О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 858
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 858
- Қабылданған күні
- 26.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2014 AI59789_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000858
- ЭКБ идентификаторы
- 59789
- Редакция идентификаторы
- AI59789_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:53
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) "Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 41, 528-құжат):
3 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3 "3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің штат саны 12 бірлік санында бекітілсін.";
2 2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
10 "10. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 310
Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі 12";
3
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов