Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организации в Алгинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организации в Алгинском районе
- Атауы (қаз.)
- Алға ауданында мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 01.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2012 59804_202459.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CC000129
- ЭКБ идентификаторы
- 59804
- Редакция идентификаторы
- 59804_202459
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:04
0 Алға ауданында мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабының 5-2, 5-5, 5-6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алға ауданында мүгедектер үшін, жұмыс орындарының жалпы санынан 3 пайыздық көлемінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрген кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайыздық көлемінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғылықты мекен-жайына қарай мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға ықпал ету қала және селолық округ әкімдеріне жүктелсін.
3 3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А. Нұржанға жүктелсін.
4
4. Алға ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі «Алға ауданының мүгедектері үшін 2010 жылға жұмыс орындарына квота бекіту туралы» № 122 қаулысы (нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-108 болып тіркелген, 18.05.2010 жылғы «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 26 санында жарияланған) күші жойылсын.