Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения экономической экспертизы проектно-сметной документации объектов, связанных с проведением работ по государственному геологическому изучению и мониторингу недр, консервации, ликвидации нефтегазовых и гидрогеологических скважин

Бұйрық · № 184 · қабылданған 14.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59958/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения экономической экспертизы проектно-сметной документации объектов, связанных с проведением работ по государственному геологическому изучению и мониторингу недр, консервации, ликвидации нефтегазовых и гидрогеологических скважин Күшін жойған Бұйрық ·№ 184 ·14.06.2011
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения экономической экспертизы проектно-сметной документации объектов, связанных с проведением работ по государственному геологическому изучению и мониторингу недр, консервации, ликвидации нефтегазовых и гидрогеологических скважин

Күшін жойған Бұйрық ·№ 184 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения экономической экспертизы проектно-сметной документации объектов, связанных с проведением работ по государственному геологическому изучению и мониторингу недр, консервации, ликвидации нефтегазовых и гидрогеологических скважин
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
14.06.2011
Көрсетілген редакция
29.06.2018 59958_333214.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007069
ЭКБ идентификаторы
59958
Редакция идентификаторы
59958_333214
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:12

0 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Тұрғанбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен бекітілген
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 20-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Заң) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу тәртібін регламенттейді.

2 2. Осы қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1

1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу, тиімді және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты және бақылауды іске асыру бойынша функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2 2) жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) - жоба (геологиялық-әдістемелік және өндірістік-техникалық бөлімдер) мен сметаны қамтитын – құжаттамалар жиынтығы;

3

3) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім шарттарды қоспағанда, бірлескен барлауға, өндіруге, бірлескен барлауға және өндіруге келісімшарттар жасауға және оларды орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4

4) орындаушы - жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен мониторингілеуге, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялауға, жоюға шарт жасасқан, мемлекеттік сатып алу немесе бір көзден мемлекеттік сатып алу талаптары бойынша конкурстың жеңімпазы;

5

5) экономикалық сараптама - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою саласында объектілер бойынша бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен тиімділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылатын жобалау-сметалық құжаттамаларды талдау және бағалау.

3

3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің ЖСҚ экономикалық сараптамасын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган дайындық кезеңі мен жобалау сатысындағы жұмыстарды жүргізу барысында жүргізеді.

2 2. Экономикалық сараптама жүргізу

4 4. Экономикалық сараптама әрбір жекелеген жағдайда материалдардың қиындығы мен көлемін негізге ала отырып, осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген мерзімде, тиісті құжаттар келіп түскен сәттен бастап жүргізіледі.

5 5. Экономикалық сараптаманы жүргізу үшін орындаушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға екі данада ЖСҚ жібереді.

6 6. ЖСҚ-ның экономикалық сараптамасы:

1 1) ЖСҚ-ның Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, салық және бюджет заңнамаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді;

2 2) ЖСҚ-ны нормативтік-техникалық бағалауды (жобаның есеп айырысу бөлімінде қабылданған уақыт мөлшерінің жұмыс түрлері бойынша еңбек шығындары мен бағаларды анықтау кезіндегі қолданыстағы уақыт мөлшеріне сәйкестігі, жұмыс тәжірибесін қолданудың негізділігі);

3 3) сметаның және жобаның өндірістік-техникалық (есеп айыру) бөлімінің жобаның геологиялық-әдістемелік бөліміне және конкурсты жеңіп алу негізінде жасалған конкурстық ұсынысқа немесе бір көзден мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкестігін бағалау.

7

7. Геологиялық міндеттерді шешу үшін қажет жұмыс түрлері мен көлемдерін айқындау негізінде тау кен-геологиялық жағдайды нақтылау кезінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларын өзгерту және жұмыстардың сметалық құнын нақтылау кезінде жұмыстарды жүргізу барысында жасалған ЖСҚ-ға толықтырулар мен өзгерістер қайтадан экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.

8 8. Жобаны толықтыру (өзгерту) бойынша жұмыстардың сметалық құнының жиынтық есебін орындаушы 2-қосымшаға сәйкес жүргізеді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға екі данада экономикалық сараптамаға ұсынады.

Қосымша сараптамалық қорытынды жұмыстардың жалпы құны немесе жұмыстардың жекелеген бірліктерінің құны өзгерген жағдайда беріледі.

3 3. Экономикалық сараптаманың қорытындысы

9 9. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган экономикалық сараптаманың қорытындысын береді.

Экономикалық сараптаманың қорытындысы екі данада жасалады, оның бір данасы орындаушыға жіберіледі, екінші данасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда сақталады.

10 10. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган берген экономикалық сараптаманың қорытындысы бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, орындаушы құзыретті органға негізді наразылық білдіреді.

Құзыретті орган орындаушының наразылығының негізділігін қарау үшін он күндік мерзімде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен келісім комиссиясын құрады.
Келісім комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
Орындаушының наразылығы негізді деп танылған жағдайда ЖСҚ қайтадан экономикалық сараптамаға жіберіледі.
Пысықталған ЖСҚ қайтадан қараған және (немесе) экономикалық сараптамаға ұсынған кезде, оны қарау осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

1 Экономикалық сараптамаға және сараптамалық қорытынды дайындауға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттамаларды қарау мерзімдері

Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеу және
мониторингілеу, мұнай-газ
және гидрогеологиялық
ұңғымаларды консервациялау,
жою жұмыстарын жүргізумен
байланысты объектілердің
жобалық-сметалық құжаттамаларына
экономикалық сараптама жүргізу
қағидасына 1-қосымша
Экономикалық сараптамаға және сараптамалық қорытынды дайындауға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттамаларды қарау мерзімдері
р/с
№№
Жұ­мыс түр­ле­рі­нің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
ЖСҚ қа­рау мер­зі­мі жұ­мыс күн­де­рін­де
1
2
3
4
1
Гео­хи­ми­я­лық бұр­ғы­лау жұ­мыста­рын­сыз, алаң­дар­ды же­те зерт­тей оты­рып гео­ло­ги­я­лық тү­сі­ру
ЖСҚ
10
2
Гео­хи­ми­я­лық бұр­ғы­лау жұ­мыста­ры­мен, алаң­дар­ды же­те зерт­тей оты­рып гео­ло­ги­я­лық тү­сі­ру
ЖСҚ
13
3
Өңір­лік гео­ло­ги­я­лық тү­сі­ру жұ­мыста­ры, тү­сі­ру ке­зін­де­гі жал­пы із­де­сті­ру­лер, те­рең­нен гео­ло­ги­я­лық кар­та­ға тү­сі­ру, гео­ло­ги­я­лық-ми­не­ра­ген­дік кар­та­ға тү­сі­ру және бас­қа­ла­ры
ЖСҚ
14
4
Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жағ­дай­ы­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
ЖСҚ
6
5
Жер қой­на­уын гео­ло­ги­я­лық зерт­теу бой­ын­ша із­деу-ба­ға­лау жұ­мыста­ры
ЖСҚ
18
6
Із­деу-бар­лау жұ­мыста­ры
ЖСҚ
12
7
Гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар (сей­сми­ка­лық бар­ла­удан бас­қа)
ЖСҚ
10
8
Сей­сми­ка­лық бар­лау жұ­мыста­ры
ЖСҚ
13
9
Гид­ро­гео­ло­ги­я­лық және ин­же­нер­лік-гео­ло­ги­я­лық жұ­мыстар
ЖСҚ
14
10
Же­ра­с­ты су­ла­ры және қа­уіп­ті гео­ло­ги­я­лық про­це­стер мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу жұ­мыста­ры
ЖСҚ
11
11
Мұ­най-газ және гид­ро­гео­ло­ги­я­лық ұң­ғы­ма­лар­ды кон­сер­ва­ци­я­лау, жою жұ­мыста­ры
ЖСҚ
11
12
Мұ­най мен га­з­ды те­рең бұр­ғы­лау
ЖСҚ
12
13
Да­ла жұ­мыста­рын­сыз та­қы­рып­тық, ғы­лы­ми-зерт­теу, тә­жі­ри­бе­лік-әді­сте­ме­лік, кон­струк­тор­лық жұ­мыстар
ЖСҚ
9
14
Бұл да, да­ла жұ­мыста­ры­мен бір­ге
ЖСҚ
11
15
Те­рең бұр­ғы­лау
ЖСҚ
16
16
Құ­ры­лым­дық бұр­ғы­лау
ЖСҚ
10
17
Жұ­мыстар­дың бар­лық түр­ле­ріне же­ке да­ра ба­ға бел­гі­леу ка­та­ло­гы
Ка­та­лог
11
18
Уа­қыт­ша жо­ба­лау-сме­та­лық нор­ма­лар
Нор­ма
7
19
Гео­эко­ло­ги­я­лық жұ­мыстар
ЖСҚ
11
20
СМ2Д ны­са­ны бой­ын­ша сме­та­ны қай­та есеп­теу
Сме­та
5

2 ЖОБАНЫ ТОЛЫҚТЫРУ (ӨЗГЕРТУ) БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ

Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеу және
мониторингілеу, мұнай-газ
және гидрогеологиялық
ұңғымаларды консервациялау,
жою жұмыстарын жүргізумен
байланысты объектілердің
жобалық-сметалық құжаттамаларына
экономикалық сараптама жүргізу
қағидасына 2-қосымша
ЖОБАНЫ ТОЛЫҚТЫРУ (ӨЗГЕРТУ) БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ
СМ2Д – НЫСАНЫ
р/с №
Жұ­мыстар­дың ата­уы
Өлш. бірл.
Жо­ба бой­ын­ша то­лық сме­та­лық құ­ны
Бір жы­л­ғы (күн­гі) жағ­дай бой­ын­ша банк орын­да­ған және тө­ле­ген
Жы­л­ға (күн­ге) өте­тін ауы­спа­лы қал­дық
жұ­мыс кө­ле­мі
жұ­мыс бір­лі­гін ің құ­ны
то­лық сме­та­лық
кө­ле­мі
со­ма­сы
кө­ле­мі
со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кесстенің жалғасы
Жо­ба­ға өзге­ріс пен то­лық­ты­ру­да көз­дел­ген азай­ту – кө­бей­ту +
Кей­ін орын­да­лу­ға ти­іс (СМ-2Д жа­сал­ған кү­ні)
То­лық­ты­ру­лар мен өзге­рі­стер­ді ес­ке­ре оты­рып жо­ба бой­ын­ша то­лық сме­та­лық құ­ны
кө­ле­мі
со­ма­сы
кө­ле­мі
жұ­мыс бір­лі­гі нің құ­ны
со­ма­сы
кө­ле­мі
со­ма­сы
11
12
13
14
15
16
17
Құрастырды:
Ұйымның басшысы                (қолы)                Т.А.Ә.
Бас бухгалтер                  (қолы)                Т.А.Ә.
Орындаушы                      (қолы)                Т.А.Ә.
Тексерді:
Басқарма басшысы               (қолы)                 Т.А.Ә.
Бас сарапшы                    (қолы)                 Т.А.Ә.
Сарапшы                        (қолы)                 Т.А.Ә.

Қолданыстағы