Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений

Ереже · № 297 · қабылданған 29.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59851/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений Күшін жойған Ереже ·№ 297 ·29.06.2011
21.08.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений

Күшін жойған Ереже ·№ 297 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения собрания (схода) местного сообщества и принятия решений
Атауы (қаз.)
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
297
Қабылданған күні
29.06.2011
Көрсетілген редакция
21.08.2013 59851_207351.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11L0004273
ЭКБ идентификаторы
59851
Редакция идентификаторы
59851_207351
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:06

0 Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың ережесі" бекітілсін.

2 2. "Қызылорда облысында жергілікті қоғамдастықтар жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 163 шешімі жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қызылорда облыстық мәслихатының

2011 жылғы 29 маусымдағы
N 297 шешімімен бекітілген
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау
ЕРЕЖЕСІ
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдерін қабылдаудың тәртібін айқындайтын осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) (бұдан әрі-Жиналыс) әкімшілік-аумақ шегінде тұратын тұрғындардың тікелей пікір білдіруінің бір түрі болып табылады және жергілікті маңыздағы мәселелерді талқылау үшін өткізіледі.

2 2. Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысқа өзі қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

3 3. Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі ретінде тану үшін оның жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.

Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңында немесе халықаралық шартта белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысады.

2 2. Жиналыс өткізудің бастамашылары

4 4. Жиналысын өткізуге:

1 1) жергілікті қоғамдастық мүшелері;

2 2) тиісті мәслихат;

3 3) тиісті әкім бастамашы болуы мүмкін.

3 3. Жиналысты тағайындаудың және өткізудің тәртібі

5 5. Жиналыс ол туралы жазбаша ұсыныс (шешім) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей өткізіледі.

6 6. Жиналыстың өтетін күні мен орны, оның қарауына енгізілетін мәселелер, сондай-ақ, олар бойынша қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

7 7. Жиналысты жүргізу үшін оған қатысушылардың қалауы бойынша төрағадан, хатшыдан және басқа да адамдардан тұратын төралқа сайланады.

Жиналыстың төралқасының құрамын сайлау, күн тәртібін және оны өткізу регламентін бекіту Жиналысты өткізу бастамашысының немесе Жиналысқа қатысушылардың ұсынысы бойынша қатысушылардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады.
Жиналыс төрағасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара қатынаста Жиналыс атынан сөйлейтін өкілетті тұлға болып табылады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық мүшесі Жиналыс өткізу кезінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізуге байланысты мәселелер көтеріп, ұсыныстар енгізе алады.

4 4. Жиналыстың шешімдерін қабылдау тәртібі

9 9. Жиналыстың шешімдері қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.

Хаттамада Жиналыстың өткізілген күні мен орны, оның жұмысына қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны және онда қабылданған шешімдер көрсетіліп, оған Жиналыс төрағасы және хатшысы қол қояды.

10 10. Жиналыстың шешімдері ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.

11 11. Жиналыста қабылданған шешімдер қандай да бір мемлекеттік билік органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бекітуін қажет етпейді және жергілікті өзін-өзі басқару органына жіберілуі мүмкін.

12 12. Жиналыста қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қоғамдастық мүшелері немесе басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары тәртібімен сәйкес оған шағым бере алады.

13 13. Жиналысты дайындауды және өткізуді қаржыландыру жергілікті қоғамдастық қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы