Об организации социальных рабочих мест для безработных граждан, относящихся к целевой группе населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест для безработных граждан, относящихся к целевой группе населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 15.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2012 59750_182305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CI000145
- ЭКБ идентификаторы
- 59750
- Редакция идентификаторы
- 59750_182305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:59
0 Халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармағына, 18-1 бабына сәйкес Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мұғалжар ауданының халықтың нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа меншік түріне қарамастан субъектілерде әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2 2. Бекітілген бюджет қаражаты шегінде сәйкесінше ағымдағы қаржы жылына қамтамасыз етілсін. Іс-шараны уақытылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету «Мұғалжар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ (Ғ. Асқаров) жүктелсін.
3 3. Ауданның нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А. Шотов) жүктелсін.
4 4. Жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін.
5
5. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 246 «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылдың 17 мамырында № 3-9-123 болып тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымдағы № 24 аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.