Об организации молодежной практики для безработной молодежи, выпускников учебных заведений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации молодежной практики для безработной молодежи, выпускников учебных заведений
- Атауы (қаз.)
- Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/15
- Қабылданған күні
- 23.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2012 59835_216021.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KI000110
- ЭКБ идентификаторы
- 59835
- Редакция идентификаторы
- 59835_216021
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:08
0 Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 Қаулысына сәйкес және жұмыссыз жастарды, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган):
1
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, орта, жоғары білімнен кейін білім берудің техникалық және кәсіптік кәсіби білім беру бағдарламарын жүзеге асыратын білім ұйымдары түлектерінің қатарынан, жиырма тоғыз жастан үлкен емес жұмыссыз жастардың арасында жастар тәжірибесін өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылсын;
2 2) жастар тәжірибесінің аясында кәсіби оқыту орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуда тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарттар жасалсын;
3
3) жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламаның 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" кіші бағдарламасы және 022 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламаның аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау" бюджеттік бағдарламаның 011 "республикалық бюджеттен трансферттердің есебінен" кіші бағдарламасы бойынша қаражаттардың шегінде жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүргізілсін;
4 4) бюджеттің аясында еңбекақы төлемі қарастырылсын.
2
2. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 28/18 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-96 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетте жарияланған) күші 2-тармақты қоспағанда жойылды деп танылсын.