Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза мелкого рогатого скота на территории Жана тилекского сельского округа
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 6
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничения в связи со вспышкой бруцеллеза мелкого рогатого скота на территории Жана тилекского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Жаңа тілек ауылдық округі аймағында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 18.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2011 AI59935_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VRI00128
- ЭКБ идентификаторы
- 59935
- Редакция идентификаторы
- AI59935_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:58
0 Жаңа тілек ауылдық округі аймағында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2011 жылдың 14 маусымдағы № 521 ұсынысы негізінде Жаңа тілек округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жаңа тілек ауылдық округінің аймағында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
2 2. Жаңа тілек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторы Т. Қуанышбековке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Үржар ауданының № 1 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Б.Мадрахимовқа Жаңа тілек ауылдық округінен бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен малдармен қарым-қатынастағы адамдарды медициналық байқаудан өткізу ұсынылсын.
4 4. Жаңа тілек ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Е. Юсупбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
5 5. Жаңа тілек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық дәрігері Қ. Кунчаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жаңа тілек ауылдық округінің
мемлекеттік ветеринариялық
санитариялық инспекторы Т. Қуанышбеков
«18» шілде 2011 ж.
Үржар аудандық № 1 медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры Б. Мадрахимов
«18» шілде 2011 ж.
Жаңа тілек ауылдық округінің
участкелік полиция инспекторы Е. Юсупбаев
«18» шілде 2011 ж.