ның (ла­у­а­зым­ды адам­ның) қа­улы­сы­ның не әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы iстiң қы­сқар­ты­луы ту­ра­лы кү­шi жой­ыл­ма­ған қа­улы­ның бо­луы, сон­дай-ақ нақ сол факт бой­ын­ша қыл­мыстық iс қоз­ғау ту­ра­лы қа­улы­ның бо­луы (06); iсi жүр­гiзiлiп отыр­ған же­ке адам­ның қай­тыс бо­луы (07); са­лық­тың және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­дің тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету са­ла­сы­на бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­де тех­ни­ка­лық қа­те­лер туын­да­ған жағ­дай­да са­лық тө­ле­у­ші­нің са­лық­тық мін­дет­те­ме­лер­ді са­лық есеп­ті­лі­гі ны­са­нын элек­трон­дық түр­де ұсы­ну бой­ын­ша ҚР заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­да­мауы­на әке­ліп со­ғуы (08); ҚР са­лық заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген өзге де жағ­дай­лар­да (09).
12. Мем­ле­кет­ке кел­ті­рі­л­ген зи­ян со­ма­сы __________________­тең­ге
12.1 Мем­ле­кет пай­да­сы­на өн­ді­ріп алын­ға­ны ________________­тең­ге
13. Са­лын­ған ай­ып мөл­ше­рі _________________ тең­ге
13.1 Өте­лін­ген ай­ып мөл­ше­рі _______________ тең­ге
13.2. ҚР ӘҚБК 708, 709 ба­бы тәр­ті­бін­де мәж­бүр­леп орын­дау үшін қа­улы­ның жол­дан­ған кү­ні «__»___________20__ж.
13.3. ҚР ӘҚБК 708, 709 ба­бы тәр­ті­бін­де мәж­бүр­леу ар­қы­лы жа­за­лау кү­ні «__»_____________20__ж.
13.4. ҚР ӘҚБК 708, 709 ба­бы мәж­бүр­леу тәр­ті­бін­де өтел­ген ай­ып­пұл мөл­ше­рі со­ма­мен_______________­тең­ге
13.5 әкiм­шiлiк қа­мау­ға алу, ар­на­у­лы құқық­тан ай­ы­ру неме­се ай­ып­пұл са­лу мер­зі­мін ұзар­ту «__»____________20__ж, әкім­ші­лік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы қа­улы­ның орын­да­луы
13.6 Ай­ып­пұл са­лу ту­ра­лы қа­улы­ны орын­да­удың мер­зі­мін су­дья, ор­ган (ла­у­а­зым­ды адам) ұзар­тқан «__»__________20__ж. дей­ін.
14. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған тұл­ға­ның аты-жө­ні)
Т _/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
А_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
Ә_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
14.1 «___»__________ 19__ж., ту­ған же­рі __________________________
тұр­ғы­лық­ты же­рі___________________________________________________
_______________________________________________________________­_­__
14.2 Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат:
«1» - пас­порт, «2» - же­ке ку­ә­лік, «3» - тұр­ғы­лық­ты ме­кен­нің тү­рі, «4» - аза­мат­тығы жоқ тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі, «5» - жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі, «6» - әс­ке­ри би­лет №____­бе­рі­л­ген «___» ____________ _____ж.
_______________________________________________________________­_­__
(кім бер­ген)
14.3 ЖСН ____________________ СТН ______________________
14.4 Құқық бұ­зу­шы­ның жы­ны­сы: «1» - ер; «2» - әй­ел
14.5 Құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ды: «1»-ҚР аза­ма­ты; «2»-ТМД аза­ма­ты;
«3»-ше­тел аза­мат­та­ры; «4»-аза­мат­тығы жоқ тұл­ға
15 Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы, оқу ор­ны­_________________________________
16. Жағ­дай­да: ал­ко­голь­дік «1»; есірт­кі­лік «2»; уыт­құ­мар­лық мас күй­ін­де «3».
17. Заң­ды тұл­ға­ның ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­ны ком­мер­ци­я­лық ұй­ым «01» - БП, ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стік - «02», «03» - АҚ, «04» - ӨК, «05» - өзге;
ком­мер­ци­ялқ емес: «08» ме­ке­ме, «09» қо­ғам­дық бір­ле­стік, «10» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме, «11» өзге ны­сан.
18. Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы (же­ке кә­сіп­кер)__________________________
_______________________________________________________________­_­__
заң­ды ме­кен-жай­ы­__________________________________________________
_______________________________________________________________­_­__
_______________________________________________________________­_­__
СТН____________________________________________________________­_­__
БСН____________________________________________________________­_­__
19. Қа­у­лы: на­ра­зы­лық біл­ді­ріл­ді (ҚР­ӘҚтК 672-ба­бы) «__»________ж.
20. Қа­рау нәти­же­сі:
«1» - бас тар­ты­л­ған; «2» - өзгер­ті­л­ген; «3» - өзге­ріс­сіз
20.1 зан­дық кү­шіне ен­бе­ген ай­та қа­рау: ҚР­ӘҚтК  655-ба­бы­на сәй­кес қа­у­лы ша­ғым­дал­ған (01), на­ра­зы­лық кел­ті­рі­л­ген жағ­дай­да (02)
20.2 ша­ғым/на­ра­зы­лық қа­рау нәти­же­сі_______________________________
20.3 ша­ғым/на­ра­зы­лық бой­ын­ша іс­тер­ді қа­рау кү­ні «__»_________20__ж.
20.4 іс­ті қай­та қа­ра­у­шы жо­ға­ры ор­ган ата­уы­________________________
