О некоторых вопросах акционерного общества "Международный центр приграничного сотрудничества "Хоргос"
Қолданыста
Қаулы
·№ 808
·
16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Международный центр приграничного сотрудничества "Хоргос"
- Атауы (қаз.)
- "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 808
- Қабылданған күні
- 15.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI59783_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000808
- ЭКБ идентификаторы
- 59783
- Редакция идентификаторы
- AI59783_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:58
0 "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 808 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 292-4-жол алып тасталсын.