Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Ереже · № 450 · қабылданған 29.06.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59946/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы" Қолданыста Ереже ·№ 450 ·29.06.2011
21.02.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"

Қолданыста Ереже ·№ 450 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин города Алматы"
Атауы (қаз.)
"Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
450
Қабылданған күні
29.06.2011
Көрсетілген редакция
21.02.2024 59946_686109.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11R0000900
ЭКБ идентификаторы
59946
Редакция идентификаторы
59946_686109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:05

0 "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес ІV-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А. Моргуновқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім оны алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы

«29» маусымдағы ХХХХІV сессиясының № 450 шешімімен бекітілді
«Алматы қаласының Құрметті азаматы»
атағын беру туралы
Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын берудің тәртібін анықтайды.

2

2. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі - Атақ) беру азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бастамаларын қоғамдық мойындауды білдіретін маңызды моральдық ынталандыру болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік дамытуға жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге, өскелең жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған.

3 3. Атақ ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде:

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері мен қаһармандығы, сондай-ақ бейбіт уақыттағы кәсіби міндеттерін немесе азаматтық борышын орындау кезіндегі жеке қаһармандығы үшін;
экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің, өнерінің, білімінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін;
мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияны дамытудағы жариялылық пен әлеуметтік прогрестегі, рухани және интелектуалдық әлеуеттегі табыстары үшін;
заңдылықты, қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз еткені үшін;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы көп жылғы белсенді еңбегі, қайырымдылық қызметі мен ізгі істері үшін;
халықтар арасындағы ұлтаралық қатынастар мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін;
өндіріс, бизнес, спорт салаласындағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі аса жоғары нәтижелері үшін;
қоршаған ортаны қорғауға көп жылғы белсене қатысқаны үшін;
Алматы қаласының елдегі және шетелдердегі келбетін көтеруге қосқан мол қоғамдық танымал үлесі үшін беріледі.

4 4. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі.

Атақ Алматы қаласының аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.
Атақ өмірінің кезінде де, өмірден өткеннен кейін де берілуі мүмкін.

5 5. Атақ жойылмаған немесе алынбаған, сотталғандығы бар адамдарға берілмейді.

2 2. Атақ беру тәртібі

6 6. Атақ беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. Атақ жылына он адамға дейін берілуі мүмкін.

7 7. Атақты Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласы әкімінің ұсынымы бойынша береді.

8

8. Атақты беру туралы ұсыныстарды Алматы қаласының мәслихатына Алматы қаласының әкімі Алматы қаласы мәслихатының сессиясында осы мәселені қарауға дейін бір айдан кем емес және Қала күніне дейін үш айдан кем емес наградалар жөніндегі қалалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімдері негізінде енгізеді.

9 9. Атақты беру туралы еңбек және шығармашылық ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, жеке және заңды тұлғалар, өзге де бастамашылық топтар ұсыныс жасай алады.

Қолдау хатқа тиісті уәкілетті адам немесе бірінші басшы қол қояды, онда атақ берілетін үміткердің нақты сіңірген еңбектері көрсетіледі.
Қолдау хатқа жиналыс, конференция хаттамаларының көшірмелері, үміткердің ерекше сіңірген еңбектері, өмірбаяндық деректемелерін растайтын құжаттамалардың көшірмелері қоса беріледі.
Үміткерлігін өз бетімен ұсынған адамдардан түскен Атақ беру туралы қолдау хат қаралмайды.
Бір үміткерге берілетін қолдау хатты енгізу Алматы қаласы мәслихатының бір сайланған кезеңінде екі реттен аспауы тиіс.

10 10. Қолдау хат Алматы қаласының әкіміне жолданады, Алматы қаласының әкімі өз кезегінде қолдау хатты Комиссияның қарауына жібереді.

11 11. Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

12 12. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының пікірі шешуші болып табылады.

13 13. Комиссияның шешімі ұсыну сипатында болады және барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

14 14. Комиссия қолдау хатты қарау нәтижесі бойынша Алматы қаласының әкіміне мыналарды ұсынады:

Алматы қаласының мәслихатына Атақ беру туралы ұсыным енгізу;
қолдау хатты қанағаттандырмау;
қолдау хатты қосымша құжаттарды немесе мәліметтерді беру үшін қайтару;

15 15. Алматы қаласы мәслихатының Атақ беру туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

16 16. Алматы қаласы мәслихатының Атақ беру туралы шешімі негізінде, осы Ереженің қосымшасына сәйкес құрметті азаматтарға «Алматы қаласының Құрметті азаматы» медалі, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі, Атақ беру туралы диплом және куәлік тапсырылады.

17 17. Атақ беру туралы куәлікке Алматы қаласының әкімі қол қояды.

Атақ беру туралы дипломға Алматы қаласының әкімі және Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.

18 18. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» медалін, «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін, Атақ беру туралы дипломды және куәлікті тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.

19 19. Алматы қаласының Құрмет Кітабына құрметті азаматтардың атын тіркеу хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.

20

20. Атақ беру мәселелері жөніндегі құжаттаманы және оның есебін жүргізуді, Алматы қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен медальдарды және төсбелгілерді, дипломдарды және куәліктерді дайындауды, Алматы қаласының Құрмет Кітабын ресімдеуді және оны күтіп-ұстауды тиісінше Алматы қаласы мәслихатының аппараты жүзеге асырады.

21 21. Алматы қаласының Құрметті азаматының аты, жұртшылықтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте Алматы қаласының көшелеріне берілуі мүмкін.

22 22. Құрметті азамат «Алматы қаласының Құрметті азаматы» куәлігін көрсеткеннен кейін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына және атқарушы органдардың ғимаратына жұмыс уақытында кедергісіз кіруіне құқылы.

23 23. Алматы қаласының Құрметті азаматтары Алматы қаласының құрметті қонақтары болып саналады және Алматы қаласының мәслихаты немесе Алматы қаласының әкімдігі тарапынан мемлекеттік мерекелерге, Қала күніне және басқа маңызды оқиғаларға арналған іс-шараларға шақырылуы мүмкін.

24 24. Алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 10.09.2014 № 257 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң) шешімімен.

3 3. Атақтан айыру негіздемелері

Қолданыстағы