21. Қыз­мет­кер­дің аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы, қо­лы, тол­тыр­ған кү­ні _________________________________________«__»_____________20__­жыл
ІШ­КІ ІС­ТЕР ОР­ГАН­ДА­РЫ ТОЛ­ТЫ­РА­ДЫ
22. ІІО қыз­мет­кер­ле­рі анық­та­ды: по­ли­ци­я­ның учас­ке­лік ин­спек­тор­ла­ры /1/, кәме­лет жас­қа тол­ма­ған­дар іс­те­рі бой­ын­ша ин­спек­то­ры /2/, пат­руль­дік по­ли­ция қыз­мет­ші­ле­рі /3/, ли­цен­зи­я­лық рұқ­сат­та­ма жұ­мысы қыз­мет­ке­рі /4/, та­би­ғат қор­ғау және мал-дә­рі­гер­лік по­ли­ция қыз­мет­кер­ле­рі /5/, кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы қыз­мет­кер­ле­рі /6/, ар­найы ме­ке­ме­лер қыз­мет­кер­ле­рі /7/, мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі /8/, жол по­ли­ци­я­сы қыз­мет­кер­ле­рі /9/, өзге де ІІО қыз­мет­те­рі қыз­мет­кер­ле­рі /10/.
23. Тұл­ға ІІО ал­дын ала есеп­ке алын­ды: 1 - ІІО әкім­ші­лік қа­да­ға­ла­у­ын­да тұр­ған, 2 - қыл­мыстық-мер­зі­мі­нен бұ­рын боса­ты­л­ған тұл­ға 3 - мі­нез-құл­қы­на ерекше та­лап қой­ы­л­ған­дар, 4 - қор­ғау ұй­ға­ры­мы шы­ға­ры­л­ғын­дар­ға, 5 - қо­ғам­нан оқ­ша­у­ла­у­ға бай­ла­ны­сты емес жа­за та­ғай­ын­дал­ған сот­тал­ған, 6 - қор­ғау ұй­ға­ры­мы шы­ға­ры­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға, 7 - қыл­мыстық-мер­зі­мі­нен бұ­рын боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған, 8 - де­ма­лы­стан шек­тел­ген және мі­нез-құл­қы­на ерекше та­лап қой­ы­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған, 9 - қо­ғам­нан оқ­ша­у­ла­у­ға бай­ла­ны­сты емес жа­за та­ғай­ын­дал­ған сот­тал­ған, со­ны­мен қа­тар шар­тты неме­се жа­за­сын  өтеу мер­зі­мі ұзар­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған;
24. Тұл­ға жа­са­ған: бұ­рын сот­тал­ған (01), ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­ры­ның есе­бін­де тұр­ған ал­ко­го­лизм, есірт­кі­лік, так­си­ко­ма­ни­я­мен ауы­ра­ды деп та­ны­л­ған тұ­лға­лар (03); әкім­ші­лік қа­да­ға­ла­у­ға үстірт түс­кен­дер (02); қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық жа­сы­на жет­кен­ге дей­ін қо­ғам­ға қа­уіп­ті әре­кет жа­са­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған (05); мін­дет­ті ор­та бі­лім алу­дан жал­тар­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (06); ден­са­улық сақ­тау ор­ган­да­ры­ның есе­бін­де тұр­ған ал­ко­го­лизм, есірт­кі­лік, так­си­ко­ма­ни­я­мен ауы­ра­ды деп та­ны­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (07); ал­дын ала тер­геу жүр­гі­зу ке­зін­де кү­зет­пен тұт­қын­дал­ма­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (08); ақ­тал­май­тын негіз­дер бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­тен боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (09); жағ­дайы жоқ от­ба­сын­да тұ­ра­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (10); аз және ор­та­ша ауыр­лық­та­ғы қыл­мыста­ры үшін сот­тал­ған және мәж­бүр­леп тәр­би­е­леу ша­ра­ла­рын қол­да­ну ар­қы­лы жа­за­дан боса­ты­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (11); қа­да­ға­лау­сыз неме­се па­на­сыз кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (12); бо­стан­дық­тан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­л­ған  кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (13); бұ­рын сот­тал­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар (14).
25. Кө­лік құ­ра­лы­ның тү­рі «01» - же­ңіл, «02» - жүк, «03» - ав­то­бус, «04» - бас­қа
26.Кө­лік мар­ка­сы: ______________________________
27.Кө­лік­тің мем­ле­кет­тік нө­мі­рі _________________
28.Кө­лік дви­га­те­лі­нің, ку­зо­вы, шас­си­і­нің нө­мір­ле­рі________________
29.Кө­лік­тің мен­шік­ті­лі­гі «01»-же­ке, «02»-мем­ле­кет­тік, «03»-өзге
30. Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі және се­ри­я­сы­______________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
2-қосымша
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы» Нұсқаулыққа 2-қосымша
Заңды күшке енбеген қаулыларды қайта қарау тәртібінде қаралған әкімшілік істерді есепке алу бойынша 2-ӘҚ нысанды карточка (облыстық және оларға теңестірілген соттар үшін) (ӘҚБК 655-бабының 39-тарауы)
1. Ке­ліп тү­сті (сот ата­уы)________________________________________
2. Кү­ні «__»__________20__ж.
3. №___________________________________ бой­ын­ша тү­сті
4. Жо­ға­ры­да тұр­ған сот ата­уы­______________________________________
4.1 Сот­та­ғы іс №__________________________________________________
4.2 Су­дья­ның аты-жө­ні_____________________________________________
5. Құқық бұ­зу­шы­лық бі­лік­ті­лі­гі (ӘҚБК ба­бы)________________________
6. Те­гі___________________________________________________________
6.1.Аты­___________________________________________________________
6.2.Әке­сі­нің аты­__________________________________________________
6.3. Ту­ған кү­ні «__» _________ жыл
6.4. Жұ­мыс ор­ны­___________________________________________________
Ла­у­а­зы­мы­_______________________________________________________­_­__
7. Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы­___________________________________________
8. Іс­тің ке­ліп тү­су негі­зі: на­ра­зы­лық бой­ын­ша (1), ша­ғым бой­ын­ша (2), ша­ғым және на­ра­зы­лық бой­ын­ша бір мез­гіл­де (3)
9. Ке­рі ша­қыр­тыл­ды «__»__________20__ж.
9.1. Ке­рі қай­та­ры­л­ға­ны: на­ра­зы­лық (1), ша­ғым (2), ша­ғым мен на­ра­зы­лық бір мез­гіл­де(3)
10. Қа­ра­у­сыз қай­та­ры­лу кү­ні «__» ____________20 __ж.
11. Іс қа­ра­лу­ға та­ғай­ын­дал­ды «__»____________20__ж.
12. Қа­рау кү­ні «__»______________20_ж.
13. Мем­ле­кет­тік тіл­де қа­рал­ды (1)
14. Қа­рау нәти­же­сі: өзгер­ту­сіз қал­ды­рыл­ды (01), өзгер­тіл­ді (02), өзгер­тіл­ді және қы­сқар­тыл­ды (ӘҚБК 68 және 580, 581 бап­та­ры бой­ын­ша) (03), алып та­стал­ды және жа­ңа қа­у­лы шы­ға­рыл­ды (04), алып та­стал­ды және ве­дом­ство­лы­ғы бой­ын­ша жол­дан­ды (05)
14.1. ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды (1), ша­ғым бө­лім­де қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған (2), ша­ғым қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ма­ған (3)
14.2. на­ра­зы­лық қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған (1), на­ра­зы­лық бө­лім­де қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ған (2), на­ра­зы­лық қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ма­ған (3)
14.3. тоқ­та­ту негіз­де­рі: іс-әре­кетi­мен өкiн­ген­дi­гiн бiл­дiруiне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 67 ба­бы (01), құқық бұ­зу­шы­лық еле­усiз болған жағ­дай­да ҚР ӘҚБК 68 ба­бы (02), ескi­ру мерзi­мiнiң өтуiне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 69 ба­бы (03), ра­қым­шы­лық ак­тiсi негiзiн­де боса­ту ҚР ӘҚБК 70 ба­бы (04), жағ­дай­дың өзге­руiне, на­у­қа­ста­ну­ға бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 71 ба­бы (05), та­рап­тар­дың бі­тім­гер­ші­лік­ке ке­лу­іне бай­ла­ны­сты ҚР ӘҚБК 71-1 ба­бы (06), кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды боса­ту ҚР ӘҚБК 75 ба­бы (07)
14.4 iс жүр­гi­зудi бол­дыр­май­тын мән-жай­лар­дың қы­сқар­ты­луы­на жа­та­ды ҚР ӘҚБК 580 ба­бы: әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық оқи­ға­ла­ры­ның бол­мауы (01); әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық құ­ра­мы­ның бол­мауы, со­ның iшiн­де әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ту үшiн же­ке адам­ның құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған кез­де осы Ко­дек­сте көз­дел­ген жас­қа тол­мауы неме­се құқық­қа қар­сы әре­кет жа­са­ған же­ке адам­ның ақыл-есiнiң дұ­рыс бол­мауы (02); әкiм­шiлiк жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гiлей­тiн заң­ның неме­се оның же­ке­ле­ген ере­же­лерiнiң кү­шi жой­ы­луы (03); ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық Ке­ңесi әкiм­шiлiк жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гiлей­тiн заң­ды неме­се оның кей­бiр ере­же­лерiн ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на сәй­кес кел­мей­дi деп та­нуы сал­да­ры­нан олар­дың кү­шi жой­ы­луы (04); әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ту мерзi­мiнiң өтуi (05); әкiм­шiлiк жа­у­ап­қа тар­ты­ла­тын адам жөнiн­де сол факт бой­ын­ша әкiм­шiлiк жа­за қол­да­ну ту­ра­лы су­дья­ның, ор­ган­ның (ла­у­а­зым­ды адам­ның) қа­улы­сы­ның не әкiм­шiлiк құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы iстiң қы­сқар­ты­луы ту­ра­лы кү­шi жой­ыл­ма­ған қа­улы­ның бо­луы, сон­дай-ақ нақ сол факт бой­ын­ша қыл­мыстық iс қоз­ғау ту­ра­лы қа­улы­ның бо­луы (06); iсi жүр­гiзiлiп отыр­ған же­ке адам­ның қай­тыс бо­луы (07); са­лық­тың және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­дің тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету са­ла­сы­на бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­де тех­ни­ка­лық қа­те­лер туын­да­ған жағ­дай­да са­лық тө­ле­у­ші­нің са­лық­тық мін­дет­те­ме­лер­ді са­лық есеп­ті­лі­гі ны­са­нын элек­трон­дық түр­де ұсы­ну бой­ын­ша ҚР заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­де орын­да­мауы­на әке­ліп со­ғуы (08); ҚР са­лық заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген өзге де жағ­дай­лар­да (09).
15. Іс 1-са­ты­лы сот­қа қай­та­рыл­ды «__»___________ 20_ж.
16. АЕҚ құ­ра­с­тыр­ған қыз­мет­кер­дің аты-жө­ні________________________
қо­лы _________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
3-қосымша
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы» Нұсқаулыққа 4-қосымша
нысан
Әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы жөнінде ХАБАРЛАУ

