Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 216/7 · қабылданған 07.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59762/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған Қаулы ·№ 216/7 ·07.07.2011
01.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Күшін жойған Қаулы ·№ 216/7 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216/7
Қабылданған күні
07.07.2011
Көрсетілген редакция
01.06.2012 59762_206244.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PF000114
ЭКБ идентификаторы
59762
Редакция идентификаторы
59762_206244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:01

0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға қолдау көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының он пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналасуға және жұмыс таңдауға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Железие ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 маусымдағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 190/6 қаулысы алынып тасталсын.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

Қолданыстағы