Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный научно-технологический холдинг "Парасат"

Қаулы · № 832 · қабылданған 19.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59823/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный научно-технологический холдинг "Парасат" Күшін жойған Қаулы ·№ 832 ·19.07.2011
28.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный научно-технологический холдинг "Парасат"

Күшін жойған Қаулы ·№ 832 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный научно-технологический холдинг "Парасат"
Атауы (қаз.)
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
832
Қабылданған күні
19.07.2011
Көрсетілген редакция
28.01.2013 AI59823_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000832
ЭКБ идентификаторы
59823
Редакция идентификаторы
AI59823_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:57

0 "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғылым» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қоғам) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» мен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) Қоғам акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 19 шілдедегі
№ 832 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-131-жолмен толықтырылсын:
«21-131. «Ғылым» АҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-3-жолмен толықтырылсын:
«222-39-3. Ғылым» АҚ».

3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:
«24. Ғылым».

4 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-2-жолмен толықтырылсын:
«59-2. «Ғылым» акционерлік қоғамы 100 %».

Қолданыстағы