1 1.________________________________________________________________

хабарлауды жолдаған органның аталуы

2 2.________________________________________________________________

істі қараған уәкілетті орган (лауазымды адам) сотының атауы

3 3.________________________________________________________________

құқық бұзушылықты анықтаған органның аталуы

4 4. Істегі материалдың (хаттаманың) нөмірі

5 5. басталған күні «__»______________20__ж.

6 6. Құқық бұзушылық дәрежесі Қазақстан Республикасы ӘҚБК___бабы____б.___т.

7 7. Тегі___________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты _____________________________________________________
7.1 Туған күні «__»____________19___ж.
7.2 Тұрғылықты мекені_____________________________________________
__________________________________________________________________
(қысқартусыз)

8 8. Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің атауы_________________________

__________________________________________________________________
8.1 СТН (ЖСН, БСН)________________________________________________

9 9. тағылған айып құны______________________________________ теңге.

10 10. өтелінген айып құны____________________________________ теңге.

10.1 төлеген күн «__»______________20__ж.

11 11. Сотқа ҚР ӘҚБК 708, 709 бабы тәртібінде жазаны мәжбүрлеу арқылы орындауға жолданған күні «__»___________20__ж.

12 12. Соттың, уәкілетті органның мәжбүрлеу тәртібінде өндіріп алған күні «__»___________20___ж.

13 13. Мәжбүрлеу арқылы өтелінген айып мөлшері________теңге

14 14. Жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөні, қолы,___________________

15 15. күні «__»__________20__ж.

16 Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату немесе жоғарыда тұрған органның шешімді өзгертуі туралы ХАБАРЛАУ

16. ҚСжАЕАЖК-ға түскен күні «__»__________20__ж.
ҚСжАЕАЖК қызметкердің аты-жөні___________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
4-қосымша
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы» Нұсқаулыққа 5-қосымша
нысан
Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату немесе жоғарыда тұрған органның шешімді өзгертуі туралы ХАБАРЛАУ

1 1. «__»_________20___ж.

2 2. _______________________________________________________________

хабарлауды жолдаған органның атауы

3 3. Тегі___________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________
Әкесінің аты______________________________________________________

3.1 3.1. Туған күні «__»___________19__ж.

3.2 3.2. Тұрғылықты жері______________________________________________

__________________________________________________________________
(қысқартусыз)

4 4. Заңды тұлғаның атауы

4.1 4.1. СТН__________________________________________________________

5 5. құқық бұзушылықты анықтаған орган______________________________

6 6. істің, материалдың /хаттаманың/ нөмірі_______«__»_______20__ж.

(керегін сызып қою) жүргізу күні

7 7. құқық бұзушылық дәрежесі ҚР ӘҚБК____бабы____б_____т

8 8. өтеу түрі______________________________________________________

9 9. әкімшілік жауаптан және әкімшілік жазадан босатылу күні, шешімнің өзгертілу күні

(керегін сызып қою) «__»_____________20__ж.
____________________________ негізінде 20__ж «___» _______________.

10 10. Хабарлауды жолдаған қызметкердің аты-жөні_____________________

11 11. Жауапты лауазымды тұлғаның қолы_______________________________

12 Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату туралы ХАБАРЛАУ

12. Күні «__»________________20__ж.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
5-қосымша
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғаларды
орталықтандырылған банкке алу
туралы» Нұсқаулыққа 8-қосымша
нысан
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату туралы ХАБАРЛАУ

1 1. «__»______20_ж.

2 2. _______________________________________________________________

хабарлауды жолдаған органның атауы

3 3. Тегі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

Аты /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
Әкесінің аты /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

3.1 3.1. Туған күні «__»___________19__ж.

3.2 3.2. Тұрғылықты жері______________________________________________

__________________________________________________________________
(қысқартусыз)

4 4. Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің атауы_________________________

__________________________________________________________________

4.1 4.1. СТН (ЖСН, БСН) /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/

5 5. Құқық бұзушылықты анықтаған орган______________________________

6 6. Істің, материалдың/хаттаманың/нөмірі___Жүргізу күні «_»___20_ж.

7 7. Құқық бұзушылық дәрежесі ҚР ӘҚБК___бабы______б______т

8 8. Атқарушылық іс жүргізудің қысқартылған күні «__»_________20__ж.

8.1 8.1. Негізінде ___________________________________________________

«__»_____________20__ж. Бастап.

9 9. Хабарлауды жолдаған қызметкердің аты-жөні______________________

10 10. Жауапты лауазымды тұлғаның қолы_______________________________

11 11. Күні «__»____________20__ж.

12 12. ҚСжАЕАЖК-ға келіп түскен күні «__»__________20__ж.

13 "Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы" 1-АД нысанды есеп

13. ҚСжАЕАЖК қызметкердің аты-жөні________________________________
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
6-қосымша
"Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы" 1-АД нысанды есеп
А-кестесі. Жинақталған есеп
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
7-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

1 1 бөлім "Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар бойынша"

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
8-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен істерді қарау қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі
1а бөлімі "Кәмелетке толмағандар істерін қарау жөнінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар бойынша"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
9-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

2 2 бөлім "Ішкі істер органдары бойынша"

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
10-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі
2а бөлім "ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті бойынша"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
11-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

4 4 бөлім "Қаржы полициясы органдары бойынша (ЭжСҚКА)"

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
12-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі
5а бөлім "ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау органдары бойынша"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
13-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі
5б бөлім "ҚР ҚМ Салық органдары бойынша"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
14-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

13 13 бөлім "ҚР Индустрия және жаңа технология министрлігінің органдары бойынша"

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
15-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі
16 "ҚР Мұнай және газ министрлігінің органдары бойынша"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 51 бұйрығына
16-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы уәкілетті органдармен қаралған істердің қорытындылары туралы" 1-АД нысанды есебі

23 23 бөлім "ҚР Ұлттық банк органдары бойынша"

Қолданыстағы